в актогае 29
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
Мобильная версия

Ақтоғай ауданының елді мекен орталықтарында кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында, 29.05.2018

Ағымдағы жыл басынан «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы, «Жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру туралы аудандық комиссияға» жеке және заңды тұлғалардан 156 өтініш ұсынылды. Заңды тұлғалардан -23, шаруа қожалық жетекшілерінен -7, жеке тұлғалардан -127 өтініш. Нәтижесінде комиссия мүшелерінің қолдауымен 151 өтініштер мақұлданып, құжаттарын құзыретті органдарда рәсімдеуге ұсынылды, 5 өтініш иелерінің жер телімдерінің пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарға «Қазақстан Республикасының Жер кодексінің» 94 бабына сәйкес тиісті шешім қабылдауға құжаттар ұсынылды.

Ақтоғай ауданының елді мекен орталықтарында кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында, кәсіпкерлерге коммерциялық нысандар құрылысы үшін анықталған жер телімдерінің тізімі мен көлемі.

Жалпы аудан бойынша – 66 жер телімі, 11,5 гектар.

1. Ақтоғай ауылы – 12 жер телімі, 1,8 гектар.

2. Жидебай ауылдық округі, Сәуле ауылы – 4 жер телімі, 1,0 гектар.

3. Қараменде би ауылдық округі, Ақтас ауылы – 4 жер телімі,1,0 гектар.

4. Қызыларай ауылдық округі, Ақжарық ауылы – 5 жер телімі, 1,0 гектар.

5. Сарытерек ауылдық округі, Сарытерек ауылы – 6 жер телімі, 1,2 гектар.

6. Қарабұлақ ауылдық округі, Нарманбет ауылы – 3 жер телімі, 1,5 гектар.

7. Тораңғалық ауылдық округі, Тораңғалық ауылы – 15 жер телімі, 2,25 гектар.

8. Шашубай кенті – 5 жер телімі, 0,75 гектар.

9. Сарышыған кенті – 12 жер телімі, 1,0 гектар.

Аудан әкімдігі жанындағы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу мақсатындағы жерді жалға беру конкурстарын өткізу үшін құрылған комиссияның ұйымдастыруымен 2017 ж. 1 конкурс (12 участок, 16 738 гектар) өткізіліп, жеңімпаздарға жалға берілді.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района