в актогае 25
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
Мобильная версия

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің 2019 жылы атқарған қызметі туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалар мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру шаралары» Жарлығына сәйкес Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратында 2019 жылы әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы енгізілді. Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратында әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Этикалық кодекс саласында бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізуде. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппараты әдеп жөніндегі уәкілдің Қарағанды облысы әкімі аппаратымен келісілген 2019 жылға жұмыс жоспары бекітілді.

Әдеп жөніндегі уәкілі туралы ақпарат аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.

Қызметтік этика ережесін бұзушылықтың жолын кесу шараларына азаматтық қоғам өкілдерін кеңінен тарту мақсатында "Facebook" әлеуметтік желісінде "Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі" парақшасы ашылды.

Мемлекеттік қызметте этикалық деңгейді арттыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан түсіндіру және алдын-алу іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.

2019 жылы Ақтоғай ауданында 6 әр түрлі іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 11семинарлар, БАҚ-та(бүқіларалық ақпараттар құралдарында) 1 және интернет-ресурста 5 мақалалар жарияланды. Есепті кезеңде 10 жеке қабылдаулар, оның ішінде 2 жеке қабылдау жүргізілді. Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша аймақтарға, оның ішінде кент, ауыл, ауылдық округтерге 11 түсіндірме жұмыстары  

Жеке консультативтік көмек алу үшін әдеп жөніндегі уәкілдерге жүгінушілер санының артуы байқалады. Есепті кезеңде консультативтік кеңес алу үшін 5 азамат, оның ішінде 5 мемлекеттік қызметшілер әдеп жөніндегі уәкілге жүгінді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженінің 10 тармағына сәйкес ағымдағы 2019 жылдың 4 тоқсанында ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалды талдау және мониторинг жасау үшін мемлекеттік қызметшілер арасында жасырын сауалнамасы жүргізілді. Жасырын сауалнамамен 119 мемлекеттік қызметшілер қамтылды. Қызметтік этиканы, шектеулер мен тыйымдарды сақталуын бақылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде күн сайын мониторинг жүргізіледі. Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы бекіткен мемлекеттік қызметте этикалық деңгейді арттыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында кеңейтілген аппараттық кеңес өткізіліп, ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне және дербес бөлім басшыларына атап тапсырылды.

Алдағы уақытта қызметтік әдеп нормаларының сақталуына және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыруға жұмыстар жұргізілетін болады.

 

 

 

 

 

Ақтоғай адуаны әкімі
аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі                                     Б.Әмірғасым

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района