в актогае 5
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
Мобильная версия

Қарағанды облысы әкiмдiгiнің 2015 жылғы «17» __09___ № 54/02 қаулысымен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жа

 

Қарағанды облысы әкiмдiгiнің

2015 жылғы «17» __09___

№ 54/02 қаулысымен

бекітілген

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының қала, аудандарының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші).

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: көрсетілетін қызметті берушіде:

жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен туу туралы қайталама куәлік.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық);

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедураның (әрекет) басталуы үшін негіздеме «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11374 тіркелген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» (бұдан әрі – стандарт) Стандартының 9 тармағында қарастырылған қажетті құжаттар және өтініш негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті және құжаттар пакетін қабылдайды, тапсырылған құжаттардың Стандартының 9 тармағына сәйкестігін, көшірмелерді салыстырып тексереді, қызмет алушыға құжаттар пакетін күнін және уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойып, 20 (жиырма) минут ішінде құжат береді;

нәтиже – қызмет алушыға құжаттар пакетін күнін және уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгі;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде өтінішті қызмет көрсетушінің басшысына қарауға береді;

нәтиже – қызмет берушінің қарауына өтінішті және құжаттар пакетін тапсырады;

3) қызмет көрсетушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде жауапты орындаушыны белгілейді, орындау үшін қол қояды;

нәтиже - көрсетілетін қызметті көрсетушінің басшысының бұрыштамасы және жауапты орындаушыға береді;

4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасының қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, куәлікті дайындайды; егер баланың тууын  оның туған күнінен екі ай өткеннен кейін тіркеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күнтізбек күнге дейін ұзартылады күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

туу туралы азаматтық хал акті жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

нәтиже – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қол қою үшін көрсетілетін қызметті көрсетушінің басшысына жіберу;

5) қызметті көрсетушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде шешім қабылдайды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасына қол қояды;

нәтиже – берілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі;

6) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға дайын мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді немесе реестрге сәйкес көрсетілетін қызметті беруші кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Орталыққа жолдайды – 20 (жиырма) минут;

нәтиже – жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулермен тууы туралы куәлікті қайтадан беру болып табылады.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1) қызмет көрсетушінің басшысы;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы;

3) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып,құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы:

1) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті және құжаттар пакетін қабылдайды, тапсырылған құжаттардың Стандартының 9 тармағына сәйкестігін, көшірмелерді салыстырып тексереді, қызмет алушыға құжаттар пакетін күнін және уақытын көрсете отырып тіркеу туралы белгі қойып - 20 (жиырма) минут ішінде құжат береді;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде өтінішті және қызмет көрсетушінің басшысына қарауға береді;

3) қызмет көрсетушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде жауапты орындаушыны белгілейді, орындау үшін қол қояды;

4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасының қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, куәлікті дайындайды; егер баланың тууын оның туған күнінен екі ай өткеннен кейін тіркеген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күнтізбек күнге дейін ұзартылады күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

туу туралы азаматтық хал акті жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

5) қызмет көрсетушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде шешім қабылдайды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасына қол қояды;

6) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы қолхат негізінде көрсетілетін қызметті алушыға дайын мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді немесе реестрге сәйкес көрсетілетін қызметті беруші кейіннен көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Орталыққа жолдайды – 20 (жиырма) минут.

 

 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

8. Орталығына жүгінудің тәртібін сипаттау,көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:

Орталыққа жүгіну кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсетуге, Орталық қызметкерінің қызмет алушыдан Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау негіз болып табылады.

1) Орталық қызметкері:

көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының толық болуын және өтінішті толтырудың дұрыстығын тексереді;

ұсынылған құжаттар топтамасы толық және өтінішті толтыру дұрыс болған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті «Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы шоғырландырылған ақпараттық жүйе» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚКО ИАЖ) тіркейді;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіреді, көрсетілетін қызметті алушы жайында тиісті ақпаратты және берілген құжаттардың тізімін ХҚО ИАЖ енгізеді;

егер де Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Орталық қызметкері ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпиялардан тұратын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;

тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілетін қызметті алушыға береді;

қызметті алушымен құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда Стандарттың 3 қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (он бес минуттан аспайды);

2) Орталық қызметкері құжаттарды дайындайды және оларды көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік немесе осыған уәкілетті өзге де байланыс арқылы жібереді (бір жұмыс күнінен аспайды);

тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілетін мерзімде Орталыққта дайын құжаттарды беру;

3) Орталық қызметкері қолхатқа сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға не оның уәкілетті өкіліне (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) «электрондық» кезек талонын береді (кемінде он бес минут);

4) Орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға оның уәкілетті өкіліне (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті алушыға дайын мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді (кемінде он бес минут).

9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің дәйектілігі мен өтініш тәртібін сипаттау:

1 үдеріс - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Порталға көрсетілетін қызметті алушымен парольды және ЖСК енгізу процесі (авторизациялау процесі);

1 шарт - жеке сәйкестендіру нөмірі мен паролін арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы жөнінде деректердің түпнұсқалығын Порталда тексеру (ЖСК/БСН);

2 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны Порталға қалыптастыру;

3 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушымен таңдау, құрылымы мен форматты талаптарын есепке ала отырып, көрсетілетін қызметті алушымен нысанды (деректерді енгізу) толтыру және қызмет көрсету үшін сауал нысанды экранға шығару;

4 үдеріс - мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, сканерленген құжатқа) ЭЦҚ арқылы қол қоюы;

2 шарт - сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген жеке сәйкестендіру ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін, ЭЦҚ қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;

5 үдеріс - оператордың ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

6 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған құжатын (қызметті алушының сұрауын) ЭҮӨШ арқылы жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ортасында жіберу және қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысының электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті өңдеуі;

7 үдеріс - қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қалыптастырады және қызметті алушының порталына жібереді.

Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық іс-қимылдың диаграммасы, осы регламенттің 1 қосымшасында келтірілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау, сондай-ақ  халыққа қызмет көрсету орталықтарымен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамасында көрсетілген.

 

  

 

 

 

 

 

 


«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет регламентіне

1 қосымша

 

 

Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық іс-қимылдың диаграммасы

 

 

Подпись: «Электрондық үкімет» порталы

 

                   
    Подпись: сұрау   Подпись: Бас тарту тарту   Подпись: Бас тартуказ
         
 
 
 

Қызметті алушы

 

 

 

 

 

 


Белгілеу шарты:

 

 

Бастапқы хабарлама

 

Аяқтаушы хабарлама

 

Ақпараттық орта

 

 

 

Үдеріс

 

Шарт

 

Басқару ағыны

 

Хабарлама ағыны

 

Соңы пайдаланушыға берілетін, электрондық құжат

 

 

 

 

 

 

 

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет регламентіне

2 қосымша

 

 

«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамасы

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района