в актогае -6
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
Мобильная версия

Қазақстан Респубикасының мемлекеттік Рәміздері

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста - ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең.


 

 

 

                                                                                                                                   ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Gerb KZ(foto)Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негiзi - шаңырақ. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің музыкалық редакциясы
Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің мәтіні
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!

 

 

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмiздерi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 28 қазандағы № 370-V ҚРЗ

      1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмiздерi туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 11, 72-құжат; 2008 ж., № 13-14, 53-құжат; 2012 ж., № 12, 82-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 4-баптың 1-тармағында:
      бірінші бөлікте:
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде);»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде;»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.»;
      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді, консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орналастырылады.»;
      3) 6-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      1) тармақшадағы «әскери құрамаларының, бөлімдерінің» деген сөздер «құрамаларының, әскери бөлімдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «ұдайы орналастырылады.» деген сөздер «ұдайы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) орналастырылады.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.»;

 

      2-тармақтың 1) тармақшасындағы «әскери құрамаларының, бөлімдерінің» деген сөздер «құрамаларының, әскери бөлімдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      4) 8-бапта:
      1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктері мен өзге де ұйымдары өткізетін ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілген кезде;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) Мемлекеттік Гимннің мәтіні міндетті түрде орналастырылады.
      Мемлекеттік Гимннің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Гимнді орындау және оның мәтінін пайдалану тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.»;
      5) 10-бапта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту;»;
      6) 11-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құрады, сондай-ақ ол туралы ережені әзірлейді және бекітеді;».
      2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

 

 

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1187 қаулысы

 

        Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесінде:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін айқындайды.»;
      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орналастыру» деген 2-тарауда:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану (орнату, орналастыру)»;
      2-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларда (үй-жайларының бір бөлігінде).
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орналастырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайларының бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіреберістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс;»;
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде;»;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын патриоттық сезімді, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің оның азаматтарының жетістіктерін көпшілік іс-шаралар және жеке іс-әрекеттер аясында қолдау мақсатында жеке және заңды тұлғалар пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ұлттық стандарттардың талаптарын бұза отырып пайдалануға жол берілмейді.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын қорлауға арналған зат ретінде пайдалануға жол берілмейді.»;
      7, 9, 10, 10-1, 11, 20, 23, 27, 28, 29, 30, 31-тармақтардағы «Ереженің» деген сөз «Қағидалардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
      «13-1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді, консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орналастырылады.»;
      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын орналастыру» деген 3-тарауда:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану (орнату, орналастыру)»;
      15-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің құрамаларының, әскери бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында - ұдайы;»;
      3) тармақшадағы «ұдайы орналастырылады.» деген сөздер «ұдайы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) орналастырылады.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайлардың бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.»;
      «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру» деген 4-тарауда:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру);»;
      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
      «23-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.
      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігін қолдану мақсатында өзге материалдық объектілерге бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды.»;
      26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілігінің, Парламенттің, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары Бюроларының, Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің әскери құрамаларының, бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді, атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік ұйымдардың мөрлері мен құжаттарының бланкілерінде;»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.
      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігін қолдану мақсатында өзге материалдық объектілерге бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды.»;
      мынадай мазмұндағы 34-1 және 34-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «34-1. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтіні міндетті түрде орналастырылады.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтіні орналастырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайлардың бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс.
      34-2. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде,
белімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери
құралымдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау және оның мәтінін пайдалану тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

 

 

2015-2016 жылдарға арналған мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандарын қолдану мен ілгерілету жүйесін жаңғырту жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының 2015 жылғы 22 қазандағы № 5 өкімі

      1. Қоса беріліп отырған 2015-2016 жылдарға арналған мемлекеттік рәміздерді, елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана және Алматы қалалары мен облыстардың нышандарын қолдану мен ілгерілету жүйесін жаңғырту жөніндегі жоспар бекітілсін (бұдан әрі - Жоспар).
      2. Орталық, жергілікті атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың бірінші басшылары:
      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне белгіленген мерзімдерде Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынып отырсын.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.А.Майлыбаевқа жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік хатшысы                   Г. Әбдіқалықова


 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1186 қаулысы

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы  
 Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 1186 қаулысына    
 қосымша      

 

   Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидалары

   1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін (бұдан әрі – Мемлекеттік рәміздер күні) мерекелеу қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу тәртібін анықтайды.
      2. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қазақстандық азаматтық біртектілікті, патриотизмді және ұлт бірлігін нығайту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі элементі болып табылады. Мереке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы  4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойылған күнге орайластырылған.

   2. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу тәртібі

        3. Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын еліміз бойынша барлық жерде мерекеленеді.
      4. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге мемлекеттік заңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – заңды тұлғалар), Қазақстан Республикасының елшіліктері және басқа да ресми шет елдік мекемелер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері және мекемелері тарапынан өткізілетін ресми, салтанатты рәсімдер немесе спорттық іс-шаралар кіреді.
       5. Мемлекеттік заңды тұлғаларда, Қазақстан Республикасының елшіліктерінде және басқа да ресми шет елдік мекемелерде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен безендірілген үй-жайларда салтанатты түрде мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің, мәдениет, білім және ғылым, экономика және қаржы, сондай-ақ басқа да салалардың белгілі өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.
       6. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты жағдайда көтеру және тігумен басталады және Мемлекеттік Гимн орындалады, бұл ретте қатысушылар жүздерін Туға қарай бұрады.
      7. Мемлекеттік Гимн көпшілік алдында орындалған кезде қатысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.
       8. Мемлекеттік Гимнді оркестр, хор, оркестр мен хор орындайды не ол өзге де вокалдық және аспаптық түрде орындалады. Бұл ретте дыбыс жазу құралдары пайдаланылуы мүмкін.
       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін ықшамдап орындауға жол беріледі.
      9. Мемлекеттік Гимн бекітілген мәтіні мен музыкалық редакциясына дәлме-дәл сәйкестікпен мемлекеттік тілде орындалады.
       10. Ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған құттықтау, сондай-ақ оның тарихы, маңызы және маңыздылығына арналған сөздер ұйымдастырылады.
      Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу шеңберінде өткізілуі мүмкін:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезетте орындау жөніндегі шарасы;
      2) медальдарды, төсбелгілерді, ведомстволық наградаларды, құрмет грамоталарды және алғыс хаттарды табыстау;
      3) жаңа объектілердің, ұйымдардың ашылуы;
      4) әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге ант қабылдату;
      5) Қазақстанның мемлекеттілігі мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, мәжілістер, дөңгелек үстелдер;
      6) кітапханалар мен музейлерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған тақырыптық көрмелер мен экспозициялар;
       7) көрнекті саяси, еңбегі сіңген және қоғам қайраткерлерінің сұхбаттары мен жарияланымдарын, тақырыптық бағдарламалар циклдарын шығару;
      8) мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге, өз еліне деген мақтаныш және отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, тәрбиелеуге бағытталған конкурстар, викториналар;
      9) мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған басылым және естелік өнімдерін шығару;
      10) Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған өзге де шаралар.
      Осы Ереженің 4 тармағында көрсетілмеген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар олардың еркі бойынша осы Ереженің 10 тармағында көрсетілген шаралардың өткізілуі мүмкін.
       11. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуде ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының елшіліктері және басқа да ресми шет елдік мекемелер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері және мекемелері тарапынан өткізілетін Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету жөніндегі шаралар қабылданады.
       12. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда), қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мемлекеттік рәміздер күнін ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді. 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района