в актогае 25
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
Мобильная версия

"Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы органы жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді

 

 

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы "25" тамыздағы
49/05 қаулысымен
бекітілген

"Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы органы жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

       "Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органы жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген (нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 11015 тіркелді) "Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
       2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
       3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру.
       4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтиежесін беру нысаны: қағаз түрінде.
 

 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін жеке тұлғалардан (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыдан) стандарттың 9 тармағымен қарастырылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті беруі және қажетті құжаттарды қабылдауы негіз болып табылады.
       5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
       1) Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің өтінішті және құжаттарды қабылдауы (15 минут).
      Нәтижесі – өтінішті қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгісі бар көрсетілетін қызметті алушының өтініш көшірмесі;
       2) Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны анықтап, тиісті бұрыштаманы жазады (2 сағат).
      Нәтиже – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;
       3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініштің қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындайды (8 жұмыс күні).
      Нәтиже – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;
       4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды (2 сағат).
      Нәтиже – мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесі;
       5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін беру (15 минут).
      Нәтиже – мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама.
 

 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) (қызметкерлерінің) көрсетілетін қызмет берушінің өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне:
       1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері;
       2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
       3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы қатысады.
       7. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы:
       1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішін қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және өтініштің қабылдау күнін және уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушіде тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін беруді жүзеге асырады, бұрыштама қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына өтінішін береді (15 минут);
       2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны айқындайды, тиісті бұрыштама қояды (2 сағат);
       3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініштің қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындайды (8 жұмыс күні);
       4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды (1 жұмыс күні);
       5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру (15 минут).
 

 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ХҚКО, не болмаса портал арқылы стандартта қарастырылмаған.
       9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін толық сипаттау, көрсетілетін қызметті берушілердің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
 

 

"Мемлекеттік кәсіпорынның немесе
мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты
пайдалануында коммуналдық тұрғын
үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе
жергілікті атқарушы органы жеке
тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын
үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

  "Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің облыстың қаланың (ауданның) жергілікті атқарушы органы жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района