в актогае 25
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
Мобильная версия

Мемлекеттік қызметтер

 

2019 жылдың 21 қазанында аппараттық кеңесте Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап тоқтатылатын болады

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі  №983 қаулысына өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысының 2019 жылғы 23 қыркүйекте мақұлданғандығын хабарлайды.
       Жоғарыда көрсетілген жоба шеңберінде «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап алып тасталатын болады.
       Осыған байланысты барлық мүмкін мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары т.б. – қандай да жағдай болмасын азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмеуі қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді
бақылау бөлімінің басшысы                                                   Д.Омарбеков


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района