в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы 26.12.17

 

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік  лауазымдарының бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы  

 «Қарағанды облысы Ақтоғай

 ауданы әкімінің аппараты» MM -нің хабарландыруы

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

E-G-3 санатына: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

      -Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

      

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақы 

min

max

E-G-3

69957

94109

       

«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ (100200,  Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, А.Бөкейхан көшесі, 4 үй;  анықтама телефоны: 8(710-37) 2-12-65; факс: 2-12-33; электрондық пошта:Aktogay_kadr@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос және уақытша бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты” ММ-нің бас маманы (Е-G-3 санаты, №1-1-5, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері:Құжаттарды уақытымен және заңды рәсімдеуін алдын ала бақылауын жүзеге асыру. Штаттық кестені және толық жоспарларды құрастыру. Барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша стратегиялық даму жоспарын әзірлеп тіркеу, талдау және бөлінген қаражаттарды ұтымды, үнемді жұмсалуына бақылау жасау. Бюджеттік өтінімдерді өңдеу, мемлекеттік сатып алуларды өткізу және ұйымдастыру тәртібін орындау, хаттамаларын рәсімдеп, жүргізу. Ауыл бойынша салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдердің жиналу жұмыстарынұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары “Экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “Құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “Білім” мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “Экономика және басқару” мамандықтары бойынша немесе “Құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану)  немесе “Білім” мамандықтары бойынша білімдерге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050»Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 

         2. «Ақтоғай ауылы әкімінің аппараты” ММ-нің бас маманы (Е-G-3 санаты, 1 бірлік, №1-1-3, уақытша, негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыста болу уақыты 2020 жылдың 29 тамызына дейін)

Функционалдық міндеттері:Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарына  атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдем ақысын, тұрғын үй жәрдем ақысын, бір жолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын және  жылдық мониторигісін жасау. Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс жасау, мерзімін асырмай орындалысын қадағалап, тиісті органдарға есеп беру. Аз қамтылған, мүгедек жандар, зейнеткерлерге  арзандатылған бағамен азық-түлікпен және мал азығымен қамтамасыз етуге шаралар ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары “Гуманитарлық ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе “Экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “Құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “Гуманитарлық ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе “Экономика және басқару” мамандықтары бойынша немесе “Құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) білімдерге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 

3. «Сарышаған кенті әкімінің аппараты” ММ-нің бас маманы (Е-G-3 санаты, 1 бірлік, №2-1-5)

Функционалдық міндеттері:Салық мәселесіне қатысты  жер, мүлік, транспорт салықтары бойынша кент тұрғындарының тізімін жасақтап, заңды және жеке тұлғалардың салық төлемдерін, сақтандыру және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді кент әкімдігінің бухгалтерлік кассасы арқылы жинайды және аудандық салық басқармасына төленген түбіртектері бойынша есеп беру. Кент бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, құқықтық және экономикалық көмектер көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары “Гуманитарлық ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе “Экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “Құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “Гуманитарлық ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе “Экономика және басқару” мамандықтары бойынша немесе “Құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) білімдерге рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар(уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық  почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды

ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» MM-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

   Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

   Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района