в актогае 27
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
Мобильная версия

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарының 2018 жылғы есебі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 35 бабының 3, 4-1 тармағына, Қазақстан Республикасы   Қаржы министрінің   2015 жылғы 19 наурыздағы  № 195 бұйрығымен бекітілген  «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларына» және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 35-бабының 6 тармақшасына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін  жеке кіріс көздерін қалыптастыруға салықтардың 6 түрі бойынша (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы (101202),  мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (104102), жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы (104302,104309),- аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте тіркелген жеке және заңды  тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салық (104401,104402)) түсімдер түседі.

2018 жылы 14  ауылдық округтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына  жоспарланған трансферт 36193,0 мың теңге, бюджетті нақтылау барысында 13757,0 мың теңгеге нақтыланды, нақтыланған жоспар  100 %-ке орындалды.

Аудан бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 19218,0 мың теңге болса, жыл ішінде берілген трансферт көлемі 13757,0 мың теңге,  жұмсалғаны  7457,1 мың теңге.

2019 жылдың  1 қаңтарына  құралған қалдық 25517,9 мың теңге.

2018 жыл ішінде ауылдық округтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан жұмсалған қаржы:

- елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға -544,4 мың теңге (Қарабұлақ -70,0; Қараменде би -316,7;  Жидебай -157,7) немесе жалпы шығынның  7,3%;

- елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға6400,7 мың теңге (Тасарал-1939,3; Қарабұлақ -267,3; Шабанбай -200,0; Қызыларай 297,6; Кежек-410,0;  Айыртас-210,0; Сарытерек-210,0;  Қараменде би -560,8; Ортадересін-35,0; Қусақ -325,2,0;Нуркен-870,0; Торангалық-422,8;  Жидебай -442,7; Абай-210,0) немесе жалпы шығынның  85,8%;

 - елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге340,0 мың теңге (Қараменде би -340,0) немесе жалпы шығынның  4,5%;

- су тасқынынан кейін қалпына келтіруге241,9,0 мың теңге (Қараменде би -172,0; Жидебай -69,9) немесе жалпы шығынның  3,2%  құрады.

 2018 жылғы ауылдық округтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан жұмсалған қаржыны таратар болсақ: 

1.Тасарал ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 1592,9 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 3011,7 мың теңге. Жыл ішінде қосымша басқа да көздерден түсімдер түсірілмеген,   жұмсалған қаржы көлемі 1939,3 мың теңге елді мекенді абаттандыруға бағытталған, оның ішінде:

- жеміс ағаштарын жеткізіп, отырғызуға   210,0 мың теңге;

- ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне палаткалар  дайындауға 212,8 мың теңге;

- жарнама құрылғыларын орнатуға  12,5 мың теңге;

- әкімдік ғимаратына қоршау орнатуға 1504,0 бағытталған.

 2019 жылдың 1 қаңтарына  2665,3 мың теңге қалдық қалған.

2.Жидебай ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 1300,2 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 966,8 мың теңге. Жыл ішінде қосымша басқа да көздерден түсімдер түсірілмеген,   жұмсалған қаржы көлемі 600,4 мың теңге, оның ішінде:

- жеміс ағаштарын жеткізіп, отырғызуға   110,0 мың теңге;

- ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне палаткалар  дайындауға 187,8 мың теңге;

- су тасқыны зардаптарын қалпына келтіруге 69,9 мың теңге;

- өрт сөндіру құрылғыларына    75,0 мың теңге;

- көше жарықтарының құрылғыларына 157,7 мың теңге бағытталған.

2019 жылдың 1 қаңтарына  1666,6 мың теңге қалдық қалған.

3.Нүркен ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына  1918,4 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 2445,5 мың теңге. Жыл ішінде қосымша басқа да көздерден түсімдер түсірілмеген,   жұмсалған қаржы көлемі 870,0 мың теңге, оның ішінде:

- жеміс ағаштарын жеткізіп, отырғызуға және қоршауға   645,0 мың теңге;

- ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне палаткалар  дайындауға 100,0 мың теңге;

- өрт сөндіру құрылғыларына    125,0 мың теңге жұмсалған.

 2019 жылдың 1 қаңтарына 3493,9 мың теңге қалдық қалған.

4.Қараменде би ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 769,7 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 1445,7 мың теңге. Жыл ішінде қосымша басқа да көздерден түсімдер түсірілмеген,   жұмсалған қаржы көлемі 1389,5 мың теңге, оның ішінде:

- су тасқыны салдарынан бұзылған жолдарды жөндеуге 172,0 мың теңге;

- көше жарықтарының құрылғыларына 316,2 мың теңге

- елді мекендердің тазалығын қамтамасыз етуге 340,0 мың теңге;

- ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне палаткалар  дайындауға 212,8 мың теңге;

- жарнама құрылғыларын орнатуға  228,0 мың теңге;

- өрт сөндіру құрылғыларына    125,0 мың теңге жұмсалған.

2019 жылдың 1 қаңтарына 852,9 мың теңге қалдық қалған.

5.Кежек ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 509,9 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 269,8 мың теңге. Жыл ішінде қосымша басқа да көздерден түсімдер түсірілмеген,   жұмсалған қаржы көлемі 410,0 мың теңге,  оның ішінде: 

- жеміс ағаштарын жеткізіп, отырғызуға 210,0 мың теңге;

- ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне палаткалар  дайындауға 200,0 мың теңге бағытталған.

2019 жылдың 1 қаңтарына 369,7 мың теңге қалдық қалған.

6.Қарабұлақ ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 2100,3 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 2026,1 мың теңге. Жыл ішінде қосымша басқа да көздерден түсімдер түсірілмеген,   жұмсалған қаржы көлемі 337,3 мың теңге,  оның ішінде:

 - ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне палаткалар  дайындауға 87,6 мың теңге;

-  өрт сөндіру құрылғыларына    179,7 мың теңге;

- көше жарықтарының құрылғыларына 70,0 мың теңге жұмсалған.

2019 жылдың 1 қаңтарына қалған қалдық 3789,1 мың теңге.

7.Шабанбай би ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 260,8 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 39,4 мың теңге. Жыл ішінде қосымша басқа да көздерден түсімдер түсірілмеген,   жұмсалған қаржы көлемі 200,0 мың теңге, оның ішінде:

  -  өрт сөндіру құрылғыларына    100,0 мың теңге;

  - жанар-жағар май алуға 100,0 мың теңге бағытталған.

2019 жылдың 1 қаңтарына 100,2 мың теңге қалдық қалған.

8.Қызыларай ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 1198,2 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 353,5 мың теңге. Жұмсалған қаржы көлемі 297,6 мың теңге, оның ішінде: 

- жеміс ағаштарын жеткізіп, отырғызуға 210,0 мың теңге;

- ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне палаткалар  дайындауға 87,6 мың теңге бағытталған. 2018 жылдың 1 қаңтарына 1254,1 мың теңге қалдық қалған.

9.Ортадересін ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 108,8 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 1980,3 мың теңге. Жыл ішінде қосымша басқа да көздерден түсімдер түсірілмеген, 35,0 мың теңге  абаттандыруға бағытталған. 2019 жылдың 1 қаңтарына 2054,1 мың теңге қалдық қалған.

10.Торанғалық ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 1135,5 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 1518,3 мың теңге. Жыл ішінде қосымша басқа да көздерден түсімдер түсірілмеген,  жұмсалған қаржы көлемі 422,8 мың теңге, оның ішінде:

- жеміс ағаштарын жеткізіп, отырғызуға 210,0 мың теңге;

- ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне палаткалар  дайындауға 212,8 мың теңге бағытталған.2019 жылдың 1 қаңтарына 2231,0 мың теңге қалдық қалған.

11.Айыртас ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 215,6 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 217,9 мың теңге. Жұмсалған қаржы көлемі 210,0 мың теңге; оның ішінде:

- жеміс ағаштарын жеткізіп, отырғызуға 210,0 мың теңге бағытталған.

2019 жылдың 1 қаңтарына 223,5 мың теңге қалдық қалған.

12.Сарытерек ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 1000,0 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 2636,1 мың теңге. Жыл ішінде қосымша басқа да көздерден түсімдер түсірілмеген,   жұмсалған қаржы көлемі 210,0 мың теңге жеміс ағаштарын жеткізіп, отырғызуға бағытталған.

 2019 жылдың 1 қаңтарына 3426,2 мың теңге көлемінде қалдық қалған.

13.Қусақ ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 1052,8 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 1778,3 мың теңге. Жыл ішінде қосымша басқа да көздерден түсімдер түсірілмеген,   325,2 мың теңге елді мекенді абаттандыруға  жұмсалған. 2019 жылдың 1 қаңтарына 2505,9 мың теңге қалдық қалған.

 14.Абай ауылдық округі бойынша тапсырылған құжаттар негізінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына 566,8 мың теңге трансферт аударылды. 2018 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 528,6 мың теңге. Жыл ішінде қосымша басқа да көздерден түсімдер түсірілмеген,     210,0 мың теңге жеміс ағаштарын жеткізіп, отырғызуға жұмсалған.

2019 жылдың 1 қаңтарына 885,4  мың теңге қалдық қалған.

Ауылдық округтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан   қаржы жұмсау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  39-3-бабы  5 тармағына сәйкес, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиынында қаралып, келісілгеннен  кейін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заң талаптары сақтала отырып  жүргізілген.

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района