в актогае 33
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
Мобильная версия

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 шілде
№ 42/02 қаулысымен бекітілді

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
       1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
       2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
       3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидия алуға өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама болып табылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі "Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 3-2/378 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11284 болып тіркелген) бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушымен (не сенімхат бойынша оның өкілімен) ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) тиісті аудандық ауыл шаруашылығы бөлімімен (бұдан әрі - бөлім) стандарттың 9-тармағында көзделген өтінімдерді және құжаттарды қабылдауы және өтінімдерді тіркеу арнайы журналында тіркеуі – 30 (отыз) минут. Нәтижесі – күні және уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талон беру;
      2) бөлімнің жауапты маманымен қызметті алушының құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда бөлім тауар өндірушінің қызмет орнына зоотехникалық есепті жүргізудің алғашқы құжаттарын салыстырып тексеру үшін жол жүруді жүзеге асырады – 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттары;
      3) қызмет алушының құжаттарының белгілі деңгейге сәйкестігін бөліммен анықтауы, бюджеттік субсидия алушылардың аудан бойынша жиынтық актісін құруы, аудан әкімінің бекітуі және жиынтық актіні облыс ауыл шаруашылығы басқармаға (бұдан әрі - басқарма) ұсынуы – екі аптада бір реттен сирек емес;
      4) басқарманың жауапты маманымен арнайы жиынтық актіні тіркеу журналында тіркеуі – 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – тіркелген жиынтық акті;
      5) басқарманың жауапты маманымен аудандар бойынша жиынтық актілердің Қазақстан Республикасының заңнаманың өлшемдері мен талаптарына көрсетілетін қызметті алушылардың сәйкестігін қарау және оларды мал шаруашылығын субсидиялау сұрағы бойынша комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына жіберуі – 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – жиынтық актілерді комиссияның қарауына жіберу;
      6) комиссияның аудандар бойынша жиынтық актілерді қарауы және облыс бойынша жиынтық актіні құруы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – облыс бойынша жиынтық актіні жасау;
      7) комиссия төрағасының облыс бойынша жиынтық актіні бекітуі – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – облыс бойынша бекітілген жиынтық акті;
      8) басқарманың жауапты маманымен көрсетілетін қызметті алушылардың банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарын ұсынуы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Нәтижесі – төлем шоттары.
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) бөлімінің жауапты маманы;
      2) басқарманың жауапты маманы;
      3) комиссия.
      4) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері;
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) бөлімнің жауапты маманы құжаттар топтамасын қабылдауды іске асырады, қызметті алушының өтінімін арнайы тіркеу журналында тіркеуді жүзеге асырады, өтінімді және құжаттар топтамасын қабылдағаны туралы талонды беру – 30 (отыз) минут;
      2) бөлімнің жауапты маманы қызметті алушының құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған жағдайларда бөлім тауар өндірушінің қызмет орнына зоотехникалық есепті жүргізудің алғашқы құжаттарын салыстырып тексеру үшін жол жүруді жүзеге асырады – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      3) бөлімнің жауапты маманы қызмет алушының құжаттарының белгілі деңгейге сәйкестігін тексергеннен кейін, аудан бойынша бюджеттік субсидия алушылардың жиынтық актісін жасап, оны аудан әкімінің бекітуіне ұсынады және басқармаға жолдайды – екі аптада бір реттен сирек емес;
      4) басқарманың жауапты маманы жиынтық актіні тіркеу журналында тіркейді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      5) басқарманың жауапты маманы аудандар бойынша жиынтық актілердің заңнаманың талаптарына сәйкестігін қарастырып және оларды комиссияның қарауына жібереді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      6) комиссия аудандар бойынша жиынтық актілерді қарастырып және облыс бойынша жиынтық актіні жасайды – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      7) комиссия төрағасы облыс бойынша жиынтық актіні бекітеді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      8) басқарманың жауапты маманы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарды ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілген қызмет беруші мен көрсетілген қызмет алушының жүгіну тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркеуді іске асырады;
      2) 1-үдеріс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН және паролін енгізу үдерісі (авторизация үдерісі);
      3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-үдеріс – порталдың көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түріне стандарттың 9-тармағында көрсетілген электрондық түрдегі қажет құжаттардың көшірмелерін бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы;
      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы);
      7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің сауалды өңдеуі үшін көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сауалын) "электрондық үкіметтің" автоматтандырылған өңірлік шлюзі жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) "электрондық үкіметтің" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жолдау;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының қоса берген құжаттарын сәйкестікке тексеруі;
      10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен портал қалыптастырған қызмет нәтижесін (электрондық құжат түріндегі хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.
      8-1. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
      3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
      4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;
      5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес- сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;
      6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.
      Ескерту. Регламент 8-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл етуі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимылдарының тәртібі осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және
сапасын арттыруды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы

 

 

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және
сапасын арттыруды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района