в актогае 15
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Мобильная версия

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру бойынша мемлекет

 

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізімі

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан анықтама алу үшін

v нысан бойынша өтініш;

v көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

v  мұраны қалдырушының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі;

v заң бойынша мұрагерлікке құқығы туралы куәліктің көшірмесі (нотариустан);

v  бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

v  2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

v  туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

Ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүліктеріне иелік ету үшін анықтамаларды алу үшін:

v нысан бойынша өтініш;

v көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

v  бала (балалар) оқитын білім ұйымының әкімшілігімен расталған көлік құралын иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға көлік құралының меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімі (бала 10 жасқа толған жағдайда);

v  келмеген жұбайының (зайыбының) атынан мәміле жасауға нотариус куәландырған сенімхат не қайтыс болуы туралы куәлік;

v  көлік құралын тіркеу туралы куәлік (көлік құралын тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда ішкі істер органдары беретін растау-анықтамасы);

v бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

v  2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

v   бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

Банктерге кәмелетке толмағандардың мүліктеріне иелік етуге анықтамаларды беру үшін:

v нысан бойынша өтініш;

v  көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

v  бала (балалар) оқитын білім ұйымының әкімшілігімен расталған банк мүлікін иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға мүлікті меншік иесі болып табылатын баланың (балалардың) келісімі (бала 10 жасқа толған жағдайда);

v  келмеген жұбайының (зайыбының) атынан мәміле жасауға нотариуспен куәландырылған сенімхат не қайтыс болуы туралы куәлік;

v  банк салымының бар екенін растайтын құжат;

v  2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;

v  бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

v  бекітілген нысан бойынша туу туралы анықтама (2008 жылға дейін бала некесіз туылған жағдайда).

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру:

1). Мемлекеттік корпорацияға

сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Демалыс күндері: жексенбі, мереке күндері.

2). «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы: www.egov.kz

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района