в актогае 20
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Мобильная версия

Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту (19.07.2018)

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамды қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті мәні бар мәселелерді сапалы шешуде халықтың рөлін, оның қатысуын арттыруды,  әрбір елді мекендегі халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды,  өңірде және тұтас алғанда мемлекетте саяси тұрақтылықты арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту мақсатында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық саны 2 мыңнан жоғары  Ақтоғай ауылы, Шашубай, Сарышаған кенттері бюджеттің 4-ші деңгейіне көшіп, бүгінгі таңда жұмыс  жүргізуде.

Ақтоғай ауылы  бюджетішығыстарының (201623,0 мың теңге)              10,7 %-ын таза түсімдері (21544,0 мың теңге),89,3%-ын  аудан бюджетінен трансферттер (180079,0 мың теңге) құраса;

Шашубай кент әкімдігі бюджеті шығыстарының (42645,0 мың теңге)      20,5%-ын таза түсімдері (8751,0 мың теңге), 79,5%-ын аудан бюджетінен трансферттер (33894,0 мың теңге) құраса;

Сарышаған кент әкімдігі бюджеті шығыстарының (116032,0 мың теңге) 24,3 %-ытаза түсімдерінен (28164,0 мың теңге), 75,7%-ы   аудан бюджетінен трансферттерден (87868,0 мың теңге) құралған.

Ақтоғай ауылы  бюджетінің ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығына  қаралған  шығыстар жоспары  100 %-ға,кірістер жоспары 100,7%-ға;

Шашубай кент әкімдігібюджетінің шығыстар жоспары  100%-ға, кірістер жоспары  166,3%-ға;

Сарышаған кент әкімдігібюджетінің шығыстар жоспары  98,4%-ға, кірістер жоспары  202,9%-ға орындалған.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 52-бабының1 тармақшасына сәйкесауыл, кент  бюджеттеріне  7 салықтық түсімдер түседі, атап айтқанда:

      1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын кірістері бойынша жеке табыс салығы (101202);

      2) мүлкі   ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (104102);

      3) жер учаскесі   ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы (104302,104309);

      4)   ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы (104401,104402);

      5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:   ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде; аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде(105425);

      -аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде; аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру үшін төлемақы(105430).

      2. Төрт салықтық емес түсімдер, олар:

      1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

      2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

     3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

      -аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

      -аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

      -аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

      -аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;

      4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

     3. Ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер болып табылады.

      4. Сонымен қатар, аудандық бюджеттен берілетін трансферттерауыл, кентбюджеттеріне түсетін трансферттер түсімдері болып табылады.

Халық саны 2 мың  адамға жетпейтін 14  ауылдық округтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынатрансферт беруге 2018 жылға 36193,0 мың теңге жоспарланды.  Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты 2017 жыл үшін есептелетін  жеке тұлғалардың мүлік (1326,0) және жер салығы (972,0) ағымдағы жылы түседі және жоспарға қоса есептелді.

Есепті кезеңде келіп түскен тізімдерге сәйкес Тасарал ауылдық округіне 620,9 мың теңге,   Шабанбай би ауылдық округіне  174,6  теңге трансферт аударылды.Қалған ауылдық округтерден трансферт аударуға тізімдер  түспеуде.

2018 жылдың  1 шілдесіне 14 ауылдық округ бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қалдық 17774,9 мың теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында  ауылдық округтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан 2238,6 мың теңге жұмсалған, оның ішінде :

 - елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға –1880,0 мың теңге (Тасарал, Қызыларай, Кежек, Айыртас, Сарытерек, Нүркен, Торанғалық, Абай, Жидебай ауылдық округтер) немесе жалпы шығынның  83,9%;

- елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға -116,7 мың теңге (Қараменде би ауылдық округі) немесе жалпы шығынның  5,2%;

- су тасқынынан кейін қалпына келтіруге – 241,9 мың теңге (Қараменде би, Жидебай ауылдық округтері) жұмсалған  немесе жалпы шығынның  10,8%  құраған.

Ауылдық округтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан   қаржыжұмсауҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  39-3-бабы  5 тармағына сәйкес, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиынында қаралып, келісілгеннен  кейін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заң талаптары сақтала отырып  жүргізілген.

 

 

Ақтоғай ауданының экономика  және қаржы бөлімінің бас маманы                               К.Абжанова

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района