в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

Еліміздің тірегі – бүгінгі жастар

Биылғы жылдың жастарға тигізер әсері ұшан теңіз болмақ. Өйткені, Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жарияланған жолдауы жастарды бір серпілтіп, бойына жігер бермек. Қазақстанда жас­тар жал­пы халықтың 30 пайы­зына жуығын құрайды. Елдің болашағы осы жастар. Сондықтан да бүгінгі 27 пайы­з жасөспірімге дұрыс жолды көрсету біздің – үлкендердің міндетті парызы!

Адамдар білім алу, мамандық таңдау және қоғамда әлеуметтену, негізгі араласатын ортасын құру, рухани қағидаттар мен бағдарын қалыптастыру, діни көзқарасын дұрыс қалыптастырып, бір Аллаға ғана құлшылық етуі және т.с.с. негізгі әлеуметтік және демографиялық өмірлік кезеңдерінен дәл осы жас кезінде өтеді. Жастардың діни сауаттылығы қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орыны ерекше. Ислам діні ешқашан зорлық – зомбылыққа үндемейді.

Сонымен қатар, жастардың беделін көтеру де бүгінгі қоғамның басты міндетіне айналуы қажет. Дамыған ел болып, жұрттан қайыр сұрамайтын дәрежеге жетуді көздесек, елімізді басқарар ертеңгі аға бүгінгі жастардың біліміне ерекше мән берілуі тиіс. Бұл ретте бүгінде көптеген істер атқарылып жатқаны қуантарлық жағдай. Алланың қалауымен елімізде діни жоғары білім беретін білім ордалары бой көтеріп, көптеген мамандарды даярлауда. Мешіт қабырғаларында да діни сауат ашу курстарын өткізуге мемлекетіміз үлкен қолдау көрсетуде. Осы ретте біз ауылдағы жастарға көңіл бөлсек нұр үстіне нұр болмақ! Өйткені ауыл жастарының бойында ар-намыс, жігер, қайрат, жүректе адал сенім бар. Олар жаңашылдыққа ұмтылады, ілім үйренуге, қарекет етіп, табыс табуға талпынады. Талантты, талапты жастар ауылда да жүр. Ауыл жастары қала жастарына қарағанда көп мүмкіндіктен қалыс қалуда. Елбасы мұны да қаперге салды. Ол ауыл жастарына кәсіп ашып, іс бастауға көмек қолын созу керектігін ескертті. Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады.  Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бей-жай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Мәселен, жастардың өзі бәзбір ұйымдардың қолшоқпарына айналудан сақ болғаны жөн. Әсіресе, кейбір ұлттық мәселеге келгенде салмақты пікір, ұтымды ой білдіріп, өзіндік менін жоғалтпағаны абзал. Әлеуметтік және азаматтық тұрғыдан есею шағында жастар көбіне біз үшін жат ықпалды күштердің алдында әлсіздік танытады. Әсіресе жастар діни экстремизм мен терроризм субъектілері тарапынан жасалған идеологиялық шабуылдардың алдында қорғансыз болып келеді. Сондықтан, мешіт имамдары идеологиялық адасудан жастарды қорғауға әрекет етуде. Діни экстремизмнің қолшоқпары болудан жастарды сақтап бағуда.

Жалпы жастарға қатысты мәселе қозғалғанда нақты деректерге көз жүгірткен абзал. «Қазақстан Респубикасының Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы кон­цеп­ци­я­сы» 1999 жы­лы 28 та­мыз­да қабылданған, оның мағынасын кең түрде аша­тын, тұжырымдамалық- әдістік негізге сүйенетін 2004 жы­лы 7 шілдедегі «Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы заң» бар.  Жас­тар са­я­са­ты ту­ра­лы заң бой­ын­ша жастар- 14-29 жас аралығын қамтиды. Жас­тар са­я­са­ты­на берілген анықтама -мем­ле­кет жүзеге асы­ра­тын және жас­тар­ды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, са­я­си, ұйымдастырушылық және құқықтық ша­ра­лар жүйесi қызметінің ая­сы. Бүгінде Қазақстандағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың үлес салмағы халықтың жалпы санының 27,8%-ын, яғни 4,5 миллионнан астам адамды құрайды. Олардың 700 мыңнан астамы – студенттер. Бұл ретте ауылдық жерлердегі 46%-ды құрайтын жастарға қарағанда 56%-ды құрайтын қала жастарының саны көптеу. Кейбір деректерге сүйенсек, дүниежүзі бойынша жастар халықтың шамамен 18%-ын құрайды, соның ішінде ғаламшардағы жастардың 85%-ы дамушы елдерде тұрады екен. БҰҰ берген деректер бойынша келесі ғасырдың аяғына қарай 30 жасқа дейінгі жастар жер шары тұрғындарының жартысын не одан көбін құрайтын болады деген болжам бар.

Осы ретте ескеру қажет дүние, көп салада бәсекелестік орын алуы мүмкін. Бәсеке бар жерде сапа да болады, дегенмен, сол бәсекеде ешкімнің сағы сынбағанын қалар едік!

Дана халық «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек», – деп отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған. Барша ата-анаға перзенттеріңізге дұрыс жол көрсетіп, діни сауат алып, ғылым жолында жетістікке жетуге баулыңыз дегіміз келеді. Алла барлығымыздың асқақ армандарымыздың орындалуын нәсіп еткей!

 

Аудандық жастар ресурстық

орталығының директоры  М.Кәрібаев

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района