в актогае 25
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
Мобильная версия

Мемлекеттік қызметтер

 

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында  заманауи тиімді мемлекет, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңір – қуатты ел деп аталатын 5 басым бағытты қамти отырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алғышарттарын айқындап берді.

Сонымен қатар, Президент Жолдауында мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне де баса назар аударды. Себебі, халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету – мемлекеттік органдар жұмысының аса маңызды бағыттарының бірі. Қызметтерді алу барысында азаматтар мемлекеттік аппараттың жұмысы туралы белгілі бір ойға келеді.
Ал халықтың мемлекетке деген сенімі еліміздің өркендеуі жолында бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету деңгейінің жақсаруы ел экономикасының және әлеуметтік дамуының көрсеткіші.

Расында, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы – мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық саланы қамтитындығы, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі.

Мемлекеттік қызметтің сапасын, қолжетімділік деңгейін жақсартуда тұрғындардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын және сын-пікірлерін ескерудің маңызы өте зор. Осы бағытта Агенттікпен «Digital agent» (Цифрлық агент) мобильді қосымшасы іске қосылған болатын. Мобильді қосымша арқылы кез келген қызмет алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына баға беріп, өз  өтініштері мен ұсыныстарын қалдыра алады.

Бүгінгі таңда қызмет алушылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, қала және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментімен, сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту орталықтарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалай алады.
Қазіргі уақытта мобильді қосымшаға жергілікті атқарушы органдар мен денсаулық сақтау мекемелерін тіркеу жүргізілуде.

Мемлекеттік қызметтер сапасына бүгінгі таңда мобильді қосымша арқылы 2753 бағалау түсті, оның 2557-сі (93%) оң, ал 196-сы (7%) жағымсыз бағалар. Барлық жағымсыз өтініштер толық қарастырылып, уақытылы өңделіп, олар бойынша оң шешімдер қабылданды. Жағымсыз пікірлердің басым көпшілігі Мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметіне, оның ішінде ұзақ кезекке, қызметкерлердің біліктілігіне және т.б. қатысты түседі. 

Сонымен қатар, Департамент бастамасымен тұрғындарды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды нысанда алуын қамтамасыз ету мақсатында барлық мемлекеттік органдарда, медициналық мекемелерде, мектептерде, балабақшаларда, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында, кітапханаларда және т.б. жерлерде «өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылған болатын.

«Өз өзіне қызмет көрсету бұрышы» арқылы мемлекеттік, азаматтық және т.б. қызметшілер   электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді Мемкорпорацияға бармай-ақ, уақытты үнемдеп, электронды түрде қызмет алуда.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде, мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Қазіргі таңда заман талабына сай мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділікті арттыруға бағытталған игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің
бас маманы Г.Медеуова

 

 


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района