в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

2018 жылдың қорытындысы бойынша «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына талдамалық анықтама

2018 жылдың қорытындысы бойынша «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік қызметтер тізімін бекіту туралы» 2016 жылдың 12 желтоқсанында № 816 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Тізіліміне, Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес 23  мемлекеттік  қызметтер түрін көрсетеді.

          2018 жылғы қыркүйек айындағы енгізілген өзгерістерге сәйкес 2 қызмет түрі («Үздік педагог»  конкурсына қатысу , «Үздік білім беру ұйымы» конкурсына қатысу) алынып тасталса, 1 («Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардың баласымен кездесуіне рұқсат беру») қызмет түрі қосылып, 2 қызмет түрі 1 қызметке біріктірілді. Сондықтан жыл соңындағы ресстрге сәйкес 21 қызмет түрі көрсетіліп отыр.

        «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ арқылы 21 қызмет түрі бойынша барлығы 2418 мемлекеттік  қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде мемлекеттік мекеме арқылы қағаз жүзінде – 2029, Мемлекеттік корпорация арқылы – 140 және электрондық үкімет порталы арқылы 249 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. «Электрондық үкімет» порталының үлесі 19,56%, Мемлекеттік корпорацияның үлесі 17,37 %.

            2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімі бұзылып көрсетілген қызмет түрі  болған жоқ.

         Аталған кезеңде Мемлекеттік корпорация арқылы қабылданған «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 1 бас тарту орын алды. Себебі: Қызмет алушы туралы мәлімет мұрағатта жоқ.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 35 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау  қағидасына, Бөлімнің ішкі бақылау іс-шара жоспарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын 27 білім беру ұйымында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге ішкі бақылау жүргізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  сапасын арттыру бойынша а.ж. 5 қаңтарында «Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талқылау» тақырыбында білім беру ұйымдарының және Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қатысуымен семинар ұйымдастырылды. Электрондық көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша, «Электрондық үкімет» порталын насихаттау мақсатында үнемі әр-түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, а.ж. 15 наурызында Ә.Бөкейхан атындағы мектептің 11-сынып оқушыларымен электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді түсіндіру мақсатында білім бөлімінің мамандарымен кездесу өткізілді, электронды мемлекеттік қызметтер туралы буклеттер ХҚКО бөліміне орналастырылды, жергілікті газет беттеріне мақалалар жарияланды, барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне «Электрондық үкімет» порталының қызметтері туралы буклеттер таратылды. Сонымен қоса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша бөліммен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі «aktogay_gov.kz» сайтында жарияланды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бөлім басшысы, басшының орынбасары, кадр жөніндегі бас маман біліктілік арттыру курсынан өтті.

        2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша қызмет алушылардан арыз-шағым түскен жоқ.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района