в актогае 24
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
Мобильная версия

2017 жыл бойынша Ақтоғай ауданының жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есебі

2017 жыл бойынша Ақтоғай ауданының жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызмет

 көрсету бойынша есебі

1.    Жалпы ережелер
 

         Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес  Ақтоғай ауданының әкімдігіне бағынысты 11 бөлімнің ішінде 8 бөлім және аудан әкімі аппаратының АХАТ қызметі 88  мемлекеттік  қызмет түрін көрсетеді.

№ п/п

Мекеменің атауы

Мемлекеттік қызметтер саны

Тегін көрсететін мемлекеттік қызметтердің саны

Қағаз жүзінде көрсететін мемлекеттік қызметтер саны

Электрондық түрде көрсететін мемлекеттік қызметтер саны

1.

 «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ

23

23

22

11

2.

 «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

19

19

19

8

3.

 «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

14

13

14

6

4.

 «Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

12

7

12

8

5.

«Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі» ММ

4

3

4

3

6.

«Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

1

1

1

0

7.

«Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және  тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ

3

3

2

1

8.

«Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

2

2

2

0

9.

«Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының АХАТ қызметі»

10

4

10

5

 

Барлығы

88

75

86

42

         2017 жыл бойынша Ақтоғай ауданы әкімдігінде жеке және заңды тұлғаларға Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы 88 қызмет түрі бойынша барлығы 18772 мемлекеттік  қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 2180, мемлекеттік мекеме арқылы баламалы түрде және баламасыз түрде 12725 қызмет түрі және электрондық үкімет порталы арқылы 176  қызмет, мекеменің ақпараттық жүйесі арқылы 3675 және «е-лицензирование» жүйесімен 16 қызмет  түрі көрсетілген.

 

Анықтама түрде:

•  «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ-сі 3257 қызмет көрсеткен, оның ішінде ХҚКО арқылы 126 қызмет, ал мемлекеттік мекеме арқылы баламалы түрде 1152,  баламасыз түрде 1816, «Электронды үкімет» порталы арқылы 163  қызмет көрсеткен.

•  «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі 2077 қызмет көрсеткен, оның ішінде ХҚКО арқылы 150 қызмет, мемлекеттік мекеме арқылы баламасыз түрде 163, баламалы түрде 1764 қызмет көрсетті.

• «Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі 3413 қызмет көрсеткен, оның ішінде ХҚКО арқылы 3 қызмет, ал мемлекеттік мекеме арқылы баламалы түрде 3410 қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және  тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі ХҚКО арқылы  38 қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі 5964 қызмет көрсеткен, оның ішінде ХҚКО арқылы 0 қызмет, мемлекеттік мекеме арқылы баламалы түрде 3762 және мекеменің ақпаратық жүйесі арқылы 3675  қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі барлығы мемлекеттік мекеме арқылы 47 қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі  барлығы 1243 қызмет, оның ішінде ХҚКО арқылы 1053, мемлекеттік мекеме арқылы баламалы түрде 166, баламасыз түрде 8, электронды түрде «е-лицензирование» жүйесі арқылы 16 қызмет көрсеткен.         

 • «Ақтоғай ауданының әкімі аппараты» ММ-сі АХАТ қызметі 941  қызмет, оның ішінде ХҚКО арқылы 782 қызмет, ал мемлекеттік мекеме арқылы баламасыз түрде 19, баламалы түрде 127, «Электронды үкімет» порталы арқылы 13 қызмет көрсетілген.

 • «Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-сі ХҚКО арқылы 28 қызмет көрсеткен.

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
 

         Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын барлық мекемелердің стендыларында, инетернет-ресурста қызмет алушыға қол жетімді болу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері, инфографикалары, чек парақтары ілініп жарияланған.

          2017 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушыларға көрсетілетін қызмет тәртібін түсіндіру, электронды үкімет порталының мүмкіндіктері және электронды қызмет алу үлесін арттыру бойынша сондай-ақ ЭЦП электронды сандық қолтаңба алу бойынша  Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 40 түсіндірме іс-шаралары (жиындар, баннерлар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі, жергілікті БАҚ ақпараттар, бейне жазбалар) өткізілді.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, мерзім бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік  қызмет көрсетуге қатысатын мекеме басшыларына аппараттық жиындарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

         Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 7 бабының 2 тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінінің Қарағанды облысы бойынша Депаратментінің мемлекеттік қызмет көрсету  басқармасының қызметкерлерімен мемлекеттік  көрсетілетін қызмет  саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар  анықталды. Заң бұзушылықтарға жол берген 5 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

        Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына сәйкес Ақтоғай ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызмкт көрсететін 8 бөлімге және АХАТ қызметіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақталуы мәселелері бойынша ішкі бақылау жүргізді. Тексеріс нәтижесінде 85 заң бұзушылық анықталып оған жол берген 9 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

     

        Сонымен қатар  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының қызметкерлерімен қоғамдық кеңес өтті.Оның басты міндеті Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының нормаларын сақтау болды, яғни:

-  қызмет көрсетуге түсетін өтініштерді тіркеу журналдарын тәртіпке келтіру;

-  ақпараттық стендтерде Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері бойынша өтініштердің нысандарын орналастыру;

-  мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын ведомстволық бағынысты ұйымдарда, кәсіпорындарда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталу-сақталмауына және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарында көрсетілген соңғы нәтижелерді (анықтама, жазбаша хабарлама) беру мерзімдерінің сақталуына ішкі бақылау жүргізу;

-  жергілікті атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін қосымша қызмет түрлерін анықтау үшін талдау жасау, ол қызмет түрлерін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізуге ұсыныстар беру;

-  үй-жайлардың материалдық және техникалық құралдармен жабдықталуын қамтамасыз ету, қызметтерді алу талаптарының қолайлылығын арттыру, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасының стандарттарына және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігін анықтау үшін  мемлекеттік қызметтер көрсетілетін үй-жайларға түгендеу жүргізу;

-  мемлекеттік қызметтер көрсететін субъектілер үшін мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу;

-  электрондық қызмет алу үлесін арттыру  және ЭЦП мен тұрғындарды қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
 

       Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарылату және электрондық үкіметті дамыту сұрақтарына көп көңіл бөлген.

      Бұл барлық уақытта даму векторының бюрократия мен жемқорлықты жою, «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.

      Бұл біздің көзқарасымызда шенеуніктермен тікелей байланысуды шектеуге жол береді және бұл өкімет құрылымдарында жемқорлықтың пайда болуға жағдайларын қысқартады.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың,

 республикалық маңызы бар қалалардың,   астананың, аудандардың,

облыстық маңызы бар  қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, 
қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар,  кенттер, ауылдар,

ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысанына 

қосымша

 Нысан 

 

2016 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Өтініш беруші туралы мәлімет

Шағымның мазмұны

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарастырған күні

Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

Өтініш келіп түскен жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района