в актогае 25
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
Мобильная версия

Мемлекеттік қызметтер

 

2018 жылдың қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына талдамалық анықтама

2018 жылдың IV тоқсан қорытындысы бойынша Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының есебі бойынша Ақтоғай ауданының әкімдігіне бағынысты 11 бөлімнің ішінде 9 бөлім және аудан әкімі аппаратының АХАТ қызметі 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік қызметтер тізімін бекіту туралы» Тізіліміне, Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес 94  мемлекеттік  қызмет түрін көрсетеді. 94 қызметтің ішінде:
  - 81 қызмет түрінің регламенттері бекітілген;
  - 13 мемлекеттік қызмет түрінің регламенті бекітілмеген.
           Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы барлығы 17643 (жеке тұлға -17000; заңды тұлға-643) мемлекеттік  қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде;
- мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы жеке тұлғаға - 1946, заңды тұлғаға – 568;
- мемлекеттік мекеме арқылы қағаз жүзінде баламалы түрде жеке тұлғаға -9692, заңды тұлғаға -74; 
- қағаз жүзінде баламасыз түрде жеке тұлғаға -1217; 
- электрондық үкімет порталы арқылы жеке тұлғаға -270, заңды тұлғаға-1;
-  мекеменің ақпараттық жүйесі арқылы-3799 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау  қағидаларына, 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 8 бұйрығымен бекітілген Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің 2018 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, ветеринария бөліміне, ауылшаруашылығы бөліміне, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөліміне, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне, халықты жұмыспен қамту орталығына, экономика және қаржы бөліміне, білім бөліміне, ветеринариялық қаржы бөліміне, Ақтоғай ауданының білім бөлімі бойынша жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің 2018 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 27 бағынысты мекемеге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы бөлімінде және  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде, халықты жұмыспен қамту орталығында, білім бөлімінде, ветеринариялық станцияда заң бұзушылықтар  анықталды. Заң бұзушылықтарға жол берген 9 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып жіберілген заң бұзушылықтар қалпына келтірілді.
      Тексеріс қорытындысы бойынша барлығы 16 ұсынылым ұсынылды. Оның 13-і толық орындалды. Үш ұсынымның орындалмау себебі:
1) «Ақтоғай ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» ММ-е талапқа сай пандус орнату үшін мекеме тарапынан қаржы қаратуға өтінім беріліп, жауабын тосуда;
2) «Ақтоғай ауданының ветеринариялық станциясы» КММ жалдамалы тұрғын үйде орналасқандықтан пандус қойылмаған. 2019 жылы жеке мекемемен қамтамасыз етілгенде мүгедектерге арналған жағдай толық жасалынады;
3) Ветеринариялық станцияға тексеріс жүргізілген уақыт 2018 жылдың аяғы болғандықтан мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрету бойынша біліктілігін арттыру курстарына жіберу мүмкін болмады. Сол себепті жауапты мамандар біліктілігін арттыру курсынан  2019 жылдың 1-жарты жылдығында өтеді.
       Мемлекеттік қызмет көрсетуде 2019 жылы барлығы 15 бас тарту болды.Оның  -- IV тоқсанда. Олар:
1. «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ қарағанды облысы
бойынша филиалы-«ХҚКО» департаменті Ақтоғай аудандық  №1 бөлімі Шашубай секторынан  14.06.2018 жылы № 002143662125  өтінішін (қайтыс болуды тіркеу)  орындаудан бас тартылды. Себебі өтінішті тексеру барысында  өтініш беруші мен қайтыс болған азамттың мәліметтері  бірдей және қайтыс болған азаматқа 11.06.2018 жылы Балқаш қалалық сот медицина орталығы берген №106  дәрігерлік куәлікте қайтыс болған жері графасы толтырылмаған. Ал ол графа қайтыс болуды тіркегенде міндетті  түрде толыруға жатады.
2. Экономика және қаржы бөліміне «Азаматтарға арналған үкімет» МК»
КЕ АҚ арқылы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша түскен 11 өтінішке негізді бас тартылды. себебі ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1427 қаулысымен бекітілген «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына» сәйкес, егер тұрғылықты мекен-жайы өзгерген жағдайда маман алдыңғы тіркелген мекен-жайынан шығып, жаңа тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелуі тиіс. (2 бөлімнің 6 тармағына сәйкес тіркелуге жататын ішкі көшіп-қонушылар, республикадан тыс жерлерден келген Қазақстан Республикасының азаматтары жаңа тұрғылықты жеріне, уақытша болатын (тұратын) жеріне келген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уәкілетті органға тиісті құжаттарды ұсынады), яғни жұмысқа қабылданған күні мен елді-мекенге тіркелген күнідерінің сәйкес келмеуіне байланысты және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 396 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету" туралы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 1- тарау 9 тармағының  1 тармақшасында  қажетті құжаттардың тізбесінде көші-қон қызыметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер көрсетілген. Тапсырған құжаттары аталған тізбеге сәйкес келмегендіктен кері қайтарылды.
3. 12.07.2018 жылы  өзара келісіммен неке бұзуға өтініш білдірушілер
белгіленген күні, яғни 13.08.2018 жылы неке бұзуды тіркеу күні өтініш берушілер келмегендіктен неке бұзудан бас тартылды. ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 240 бабына сәйкес неке бұзуды тіркеу өтініш берушілердің өздері қатысу кезінде жүргізіледі.
4. 10.08.2018 жылы  некеге тұруға  қабылданған  өтініш 1 ай мерзім
өткеннен кейін өтініш берушілер  неке тіркеу тағайындалған күні 10.09.2018 ж келмегендіктен  бас тартылды. ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 222 бабына сәйкес неке қиюды тіркеу өтініш берушілердің өздері қатысу кезінде жүргізіледі.
5. 13.07.2018 жылы «Электрондық үкімет»  порталы арқылы  баланың
тууын тіркеуге түскен  өтінішті орындаудан бас тартылды. Себебі ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 189 бабына сәйкес баланың тууын тіркеу туралы өтініш бала  туған күннен бастап 3 жұмыс  күні ішінде берілуі тиіс.  Баланың тууын тіркеуге өтініш  3 күн өтіп кеткеннен кейін 5-ші күні  беріліп отыр.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  сапасын, электронды үкімет порталы «е-gov»  арқылы қызмет алу үлесін арттыруға, ЭЦҚ алу  бойынша 126 түсіндірме іс-шаралары (мемлекеттік қызметтердің 4 рет жәрмеңкесі, жиындар,  7 баннер, буклеттер, жергілікті БАҚ мақалалар, видео жазбалар, ашық есік күндері т.б.) өткізіліп оған 7490 тұрғын қамтылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас дағдысын үйрету бойынша біліктілігін арттыру курсынан 32 қызметкер өтіп сертификатқа  ие болды.
IV тоқсанның қорытындысымен  мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша бүгінгі күнге дейін қызмет алушылардан арыз-шағым түскен жоқ.


Аппарат басшысының м.а.    А.Жармағанбетов
 


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района