в актогае -17
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
Мобильная версия

Жалған террроризм: жауапкершілікке тартылады!

Ескерту. ҚР ҚК-нің 273 бабы бойынша Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау үшін жауапкершілік көзделген. Аталған баптың санкциясында бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ҚР ҚК-нің 273-бабымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 11-бабымен орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатқызылды.

         Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау деп билік органдарына, құқық қорғау органдарына, жеке кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлеріне, жекелеген азаматтарға жасалған не дайындалып жатқан қоғамға қауіпті іс-әрекет - терроризм актісі туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді кінәліге көрінеу хабарлау болып түсініледі.

          Терроризм актісі туралы хабардың көрінеу жалған болуы деп кінәліге хабарланған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіндігін түсіну керек.

        Терроризм актісі деп адамдардың өліміне, не денсаулығына зиян келтіруге, мүліктік залал келтіруге, не өзге де қоғамға қауіпті салдардың туындауына қауіп төндіретін жарылыстар, өртеу немесе өзге де әрекеттер: көлік коммуникацияларын оқшаулау, жекелеген ғимараттар мен тұтас елді мекендерді тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін істен шығару, вокзалдарды, әуежайларды басып алу, техногендік аварияларды, апаттарды ұйымдастыру.

         Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудың қоғамдық қауіптілігі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қалыпты қызметін бұзудан, қоғамда негізсіз қорқыныш жасаудан тұрады.

Бұл көлік жұмысында іркіліске әкеп соғады. Мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің: полицияның, әскери қызметшілердің, өртке қарсы қызметтің, медициналық қызмет қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін орындаудан алаңдауға әкеп соғады.

 

                                                                          

                                                                                        Ақтоғай  ауданының  әкімідігі   

                                                                       жанындағы терроризмге қарсы

                                                                             комиссия жөніндегі бас маманы

                                                               А.Кенжебеков

 

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района