в актогае 15
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Мобильная версия

Ақтоғай ауданы бойынша «Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу туралы» жұмыс тобының отырысына ақпар. 3

Ақтоғай ауданы бойынша «Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу туралы» жұмыс тобының отырысына ақпар.

 

Құрметті  семинар кеңеске қатысушы әріптестер!

 

1.Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті  туралы.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы  № 438 Жарлығымен бекітіліп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 98 қадамын іске асыру аясында «Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады.», - деп атап көрсетілген.        

      Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамды қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады.

       Осыған байланысты, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту екі кезеңде болжанған.

      Бірінші кезең (2013–2014 жылдар) – басқарудың төменгі деңгейлеріндегі қолданыстағы жүйенің әлеуетін кеңейту.

 Екінші кезең (2015–2020 жылдар) – жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамытудың екінші кезеңі жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті халық саны 2000 адамнан асатын  ауыл, кент, ауылдық округ үшін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілсе,   халық саны 2000 адамнан аз  ауыл, кент, ауылдық округтер үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Осыған орай, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық саны 2000 адамнан асатын Ақтоғай ауылы,  Шашубай, Сарышаған кенттері әкімдіктерінің аппараттарына жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін  енгізу жоспарлануда. Аталған ауыл, кент әкімдері мен  мамандары Қарағанды қаласында арнайы білім жетілдіру курстарынан  өтіп, Көкшетау қаласында өткен  ауылдық округтер әкімдерінің форумына   3 әкім (Ақтоғай, Шашубай, Сарышаған) қатысып қайтты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңестің «Мемлекет басшысының «Қазақстанды үшінші жаңғырту: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында «Ұлт жоспары» атты  98- ші қадамды іске асыру дайындығы» деген тақырыптағы отырысының қорытындылары бойынша  ұсыныстарының 1 тармағы «Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу туралы» сайлаушылармен кездесу  аясында пайдалану үшін депутаттарға арналған  ақпараттық  материалдар дайындалып, аудандық мәслихатқа ұсынылды.

 

         Бюджет кодексінің 73-1 бабының 2-тармағына сәйкес ауыл, кенттер әкім аппаратының  бюджеттерінің жобалары қаралып, үстіміздегі жылдың  1 қарашасынан кешіктірілмей, жергілікті қоғамдастық жиналысының қарауына ұсынылды және қоғамдастық мүшелері мақұлдаған бюджет жобасы         Бюджет кодексінің 75-бабына сәйкес аудандық  мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 10 қарашасынан кешіктірмей ұсынылды.

                Аталған баптың 2 тармағына сәйкес      ауданның  мәслихаты облыстық мәслихаттың облыстық бюджетті бекіту туралы шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей аудандық  бюджетті бекітеді, аудандық  бюджетті бекіту туралы аудан мәслихатының шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей   ауыл, кенттер бюджеттерін бекітеді.

Бюджет кодексінің 79-бабына сәйкес жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы(ауыл, кентәкімінің шешімі)  мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік он төрт күннің ішінде қабылданады.

      Жергілікті бюджет туралы аудан мәслихатының шешімін іске асыру туралы  ауыл, кент әкімі шешімінің жобасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты әзірлейді.

1.Кірістер:

1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы (101202);

2)  аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық(104102);

3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы(104302,104309);

4) аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы(104401,104402) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салық түсімдері болып табылады.

2.Басқада көздерден түсетін түсімдер:

1) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

-аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

-аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

-аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

-аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайларды шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырудан;

2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

3) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

4)жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен түсетін кірістер:

-коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісі бөлігінің түсімдері;

-коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

-жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

-жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер.

 

Ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің  шығыстары мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі;

2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

3) азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;

4) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

5) ауылдық жерлерде оқушыларды жақын мектепке дейін тегін алып баруды және қайта алып келуді ұйымдастыру;

6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;

7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

8) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

9) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

10) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

11) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

12) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

13) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

14) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

15) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;

16) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу.

18) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;

19) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджетке берілетін трансферттер.

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджетінен:

1)мемлекеттік қызмет көрсететін, қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстары, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстар;

2) бюджеттік инвестициялық жобалар;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.

Басқа деңгейдегі бюджеттерден жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша шығыстарды қаржыландыруға жол берілмейді.

 

2.Жергіліктіөзін-өзібасқарудыңкоммуналдықмүлкі.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қаладағы, ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінің жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін басқару жөніндегі құзіретін көздейтін бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  №90 Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №148 қаулысымен (қаулының тақырыбы мен үлгі тізбесі жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 25.11.2017 жылғы №776 қаулысымен қолданысқа енгізілді) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі бекітілген.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10 бабына сәйкес аудандықкоммуналдықмүлікдеңгейінежататынаудандықкоммуналдықзаңдытұлғалардыңмүліктіккешендерікент, ауылдықокругәкіміаппаратыныңөтінішхатынегізінде (жергіліктіқоғамдастықжиналысыменкелісубойынша) ауданныңжергіліктіатқарушыорганыныңшешіміменжергіліктіөзін-өзібасқарудыңкоммуналдықмүлкідеңгейінеберіледіжәнеаудандықкоммуналдықзаңдытұлғалардыңмүлкікент, ауылдықокругәкіміаппаратыныңөтінішхатынегізінде (жергіліктіқоғамдастықжиналысыменкелісубойынша) ауданныңжергіліктіатқарушыорганыныңшешіміменжергіліктіөзін-өзібасқарудыңкоммуналдықмүлкідеңгейінеберіледі.

Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың бір деңгейінен екіншісіне мемлекеттік мүлікті беру туралы шешім қабылданғаннан кейін беретін және қабылдайтын тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қоятын және облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының басшылары бекітетін беру актісі отыз күн мерзімде ресімделеді.

          1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

      1) өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      3) шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      4) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

      5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі ие болған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      8) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      9) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      10) жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      11) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      12) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді осы Заңда көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

      13) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      14) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

      15) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      16) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) жергiлiктi атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi. Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады."

Коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы – тиісінше жергiлiктi атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бередi.

Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты бойынша берілген мемлекеттік мүлікті кез келген жақсарту мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты тоқтатылған кезде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының келісуімен жүргізілген, ажыратуға болмайтын жақсартулардың құны тиісті бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.

 

 

Ақтоғай ауданының экономика

және қаржы бөлімінің басшысы                                    Б.Тлеубергенов

 

 

Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу  мәселелері туралы жұмыс тобының селектрлік режимдегі отырыс

 ХАТТАМАСЫ

Ақтоғай ауылы                                                       2017 жыл 8 желтоқсан

сағат 11-00-де

                             № 3

 

Өткізу орны: Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі, 4 үй, Ақтоғай ауданының әкімі аппараты

Төрағалық етті:  Қошантаев Қайрат Жақыпбайұлы  -  жұмыс тобының басшысы,  Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары

Қатысқандар: уәкілетті орган басшылары, Ақтоғай ауыл әкімі,Шашубай, Сарышағанкент әкімдеріселектрлік режимде, Ақтоғай ауданы бойыша мемлекеттік кірістер басқармасы.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

«Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу  мәселелері туралы»  (Б.Тлеубергенов).

 

ОТЫРЫС ШЕШІМІ:

        1.Ақтоғай, Шашубай, Сарышаған кент әкімдеріне тапсырма:

- жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізудегі  жұмыстар  қатаң бақылауда болсын.

2.Ақтоғай ауданы жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізубарысындағы жұмыстар үнемі бақылауда болсын.

 

 

   Жұмыс тобының басшысы                         Қ.Ж.Қошантаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района