в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

Қарағанды облысыәкімдігінің

2015 жылғы «17» ___09___

№ _54/02__

қаулысыменбекітілген

 

 

«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері

жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін  қызметі(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін  қызмет) Қарағанды облысына қарасты қалалар мен аудандардың атқарушыоргандары (бұдан әрі – қызмет беруші)арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттің қызмет көрсетудің түрі: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттің қызмет көрсетудің нәтижесі:

жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі бала асырап алу туралы және туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен бала асырап алу туралы қайталама куәлік.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедураның (әрекет) басталуы үшін негіздеме «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11374 тіркелген «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріжазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» (бұдан әрі – стандарт) Стандартының 9 тармағында қарастырылған қажетті құжаттар және өтініш негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету барысының құрылымына кіретін әр іс-әрекеттің мазмұны, олардың орындалу ұзақтығы:

1) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы тұтынушының өтініші мен қызмет көрсетуге қажетті құжаттар топтамасын қабылдап алып, Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды тексеріп, көшірмелерімен салыстырады. Содан кейін, қызмет алушығақұжатты қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген тіркеуге алынғаны жөнінде құжат береді – 20 (жиырма) минут ішінде;

нәтиже - құжаттардың қабылдаған уақыты көрсетіліп, тіркелгені жөнінде белгі беріледі;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы түскен өтінішті басшысына жеткізеді - 30 (отыз) минут ішінде;

нәтиже - өтініш пен құжат топтамасы  қызмет көрсетушінің басшысына тексеруге беріледі;

3) қызмет көрсетушінің басшысы жауапты орындаушыны белгілеп, оған орындайтын жұмыстарды тапсырады – 30 (отыз) минут ішінде;

нәтиже - қызмет көрсетушінің басшысы тапсырма беріп, жауапты адамды белгілейді;

4)қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы қойылған талап бойынша өтінішті қарап, қызмет берушіге құжаттар топтамасын өткізген мерзімнен бастап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды - 1 (бір) жұмыс күні;

азаматтық хал актілерініңжазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде, (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік мекемеге сұраныс беру қажет болған жағдайда  белгіленген уақыт 30 күннен аспайтын күнтізбелік күнге ұзартылады, қызмет алушының ескерту қағазымен – 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде;

нәтиже - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесінің жобасы басшыға қол қоюға беріледі;

5) қызметті көрсетушінің басшысы шешім қабылдап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі жобасына қол қояды – 30 (отыз) минут ішінде;

нәтиже - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қол қойылған нәтижесі;

6) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы құжаттарды ұсыну кезінде жеке басын куәландыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді. – 20 (жиырма) минут ішінде;

нәтиже - жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі бала асырап алу туралы және туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен бала асырап алу туралы қайталама куәлік беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) қызмет көрсетушінің басшысы;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы;

3) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы.

7.Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен ресімдердің (іс-әрекет) ретін әрбір ресімнің мерзімін көрсете отырып баяндау:

1) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы тұтынушының өтініші мен қызмет көрсетуге қажетті құжаттар топтамасын қабылдап алып, Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды тексеріп, көшірмелерімен салыстырады. Содан кейін, қызмет алушыға құжатты қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген тіркеуге алынғаны жөнінде құжат береді – 20 (жиырма) минут ішінде;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы түскен өтінішті басшысына жеткізеді - 30 (отыз) минут ішінде;

3) қызмет көрсетушінің басшысы жауапты орындаушыны белгілеп, оған орындайтын жұмыстарды тапсырады – 30 (отыз) минут ішінде;

4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы қойылған талап бойынша өтінішті қарап, қызмет берушіге құжаттар топтамасын өткізген мерзімнен бастап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды - 1 (бір) жұмыс күні;

азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде, (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік мекемеге сұраныс беру қажет болған жағдайда  белгіленген уақыт 30 күннен аспайтын күнтізбелік күнге ұзартылады, қызмет алушының ескерту қағазымен – 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде;

5) қызметті көрсетушінің басшысы шешім қабылдап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі жобасына қол қояды – 30 (отыз) минут ішінде;

6) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы құжаттарды ұсыну кезінде жеке басын куәландыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді. – 20 (жиырма) минут ішінде.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет тәртібін толық сипаты «Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1 қосымшасына сәйкес көрсетілген.

 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

9. «Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны филиалы және «www.egov.kz»электрондық үкімет веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

 

 

Қызмет алушының құжаттарын қарау және жауапты орындаушыны белгілеу (30 минут ішінде)

 

Қызмет алушы

Қызмет берушінің кеңсе маманы

Қызмет көрсетушінің басшысы

Қызмет алушының құжаттарын, өтінішін қабылдау және тіркеу (20 минут ішінде)

 

Өтініш

Қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы

 

1)       «Ұл(қыз) бала асырап алуды тіркеуге алу (1 жұмыс күн ішінде);

2)       Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш(15 күнтізбелік күн ішінде)

Басқа мемлекеттік мекемеге сұраныс беру қажет болған жағдайда белгіленген уақыт 30 күннен аспайтын күнтізбелік күнге ұзартылады, қызмет алушының ескерту қағазымен – 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде.

 

 

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесіне қол қояды (30 минут ішінде)

 

Қызмет алушыға мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін беру (20 минут ішінде)

 

«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері

жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1 қосымша

 

«Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

туралы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – әрекет анықтамасы

 

Белгілеу шарты:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің басталуы немесе аяқталуы; 

- мемлекеттік қызметтіалушының немесе ҚФБ рәсімінің (іс-әрекетінің) атауы;

- таңдау нұсқасы;

- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района