в актогае 0
USD 379.36
EUR 428.94
RUB 5.93
Мобильная версия

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу туралы. 2

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу туралы.2

 

Құрметті семинарға қатысушы әріптестер!

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 98 қадамын іске асыру аясында «Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады.», - деп атап көрсетілген.

Осы мақсатта, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98 қадамын іске асыру аясында «Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады» - деп атап көрсетілген. Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 90 Заңына 2017 жылдың 11 шілдесінде қол қойылып, күшіне енді.

Аталған Заңмен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Салық кодексіне, Азаматтық кодексіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", "Жарнама туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Кәсiптiк одақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына  өзгерістер енгізілді.

Бюджеттік Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті болып табылады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін аудан мәслихатының шешімімен бекітіледі.

"Ауданның  мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарымен келісу бойынша бекітілетін ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері құрамында бекітілетін бюджеттік бағдарламаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бекітеді және    ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.

     Бюджет процесінде  аудандардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.

    Аудандық  бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында:

      -трансферттермен;

      -бюджеттік кредиттермен реттеледі.

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 6-бабы. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері туралы жалпы ережелер:

 1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер:

1) республикалық бюджет;

2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері;

3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет,

4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады. 

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері жергілікті бюджеттерге жатады.

52-1.бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер:

1. Мыналар:

1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы;

2) мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

3) жер учаскесі аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, орналасқан жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

4) аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, тіркелген жеке және заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салық түсімдері болып табылады.

5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

2. Мыналар:

1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

3) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

4) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен түсетін кірістер:

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісі бөлігінің түсімдері;

коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;

5) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.

3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдерболып табылады.

4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен берілетін трансферттер аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджетіне түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.

56-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерініңшығыстары:

1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің  шығыстарымына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының жұмыс істеуі;

2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

3) азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;

4) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

5) ауылдық жерлерде оқушыларды жақын мектепке дейін тегін алып баруды және қайта алып келуді ұйымдастыру;

6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;

7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;

8) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

9) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

10) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқтарды жерлеу;

11) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;

12) елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру;

13) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;

14) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;

15) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;

16) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу.

18) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;

19) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджетке берілетін трансферттер.

2. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджетінен:

1) мемлекеттік қызмет көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстары, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстар;

2) бюджеттік инвестициялық жобалар;

3) Қазақстан Республикасыныңзаңдарындакөзделген өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар қаржыландырылады.

3. Басқа деңгейдегі бюджеттерден  осы бапта көрсетілген бағыттар бойынша шығыстарды қаржыландыруға жол берілмейді.

4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын әкімдер аппараттарының шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.

57-бап. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер

4-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссияларының құрамына аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері кіреді.

61-бап. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың),  аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттік параметрлері облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бөлінісінде көрсетіледі. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.                     

    65-1-бап.Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының  

лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) бюджеттік комиссияларының ұсыныстарын ескере отырып, ауданның (облыстық маңызы  бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайды.

 

66-бап. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын құжаттар:

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері бюджеттік тапсырыстарды және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде ұсынады.

68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.

7. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың және бюджеттік өтінімдерді жобаларын ұсынады.

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 18-1-бабы Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының құзыреті.

1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша:

1) өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлікті басқару саласындағы құқықтық акті жобаларын әзірлеуде;

2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

3) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде шешім қабылдайды, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

4) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызмет атқаратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

5) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді;

8) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

9) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

10)жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларыныңжарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

11)жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

12)жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;

13) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалдауға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

14) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді;

15) жергілікті өзін-өзі басқару қаражаты есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

16) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген  өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент ауылдық округ аппараты:

1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылау жүргізеді;

2) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысы бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

3) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге адамға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

4) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін білдіреді, жергілікті өзін-өзі басқарудың мүліктік құқықтарын қорғауды жүзеге асырады;

5) сенімгерлікпен басқарушының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің есепке алынуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

(18-1-бап халық саны 2000 адамнан асатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап және халық саны 2000 адамнан аз аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді)

 

Ақтоғай ауданының экономика

және қаржы бөлімінің басшысы                                    Б.Тлеубергенов

 

 

 

Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу  мәселелері туралы жұмыс тобының селектрлік режимдегі отырыс

 ХАТТАМАСЫ

Ақтоғай ауылы                                                       2017 жыл 15 қараша

сағат 11-00-де

                             № 2

 

Өткізу орны: Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі, 4 үй, Ақтоғай ауданының әкімі аппараты

Төрағалық етті:  Қошантаев Қайрат Жақыпбайұлы  -  жұмыс тобының басшысы,  Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары

Қатысқандар: уәкілетті орган басшылары, Ақтоғай ауыл әкімі,Шашубай, Сарышағанкент әкімдеріселектрлік режимде, Ақтоғай ауданы бойыша мемлекеттік кірістер басқармасы.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

«Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу  мәселелері туралы»  (Б.Тлеубергенов).

 

ОТЫРЫС ШЕШІМІ:

        1.Ақтоғай, Шашубай, Сарышаған кент әкімдеріне тапсырма:

- жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізудегі мақсат туралы жергілікті қоғамдық кеңеспен бірлесе отырып,  халыққа түсіндерме жұмыстарын  жүргізсін;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлік құрамына берілетін мүліктердің тізбесі жасақталып,жергілікті қоғамдастық жиналысымен келіскеннен кейін ағымдағы қаржы жылының 1желтоқсанынан кешіктірмей ауданның  экономика және қаржы бөліміне ұсынсын.

2.Ақтоғай ауданы жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізубарысындағы жұмыстар үнемі бақылауда болсын.

 

 

   Жұмыс тобының басшысы                         Қ.Ж.Қошантаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района