в актогае 16
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
Мобильная версия

2018 жылдың қорытындысымен Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша есебі

1.    Жалпы ережелер
 

         Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес  Ақтоғай ауданының әкімдігіне бағынысты 11 бөлімнің ішінде 8  бөлім және аудан әкімі аппаратының АХАТ қызметі 94  мемлекеттік  қызмет түрін көрсетеді.

№ п/п

Мекеменің атауы

Мемлекеттік қызметтер саны

Тегін көрсететін мемлекеттік қызметтердің саны

Қағаз жүзінде көрсететін мемлекеттік қызметтер саны

Электрондық түрде көрсететін мемлекеттік қызметтер саны

1.

 «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ

23

23

19

4

2.

 «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

17

17

12

5

3.

 «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

22

21

13

8

4.

 «Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ

8

5

5

3

5.

«Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі» ММ

4

3

4

4

6.

«Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

1

1

1

0

7.

«Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ

7

7

5

2

8.

«Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

2

2

2

0

9.

«Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының АХАТ қызметі»

10

7

5

5

 

Барлығы

94

86

66

40

         2018  жыл бойынша Ақтоғай ауданы әкімдігінде жеке және заңды тұлғаларға Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары арқылы  барлығы 17643  мемлекеттік  қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 2514, мемлекеттік мекеме арқылы баламалы және баламасыз түрде қағаз жүзінде 10983 қызмет түрі және электрондық үкімет порталы арқылы 271  қызмет, мекеменің ақпараттық жүйесі арқылы 3799 қызмет  түрі көрсетілген.

 

Анықтама түрде:

•  «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ-сі 2418 қызмет көрсеткен, оның ішінде ХҚКО арқылы 140 қызмет, ал мемлекеттік мекеме арқылы баламалы түрде 1603,  баламасыз түрде 426, «Электронды үкімет» порталы арқылы 249  қызмет көрсеткен.

•  «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі 2964 қызмет көрсеткен, оның ішінде ХҚКО арқылы 126 қызмет, мемлекеттік мекеме арқылы баламасыз түрде 786, баламалы түрде 2052 қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі 2361 қызмет, оның ішінде ХҚКО арқылы 2 қызмет, ал мемлекеттік мекеме арқылы баламалы түрде 2358 қызмет, ЭҮП арқылы 1 қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі ХҚКО арқылы  61 қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі» ММ-сі 7312 қызмет көрсеткен, оның ішінде ХҚКО арқылы 0 қызмет, мемлекеттік мекеме арқылы баламалы түрде 3513 және мекеменің ақпаратық жүйесі арқылы 3799  қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі барлығы 85 қызмет көрсеткен;  мекеме арқылы 9 қызмет, ХҚКО арқылы 76 қызмет көрсеткен.

• «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі  барлығы 1330 қызмет, оның ішінде ХҚКО арқылы 1185, мекеме арқылы 78 қызмет көрсеткен.

 • «Ақтоғай ауданының әкімі аппараты» ММ-сі АХАТ қызметі  1112 қызмет, оның ішінде ХҚКО арқылы 1000 қызмет, ал мемлекеттік мекеме арқылы баламасыз түрде 15, баламалы түрде 86, «Электронды үкімет» порталы арқылы 21 қызмет көрсетілген.

 • «Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызмет көрсетілмеген.

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
 

         Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын барлық мекемелердің стендыларында, инетернет-ресурста қызмет алушыға қол жетімді болу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері, инфографикалары, чек парақтары ілініп жарияланған.

          2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушыларға көрсетілетін қызмет тәртібін түсіндіру, электронды үкімет порталының мүмкіндіктері және электронды қызмет алу үлесін арттыру бойынша сондай-ақ ЭЦП электронды сандық қолтаңба алу бойынша  Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 126 түсіндірме іс-шаралары (жиындар, баннерлар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі, жергілікті БАҚ ақпараттар, бейне жазбалар) өткізіліп оған 7490 тұрғын қамтылды.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, мерзім бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік  қызмет көрсетуге қатысатын мекеме басшыларына аппараттық жиындарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау  қағидаларына, 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 8 бұйрығымен бекітілген Ақтоғай ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің 2018 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөліміне, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, ветеринария бөліміне, ауылшаруашылығы бөліміне, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөліміне, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне, халықты жұмыспен қамту орталығына, экономика және қаржы бөліміне, білім бөліміне, ветеринариялық қаржы бөліміне, Ақтоғай ауданының білім бөлімі бойынша жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтердің 2018 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 27 бағынысты мекемеге ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді. Жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы бөлімінде және  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде, халықты жұмыспен қамту орталығында, білім бөлімінде, ветеринариялық станцияда заң бұзушылықтар  анықталды. Заң бұзушылықтарға жол берген 9 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып жіберілген заң бұзушылықтар қалпына келтірілді.       

        Сонымен қатар  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының қызметкерлерімен қоғамдық кеңес өтті.Оның басты міндеті Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдарының сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының нормаларын сақтау болды, яғни:

-  қызмет көрсетуге түсетін өтініштерді тіркеу журналдарын тәртіпке келтіру;

-  ақпараттық стендтерде Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері бойынша өтініштердің нысандарын орналастыру;

-  мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын ведомстволық бағынысты ұйымдарда, кәсіпорындарда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталу-сақталмауына және мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарында көрсетілген соңғы нәтижелерді (анықтама, жазбаша хабарлама) беру мерзімдерінің сақталуына ішкі бақылау жүргізу;

-  жергілікті атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін қосымша қызмет түрлерін анықтау үшін талдау жасау, ол қызмет түрлерін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізуге ұсыныстар беру;

-  үй-жайлардың материалдық және техникалық құралдармен жабдықталуын қамтамасыз ету, қызметтерді алу талаптарының қолайлылығын арттыру, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өткізу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасының стандарттарына және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігін анықтау үшін  мемлекеттік қызметтер көрсетілетін үй-жайларға түгендеу жүргізу;

-  мемлекеттік қызметтер көрсететін субъектілер үшін мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерінің негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу;

-  электрондық қызмет алу үлесін арттыру  және ЭЦП мен тұрғындарды қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
 

       Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан Республикасының халқына Жолдауында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарылату және электрондық үкіметті дамыту сұрақтарына көп көңіл бөлген.

      Бұл барлық уақытта даму векторының бюрократия мен жемқорлықты жою, «бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.

      Бұл біздің көзқарасымызда шенеуніктермен тікелей байланысуды шектеуге жол береді және бұл өкімет құрылымдарында жемқорлықтың пайда болуға жағдайларын қысқартады.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың,

 республикалық маңызы бар қалалардың,   астананың, аудандардың,

облыстық маңызы бар  қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, 
қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар,  кенттер, ауылдар,

ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысанына 

қосымша

 Нысан 

 

2018 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Өтініш беруші туралы мәлімет

Шағымның мазмұны

Шағымды қарастырған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарастырған күні

Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

Өтініш келіп түскен жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района