в актогае 20
USD 386.91
EUR 428.81
RUB 5.79
Мобильная версия

Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы

Бөлім 12 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілетін 9 мемлекеттік қызмет, қалған мемлекеттік қызмет түрлері тікелей бөлім арқылы жүзеге асырылады. 

Бөлімнің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің әрекеттеріне  немесе  әрекетсіздіктеріне байланысты этиканы бақылау кітабына азаматтардан шағымдар түскен жоқ.

Өз ісін ашып өзін-өзі жұмыспен қамтуға ниет білдірген 30 жұмыссызға 2 млн 886 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.

45 отбасына 999  мың 996 теңге  тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалып, төленді.         

Ақтоғай аудандық маслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 21-ші сессиясының «Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» №197 шешіміне сәйкес, арнайы комиссияның 18 рет отырысы өтті. Комиссия шешімі бойынша 1132  адамға  9 млн  319 мың 650 теңге әлеуметтік көмек көрсетілді. Атап айтқанда ең төменгі күнкөріс деңгейіне 0.6 еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы бойынша 7 отбасыға 168 мың 350 теңге, әлеуметтік мәні бар ауруының болуына байланысты 49 адамға 4 млн 521 мың 400 теңге, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 2 тұлғаға 48 мың 100 теңге, табиғи апат салдарынан мүлкіне зиян келтіруіне сәйкес 4 адамға 384 мың 800 теңге, 9 мамыр ҰОС жеңісінің 73 жылдығына қайтыс болған соғыс қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері 8 адамға, Ауғанстандағы кеңес әскерлері құрамында қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымдалған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған 9 адамға, 1986-1989 жылдары Чернобыль АЭС-ндағы апаттың салдарын жоюға қатысқан 1 тұлғаға, ҰОС жылдарындағы тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен  марапатталған 7 ардагерге, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген 113 зейнеткерге, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтары құрған концлагерлердің, геттолардың  және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы 1 тұтқынына, КСР Одағын  қорғауда алған жарақаттарының салдарынан мүгедек болған  әскери қызметкерлер болып табылатын 2 адамға  10 мың теңгеден, барлығы  141 адамға 1 млн 410 мың теңге, 1 қазан қарттар күніне орай, 75 жастан асқан 524 қартқа 3000 теңгеден 1 млн 572 мың теңге, қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне 353 І,ІІ топтағы мүгедектер мен 16 жасқа толмаған 52 мүгедек балаларға 3000 теңгеден 1  млн 215 мың теңге әлеуметтік көмек берілді.

Үйде тәрбиеленіп оқытылатын 6 мүгедек балаға 100 мың 689 теңге материалдық көмек тағайындалды.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы аясында 21 мүгедекке жеке көмекші тағайындалып,  6 млн 093 мың 999 тенге төленді.

Міндетті гигиеналық құралдар бойынша жөргектерге мұқтаж 39 мүгедек өтініш білдіріп, 39 қанағаттандырылды,  26 мың 476 дана таратылды, оған жергілікті бюджеттен 4 млн 305 мың 972 теңге, республикалық бюджеттен  3 млн  622  мың 965 теңге қаржы жұмсалды. Сіңіргіш жаймаға (жаялық) мұқтаж 29 мүгедектің өтініші  қанағаттандырылды. 1 мүгедек 12 дана қорғаныш креммен, дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш және жуынатын бөлмеге арналған тұтқалармен 1 мүгедек қамтылды. 1 мүгедек 365 дана несеп қабылдағышпен, санитарлық құрылғысы бар кресло-орындықпен 11 мүгедек, 1 мүгедек 12 дана катетермен, 5 мүгедек 12 данадан тері тазартқышпен, 1 мүгедек 12 дана паста-герметикпен қамтылды.

Арнаулы жүріп тұру құралдары бойынша 5 мүгедек серуендеуге арналған кресло-арбалармен қамтылды.

Сурдотехникалық құралдар бойынша мәтінді хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефонмен 2 мүгедек, саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағатпен 2 мүгедек, есту аппаратымен 1 мүгедек қамтылды.

Тифлотехникалық құралдар бойынша 2 мүгедек дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондармен, 3 мүгедек нашар көретін адамдарға арналған сағатпен қамтылды.

Протездік-ортопедиялық құралдар бойынша 5 мүгедекке таяқ, 2 мүгедекке балдақ таратылды.

         Басқа тараптан көмек қажет ететін жалғызілікті І, ІІ топтағы 6 мүгедекке 151 мың 460 теңге төленді.

         Қарағанды қаласындағы №2 медициналық әлеуметтік мекемесінде 25 ардагер демалды.

         Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында орналасқан оңалту орталығына 7 мүгедек жолданды.

         Щучинск қаласындағы «Алмаз» шипажайында 9 мүгедек, 1 мүгедек бала Саран қаласындағы «Санаторий Березняки» шипажайында тегін демалды.

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне бүгінгі күнде 52 жалғызілікті қария, 29 мүгедек тартылып оларға 15 әлеуметтік қызметкер, 1 кеңесші қызмет көрсетуде.

 «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша арнайы комиссияның шешіміне сәйкес 5 адамға Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлігі берілді.

Бүгінгі күнге дейін бөлімге түскен 46 өтініш қаралып, қанағаттандырылды.

 

                  Басшы                                                                           Е.Жанкабылов

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района