в актогае 0
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
Мобильная версия

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы ақпарат

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2018 жылғы 1 тоқсандағы атқарған қызметі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалар мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру шаралары» Жарлығына сәйкес Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратында 2018 жылы әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы енгізілді.
            Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Этикалық кодекс саласында бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізуде.
            Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілімен келісілген 2018 жылға жұмыс жоспары бекітілді.
Қарағанды облысы әкімі аппаратымен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.
             Әдеп жөніндегі уәкілі туралы ақпарат аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.
Қызметтік этика ережесін бұзушылықтың жолын кесу шараларына азаматтық қоғам өкілдерін кеңінен тарту мақсатында "Facebook" әлеуметтік желісінде "Қарағанды облысы            
Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі" парақшасы ашылды.
          Мемлекеттік қызметте этикалық деңгейді арттыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдер түсіндіру және алдын-алу іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Ақтоғай ауданында 4 әр түрлі іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 1 семинарлар, БАҚ-та 3 мақала жарияланды. Есепті кезеңде 8 жеке қабылдаулар, оның ішінде 6 көшпелі қабылдау жүргізілді.
Жеке консультативтік көмек алу үшін әдеп жөніндегі уәкілдерге жүгінушілер санының артуы байқалады. Есепті кезеңде консультативтік кеңес алу үшін 8 азамат, оның ішінде 2 мемлекеттік қызметшілер әдеп жөніндегі уәкілге жүгінді.
           Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 10 тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдығында ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалды талдау және мониторинг жасау үшін мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнамасы жүргізіледі.
           Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жасырын сауалнамамен 119 мемлекеттік қызметшілер қамтылды.
             Қызметтік этиканы, шектеулер мен тыйымдарды сақталуын бақылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде күн сайын мониторинг жүргізіледі.
              Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы бекіткен мемлекеттік қызметте этикалық деңгейді арттыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
Жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілер арасында 76 қалта кітапшаларын (pocketbook) тарату жұмысы жүргізілді.

Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы Б.Әмірғасым
 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района