в актогае 25
USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
Мобильная версия

Ақтоғай ауданының әкімі Әбеуова Салтанат Мірәсілқызының 2017 жылғы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары және алда тұрған міндеттер туралы есебі

Ақтоғай ауданының әкімі Әбеуова Салтанат Мірәсілқызының 2017 жылғы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары және алда

тұрған міндеттер туралы есебі

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Міне, тағы бір жылды шығарып салып, жаңа жылға қадам бастық. Өткен  жыл EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі, облыстық деңгейде Қазыбек бидің 350 жылдығы, Абайдың ақындық мектебінің талантты өкілі, дүлдүл ақын, күміс көмей әнші, дарынды сазгер, жерлесіміз Әсет Найманбайұлының туғанына 150 жыл толуы сияқты айтулы даталар мен ел өміріндегі маңызды оқиғаларға толы, өңір үшін ілгерілеу серпіні бар жыл ретінде тарих қойнауына кетті. Еліміздегі даму процестеріне жалпы облысымыз, оның ішінде ауданымыздың да қосқан өзіндік үлесі бар.

Біздің жұмысымыздың басты өлшемі – халықтың берер бағасы. Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін атқарушы билік пен халық арасындағы ашық диалог ретінде бағалауға болады. Аудан басшысы ретiнде қалыптасқан игі дәстүр бойынша Сіздерге  өткен жылғы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындыларымен және ағымдағы жылы ауданның атқарушы билігінің алдында тұрған міндеттерi туралы  есебiмдi назарларыңызға ұсынамын.

Өткен жыл Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауымен айшықты болды. Бұл Жолдауда да Елбасы жаһандағы жағдайды жіпке тізіп, келесі онжылдықтың мақсат-мүддесін айқындап, егемендік жылдарында қол жеткен табыстарымызды одан әрі еселей түсу тетіктерін анықтап, халқымызды толғандырып отырған барлық мәселелерге жан-жақты жауап берді.

Елбасы өз Жолдауында айтқанындай: "Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді ".  Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды реттеп отырамыз.

Құрметті қауым!

Ауданның даму қарқыны бірінші кезекте мемлекеттік бюджетке тікелей байланысты екені белгілі.

2017 жылы бюджеттің кірістер жоспары 5 млрд 115 млн 460 мың теңге, орындалысы 5 млрд 165 млн 852,5 мың теңге немесе 100,9 %.

Оның ішінде аудан бюджетінің таза түсімдерінің жоспары 1 млрд 466 млн 966 мың теңге, бүгінгі күнге орындалысы 1 млрд 517 млн. 358,5 мың теңге, немесе 103,4 % (50392,5 мың теңге жоспардан артық түсті).   Бюджеттің шығыстар жоспары 5 млрд 242 млн 349  мың теңге, бүгінгі күнге орындалысы 5 млрд 224 млн 890,8 мың теңге немесе 99,7%. Бұл жақсы көрсеткіш болып табылады.

            Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 98-ші қадамында «Ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады.», - деп атап көрсетілген.

Бүгінгі күнде аудан бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетінің алғы шарттары болып табылатын барлық кент, ауыл, ауылдық округтерде «Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары» ауданның қазынашылық бөлімшесіндегі шоттарға аудан бойынша 2018 жылдың  1 қаңтарына  құралған қалдық 49 283,1 мың теңге,   түскен түсімдер 37 465,9 мың теңге. 2017 жыл ішінде ауыл, кент, ауылдық округтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан 25 486,5 мың теңге жұмсалған.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту мақсатында ағымдағы  жылдан бастап  халық саны 2 мыңнан жоғары, 2020 жылдан барлық кент, ауыл, ауылдық округтердің дербес бюджеті, яғни бюджеттің 4-ші деңгейі қалыптастырылуда.

«Жергілікті өзін-өзі басқару ұтымды құрылса, халықтың негізгі өмірлік қажеттілігін қамтамасыз ету мәселері шешіледі, сонымен қатар, халықтың билікке деген сенімі едәуір артады» делінген мемлекет басшы бекіткен тұжырымдамада. 

Ақтоғай ауданы бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 67 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Барлық нысан саны 16371, баланстық құны –  2 621 598,12 мың теңгені құрайды.

Экономикалық өсім қарқынына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – ауданға инвестиция тарту.

Индустриаландыру картасы аясында ашылған құны 21,5 млрд теңге «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіру кәсіпорыны ауданға зор көмегін тигізуде. Аталған кәсіпорын  2017 жылы 2178 кг алтын шығарып, 28 541,0 млн. теңгенің өнімін өндірді немесе жалпы ауданның өнеркәсіп өндірісінің 82%-ын құрады. Қазіргі уақытта кәсіпорында 557 адам, оның ішіндегі ауданнан 67 адам жұмыс істеуде.

Жүзеге асыру орны: «Пустынное» кен орны

Жүзеге асыру кезеңі: 2017-2018 жж.

Жобаның жалпы құны:  12 114 млн. теңге

Жұмыс орындарын құру: 40

Жоба қуаты: жылдық өндіріс қуаттылығы 2900 кг доре құймасына жеткізілетін болады

Жобалық қуатқа шығу:           2019 жыл

Қазақстандық үлес: тауарлар, жұмыстар мен қызметтер - 80%.

 

 Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 2017 жылы Ақтоғай ауданы бойынша «Алтыналмас АК» АҚ-ның «Пустынное» алтын өндіруші фабрикасы өндірісінің кеңейту жобасын Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізіліп, Қарағанды облысының Үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінен қолдау тапты. Бүгінгі күнде кәсіпорын құрылыс жұмыстарын жүргізуде, салынған инвестиция көлемі 4959,5 млн. теңге. 

 Сонымен бірге алдағы уақытта «AZURIT-TC» кәсіпорыны  «Ұлытау-К» Тесіктас кен орыны, «Балқаш-Сарышаған», «Керегетас» Қасқырқазқан кен орындарын зерттеу сияқты ірі жобалар тұр. Бұл жобалар да "Алтыналмастан" кем болмайды деген болжам бар.

Өнеркәсіп саласында 2017 жылы өнім өндіру көлемі 36 млрд. 975,9 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (31 млрд. 938,9 млн. теңге) салыстырғанда өсім 115,8% құрады. Нақты көлем индексі 105%.

 Аудан бойынша 2017 жылдың 12 айында инвестиция көлемі 6 млрд 715,2 млн. теңгені құрап, 2016 жылмен  салыстырғанда 155,8%-ды құрады. Нақты көлем индексі 151,3% құрайды.

Аудан экономикасы негізінен ауыл шаруашылығы саласына бағытталғандықтан, бұл салаға кеңірек талдау жасаған дұрыс деп ойлаймын. Жалпы сала бойынша даму динамикасы бар, шартты мал басы 78,2 мыңды құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 107 %-ға  өсіп отыр. Оның ішінде ірі қара - 48471 бас (102%), қой-ешкі -100 083 бас (105%), жылқы – 21 551 бас (110 %), түйе 560 бас (118 %), құс 20331 бас (114 %) болып есептелді. Ал 2017 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 12 307,8 млн теңгеге жетіп, 2016 жылмен салыстырғанда 102,2 % орындалды.

Аудан бойынша мал шаруашылығы саласы бойынша оның өнімділігін және сапасын арттыру мақсатында 2017 жылы асыл тұқымды малдармен жұмыс бірыңғай ақпараттық базасына тіркелген 157 шаруа  қожалығы асыл тұқымды 155 аталық ірі қара малын сатып әкелді.

«SC Food» ЖШС-і арқылы ірі қара малының тұқым тұрлендіру бағдарламасына қатысушы 40 шаруашылық 84 бас «Ангус» тұқымды аталық мал жалға алынды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына аудан бойынша 2017 жылы ауылшарушылығы тауарларын өндірушілер барлығы 211 млн 172 мын теңге субсидия алды.

  • Асыл тұқымды ірі қара малы үшін – 13 275,0
  • Ірі қара малдың тұқым түрлендіру бағыты бойынша – 120 634,0 мың.тг
  • Шетелдік ірі қара малын сатып алғаны үшін – 8 614,0 мың.тг
  • Отандық асыл тұқымды ұрғашы тайыншаларды сатып алғаны үшін  - 16 500,0 мың.тг
  • Отандық асыл тұқымды аталық малдарды сатып алғаны үшін  - 22 825,0 мың.тг
  • Асыл тұқымды аталық малдарды жалға бергені үшін – 5 900,0 мың.тг
  • Асыл тұқымды қой малы үшін – 9 507,0 мың.тг.
  • Қой малының тұқым түрлендіру бағыты бойынша – 6 700,0 мың.тг
  • Асыл тұқымды қошқарларды сатып алғаны үшін – 1 272,0 мың.тг
  • Асыл тұқымды айғыр сатып алғаны үшін – 1 600,0 мың.тг.
  • Жылқы етін өндіргені үшін – 1 000,0 мың.тг
  • Қозы етін өндіргені үшін – 1 705,0 мың.тг
  • Қымыз  өндіргені үшін – 6 880,0 мың.тг

 

            «Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін арттыру» бағдарламасына сәйкес аудан бойынша 77 тонна көлемінде ет өткізу жоспарланса бұл 76,4% -ға орындалып отыр.   

 Өткен жылы «Ақтоғай несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы барлығы 149 100,0 млн.тг несие берілді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5 шаруашылық 30,8 млн тг. (164 аналық мал 8 бас асыл тұқымды аталық мал).

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1 шаруашылық 5,0 млн.тг. (184 ұрғашы тоқты, 10 асыл тұқымды қошқар).

«Құлан» бағдарламасы бойынша 1 шаруашылық 14,0 млн.тг. (30 аналық мал 2 бас асыл тұқымды аталық мал)  алды.

Сонымен қатар 14 шаруашылық «Бірлік» бағдарламасы бойынша 99,2 млн.теңгеге ауыл шаруашылық малдарын сатып алып өсіріп отыр.

             Аудан бойынша құрылған  ауыл шаруашылығы өндірістік 5 кооперативтің 68 мүшесі 181 150 млн.теңге несие қаражатын алды. 1020 бас ірі қара малдары сатып алынып алдағы уақытта орталықтандырылған түрде ірі кәсіпорындарға өнімдерін өткізу жөнінде жұмыстар ұйымдастырылуда.

    - «Береке» бағдарламасы арқылы Шабанбай би ауылдық округінен «Алихан» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің 21 мүшесі 49  млн 200 мың теңге несиеге - 284 бас;

    - Ақтоғай ауылынан «Алаш» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің 24 мүшесі 68 млн 550 мың теңге несие алып 386 бас;

    - Сарытерек ауылдық округінен «Сарытерек өнімдері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің 8 мүшесі 18 млн 400 мың теңге несие алып 101 бас;

    - Қарабұлақ ауылдық округінен құрылған «Береке-2017» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің 15 мүшесі 45 млн теңге несие алып  249 бас  ірі қара малдарын сатып алды.

            Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құрмай отырған ауылдық округ әкімдерінің алдында тапсырманы орындау, жүзеге асыру міндеті тұр.

            2017 жылы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде  аудан бойынша 88 отбасылық мал бордақылау алаңын ашуға 103 млн 300 мың теңге, 1 сүт қабылдайтын пунктке 4 млн 500 мың теңге, 1 мал соятын алаңға 38 млн 500 мың теңге, 1 мал соятын алаңды қайта жабдықтауға 5 млн теңге, 2 жем-азық цехына 4 млн 600 мың теңге, 1 рефрижераторға 8 млн 000 мың теңге қаралып отыр. Әр ауылда кем дегенде 1 инвестициялық жобаның болуы, өз ісін ашып кәсіппен айналысатындар санын арттыру шараларын жүзеге асыру бүгінгі күн талабы.

            Ауданда 2016-2019 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін бизнес жоспарлар жасалып, 5 инвест жоба облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан салалық қорытындылар алып, бүгінгі күнге қаржы орталықтарымен, банктермен жұмыс жасауда. Олар: Ортадересін а/о «Айтас-2002» ЖШС-і қымыз өнімдерін өндіру цехын ашу, Абай а/о «Нұр» шаруа қожалығы 100 сиырға арналған сүт тауарлы фермасын ашу «Ақтоғай мал өнімдері» ЖШС 1000 басқа дейін жылқы малын өсіру. «Айка және Samtrs Croup» ЖШС – 600 бас ірі қара малын ұстауға арналған кешенін салу жоспары тұр.

            Ақтоғай селосы басынан жеке кәсіпкер «Мұңайтпасова» «FRESH MILK YOM S - 200» ашық сүт салқындатқыш қондырғысын әкеліп Сүт қабылдау пункті және коммуналдық базар алаңын ашу жұмыстары жүргізілуде.

            2017 жылы аудан  бойынша 1280 га жерге дәнді – дақыл, оның ішінде 600 га бидай, 680 га арпа егіліп әр гектарынан 12 центнерден өнім алынды. 71 га картоп,  49 га жерге егілді. Картоптан 2415,5 тонна, көкөністен 2500 тонна өнім жиналды.

Өткен жылы 236 мың тонна мал азығы дайындалды. Негізінен жылда жем – шөптің 97,4% жайылымдықтан, 2,1% табиғи шабындық жерлерден дайындалды.  Жоспарланған мал азығы аудан бойынша қолда бар төрт түлік малға жеткілікті.

Дегенмен ауданда бос жатқан шаруа қожалықтары иелiктерiндегi 52 мың гектар көпжылдық шөп алқаптарын жаңғырту қажет.

Аудан көлеміндегі 60 мың гектар түбірінен жақсартылған жайылымдық жерлер шаруа қожалықтарының иелігінде.

Өткен жылы өз қаражаты есебінен Жидебай ауылдық округіне қарасты «Тәттібек» мал бордақылау алаңы  ашылып 150 бас ірі қара 25 жылқы малы бордақыға қойылды.

            Биылғы жылы Ақтоғай селосы, жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған грант иегері «Алаш» кооперативінің мүшесі Абзалбеков Бекзаттың мал бордақылау алаңы ашылды болды. Казіргі кезде мал бордақылау алаңында 81 бас ірі қара малы семіртуге қойылған.

            Бұл бағыт бойынша жұмыстар жалғасуда. Іске қосылу мерзімдері 2018-2019 жылдарға жоспарланған 100 және одан жоғары мал бордақылау алаңдары  яғни Жидебай а/о «Азамат» ШҚ, Нүркен а/о «Қояншоқы», Қараменде би а/о «Бахтияр» ШҚ, Сарытерек а/о  «Әлия» ШҚ, Қарабұлақ а/о «Азамат Қарасу» ШҚ  мал бордақылау алаңдарын ашу жұмысын 2018 жылдың еншісінде тұр.

 2017 жылы  ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу жоспары 35 000 га болса, орындалысы – 53 000 га (125% артық орындалған).

          Аудан әкімдігі жанынан  жер заңнамасын бұзған, тиімсіз пайдаланған, мақсатсыз пайдаланған жер көлемін анықтау мақсатында құрылған «Жұмыс тобы» арқылы жерлерін тиімсіз пайдаланған 86 жер пайдаланушы (592 663 гектар) анықталды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде бұл көрсеткіш 42 ге (218 370 гектар) азайды.

Айналымға енгізу, түгендеу жұмыстары 2016-2018 жылдары белгіленген жоспар бойынша жалғасады. Арнайы құрылған жұмыс тобымен жер заңнамасын бұзған, малдары тіркелмеген, жерлерін пайдаланбай отырған, бөтен жерлерді басып алған 8 шаруа қожалықтың құжаттары тексеруге ұсынылып, нәтижесінде шаруа қожалықтары жетекшілеріне салық мөлшерлемесін он есеге ұлғайту жөнінде (жалпы сомасы 400.000 тг) шара қолданылды. Сондай-ақ 1 шаруа қожалығының («Самат» ш/қ, Жидебай ауылдық округі) жері облыстық ауданаралық экономикалық соттың шешімімен жер қорына қайтарылды. 2 шаруа қожалығының және 2 ЖШС–нің құжаттары облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына тексеріс ашуға ұсынылды.

Ауданымызда ауыл шаруашылығы өндірісінде жұмыс жасайтын                582 - трактор, 30 - астық жинайтын комбайн, 378 - трактор тіркемесі,                38 басқа да техникалар, барлығы 1 484 ауыл шаруашылық техникасы бар.       

2017 жылы жалпы 79,4 млн теңге қаржыға 7 доңғалақты трактор, 15 дана өзге ауылшаруашылық техникалары (7-рулон пресс, 4-шөпшабатын косилка, 1-КУН шөптиегіші, 3-тырма) барлығы 22 ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды. Бұрынғы жылдарға қарағанда техникалардың көптеп алынуына 50% құнын өтеу жеңілдік субсидиясы жақсы әсер етті.

            Аудан бойынша 283 қыстақтың 86-на ғана электр жүйесі тартылған. 50% - дық жеңілдікпен күн сәулесімен энергия қондырғылары 8 шаруа қожалығына орнатылды.

2017 жылы Абай ауылдық округі «Жұмағазы» ш/қ – 3 млн 500 мың  теңге, Ортадересін ауылдық округіне қарасты «Мадияр - 2010» ш/қ 3 млн 800 мың теңгеге «күн сәулесі қондырығысын» орнатты. Мемлекет тарапынан берілетін инвест субсидияға 3 350,0 млн.тг алды. Қарабұлақ ауылдық округінен «Омар» ш/қ 11 млн теңге қаржыға жоғары кернеулі тоқ көзін тартты.

.           Қалған шалғайдағы 197 қыстақ жарықсыз отыр. Сондықтан әрбір әкім аймағындағы шаруа қожалықтармен жұмыстар жүргізіп, мемлекет тарапынан беріліп отырған жеңілдіктерді толық пайдалануы қажет.

            Аудан экономикасының негізін қалаушы ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан ветеринариялық қызметтің де міндеті ауқымды.

            Ауданға жергілікті бюджеттен 2017 жылы «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 123 млн 216 мың теңге қаржы бөлінген.

Бруцеллез  ауруына серологиялық   зерттеуге   жылдық  жоспардың  орындалғаны  ІҚМ - 69 118  бас  100%,  қой –ешкі -161 026  бас   жоспар  толық 100 пайызға   орындалды.  Қалған  мал  түліктері бойынша  да жоспар  толық  орындалған.

        Бруцеллез  11  елді  мекенде 212  ірі қара, 2 елді  мекенде  13 бас  қой-ешкі  оң  нәтиже  берген.

Залалсыздандыру  жұмыстары   ауру шыққан  ошақтарға  толығымен   жүргізілді. 115 бас ірі қара малы 13 бас ұсақ мал ветеринариялық заңдылыққа сәйкес  жойылды. Бруцеллез малды жоюға байланысты, олардың  құнынының 30 пайызы мал иелеріне өтеу  бойынша 6 млн 809 мың теңге қаралып, толық игерілді. Алайда жүргізілген диагностикалық ветеринариялық іс-шараларға қарамастан ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы ауруларға шалдығуына жол берілді.

            Ауыл шаруашылығы  жануарларын  бірдейлендіру жұмыстары аудан  бойынша  21 900  бас  ірі қараға немесе 100 %, 62 000  бас  қой –ешкіге немесе 102 %, 140  бас түйеге немесе  100%, 65 бас шошқаға немесе 100%, 5853 бас  жылқыға немесе 104% орындалды. Дегенмен тұрғындар арасында бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де болса жетілдіру міндеті тұр.   

2017 жылы қолдан ұрықтандырылған мал 360 бас (Жидебай а/о-80 бас, Шабанбай би а/о -80 бас, Нүркен а /о -80 бас, Ақтоғай ауылы-80 бас, Сарышаған кенті-40 бас). 2018 жылы 335 бас ірі қара малына ұрықтандыру жүргізу жоспарлануда.

Аудан бойынша  Ақтоғай ауылында және 8 ауылдық округте (Нүркен, Ортадересін, Шабанбай би-2, Қараменде би, Қызыларай, Сарытерек, Қарабұлақ-2, Тасарал) 11 мал сою алаңы бар. 6 ауылдық округте (Жидебай, Кежек, Айыртас, Абай, Қусақ, Тораңғалық)  және Шашубай, Сарышаған кентерінде, барлығы 8 жерде  мал сою алаңдары қажет. Қусақ ауылдық округінде жеке кәсіпкер өз есебінен мал сою алаңының құырлысын салып, құжаттары рәсімделу үстінде. Мал сою алаңдары жоқ ауылдық округ және кент әкімдеріне осы проблемалық сұрақты шешу тапсырылған.  

            Ауданның  17  ауылдық  округінің 6-да  мал  қорымдары  бар. Нүркен, Қусақ, Қызыларай, Ақтоғай, Жидебай, Қарабұлақ  ауылдық  округтерінде типтік   негізде  салынған. Биылғы жылы Сарытерек,  Шабанбай би ауылдық  округтерінде  типтік негізде  мал  қорымы  салынатын болады. Бұған 18 млн теңге қаржы қаралып отыр.

Шабанбай би ауылдық округінде орналасқан 84 шаршы метр аумақтағы сібір жарасы көміндісіне жергілікті бюджеттен 410 мың  теңге қаражат бөлініп, ветеринарлық талапқа сай салынып аяқталды.

            Эпизоотиялық ахуал тұрақты, ауылшаруашылығы жануарлар арасында ауру тіркелген жоқ.

Аудан экономикасы келешекте тек өнеркәсіп кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығына ғана тәуелді болмас үшін біз шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай туғызып, қолдау көрсетуіміз қажет. Өткен жылы аудан көлемінде 1225 бизнес субъектілері жұмыс жасап,  4711,8 млн. теңге көлемінде өз өнімдерін өндірді. 2016 жылмен (4487,4) салыстырғанда  105%-ды құрап отыр.

Шағын және орта бизнес саласында жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1225, өткен жылдың сәйкес мерзімімен  (1095) салыстырғанда 111,9% өсіп отыр.

Жалпы кәсіпкерлік саласындағы адамдар саны – 3117, өткен жылмен  (3101) салыстырғанда 100,5%. Аудандағы экономикалық белсенді халықтың 31,5% құрайды.   

Өндірілген өнім көлемі – 4937,6 млн. теңге, өткен жылмен (4702,5 млн. теңге) салыстырғанда  105,0%.

Бюджетке түскен ақша қаражаты 489,0 млн. теңге, өткен жылмен (468,9 млн. теңге) салыстырғанда 104,3%. 

Бөлшек сауда айналымының көлемі 1120,0 млн. теңгені құрап, өткен жылмен (1054,2 млн. теңге) салыстырғанда 106,2% кұрайды деп болжануда. Нақты  көлем индексі 100,9%.

            Ауданда жыл басынан 7 әлеуметтік нысан ашылып, жұмсалған қаражат 54,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде: 1 демалу кешені, 1 жылыжай Шашубай кентінен, 1 дәріхана Сарышыған кентінен, 1 дүкен, 1 тұрмыстық кешен Ақтоғай ауылынан, 1 монша Қызыларай, 1 шаштараз Сарытерек ауылдық округінен ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Осы әлеуметтік нысандар бойынша 15 жаңа жұмыс орыны ашылды.       

   «Бизнестің жол картасы-2020»  бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2017 жылға Тораңғалық ауылдық округінен «ДосStar» демалу кешенінің 3-ші тұрғын үй  құрылысының жобасы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартына енгізіліп, өңірлік Үйлестіру кеңесінен қолдау тауып, бүгінгі күнге банкімен («Нұрбанк» АҚ Қарағанды қ. филиалы)  келісім-шарт жасалып, демалу кешенінің іргетасы қаланды.

Жалпы құны: 21 млн. 151 мың. теңге, осының ішінде, 13 млн. 651 мың. теңге өз қаражаты, 7 млн. 500 мың. теңге несие қаражаты.

Пайыздық мөлшерлеме:  15% жылдық, оның ішінде 10% мемлекет, 5% жеке кәсіпкер төлейді.

Іске асыру кезеңі: маусым 2018 жыл.

Жобаның куаттылығына шығуы: шілде 2018 жыл.

Ашылатын жұмыс орыны: 6 адам.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен жұмыстардың бағаларын қадағалау, бағаның құрылымына жан-жақты зерттеулер жүргізіп, бағаны тұрақтандыру бағытында әкімдер мен тиісті бөлімдер арқылы дүкендердегі бағаларға  күнделікті талдау жүргізілуде, арнайы сенім телефондары да жұмыс жасайды.

2017 жылы аудан бойынша нарықтың 90 субъектісімен инфляцияны    ауыздықтау, әлеуметтік  маңызы бар аса қажетті азық-түлік  тауарларының  негізгі  түрлеріне қосылатын  үстемені 10%- дан асырмау мақсатында кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, жеке кәсіпкер болып үш жақты  меморандум жасалды.

 Аудан кәсіпкерлері азық-түлік тауарларын Қарағанды қаласынан тасымалдайтындықтан көп жағдайда облыс орталығындағы бағаға тәуелді болып отыр. Осыны ескере отырып аудан орталығынан арзан бағада көтерме-бөлшек  сауда орталығы жұмыс жасауда (Н.Тусупбекова).

   Аудан халқын азық-түлік тауарларымен, ауыл шаруашылық өнімдерімен  қамтамасыз ету мақсатында нарықтық бағадан  15-20 % төмендетілген бағада аудан басында 36  жәрмеңке өткізіліп, 19 млн  теңгенің  азық-түлік және шаруашылық тауарлары, ауыл шаруашылық өнімдері сатылды.  

Жәрмеңкелерде барлығы:  15 тонна картоп, 10 тонна қырыққабат, 5 тонна сәбіз, 1,64 тонна қызылша, 15,5 тонна пияз, 224 мың дана жұмыртқа, 5 тонна сұйық майы, 5 тонна макарон өнімдері, 3,0 тонна қант, 10,0 тонна ұн, 5,0 тонна балық өнімдері және ет, сүт, нан өнімдері мен ауыл шаруашылық тауарлары сатылды.                                                                                                                 

Негізгі маңызды бағыттардың бірі - жаңа әлеуметтік саясат. Елбасы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына әрқашанда ерекше назар аударып отырады.

2017 жылы жалпы аудан бойынша 796 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, 690-ы  жұмысқа орналастырылды.

Өз ісін ашып өзін-өзі жұмыспен қамтуға ниет білдірген 28 жұмыссызға 90760 теңгеден 2 млн 541 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.

            Қоғамдық жұмыстарға 181 жұмыссыз, 17 кент, ауылдық округ әкімдері аппаратына жолданды.

            Нысаналы топтағы 26 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орнына қатыстырылып, тұрақты жұмысқа орналастырылды.

            Аз қамтылған 9 отбасының 26 адамына 1 млн 370 мың теңге төленді. Кедейшілік деңгейі 0,1% құрап отыр. (Облыстық кедейшілік деңгейі 0,2%). 2016 жылмен салыстырғанда 5 отбасыға азайды.

Барлығы 68 отбасы 2 млн 085 мың теңге көлемінде  тұрғын үй көмегін алды.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 114 отбасының 369 баласына барлығы 6 млн 759 мың теңге төленді.

Ауданда есепте 662 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Оның ішінде: І топтағы – 69, ІІ топтағы – 324, ІІІ топтағы – 223 мүгедек, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 46. Оның ішінде жұмыссыз ретінде тіркелген 25 мүгедекке 466 650 теңгеге біржолғы материалдық көмек көрсетілсе, 21-сы жұмысқа орналастырылды.

Мүгедектерді арнаулы жүріп тұру құралдармен қамтамасыз ету бойынша серуендеуге арналған кресло-арбаларға мұқтаж 8 мүгедектің 4-уі қамтылды. Бөлмеде жүріп тұруға арналған кресло-арбаға мұқтаж 7 мүгедек  құрылғымен қамтылды.

Қозғалуға қиындығы бар, жеке көмекшінің қызметіне мұқтаж 17 мүгедекке жеке көмекшілер тағайындалып, 5 млн 970 мың теңге жұмсалды.

30 мүгедекке жергілікті бюджет қаражаты есебінен 21 мың 173 дана гигиеналық құралдар таратылды.

Сурдотехникалық құралдар бойынша веб-камерасы бар ноутбукпен 1 мүгедек, есту аппаратымен 6 мүгедек, мәтінді хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефонмен 2 мүгедек, саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағатпен 4 мүгедек қамтылды.

Тифлотехникалық құралдар бойынша диктофонмен 1 мүгедек, дыбыс жазбасын шығаруға арналған плеермен 3 мүгедек, дыбыспен хабар беретін және диктофонды бар ұялы телефонмен 2 мүгедек, сөз шығаратын термометрмен 2 мүгедек, тифломагнитолламен 2 мүгедек және нашар көретін адамдарға арналған сағатпен 8 мүгедек қамтылды. Тифло таяққа мұқтаж 5 мүгедек қамтылды. Сөз шығаратын танометрмен  1 мүгедек қамтылды.

            Басқа тараптан көмек қажет ететін жалғызілікті І, ІІ топтағы 8 мүгедекке 213 мың 286 теңге төленді.

Қарағанды қаласындағы №2 медициналық әлеуметтік мекемесінде 38 ардагер және Щучинск қаласындағы «Береке» шипажайында 6 мүгедек, Саран қаласындағы «Санаторий-Березняки» шипажайында 2 мүгедек бала тегін емдеу-сауықтыру шараларымен қамтылды.

Қарттар күні мерекесіне орай 593 қарт адамдарға әрқайсысына 3000 теңгеден барлығы 1 млн 779 мың теңге бір жолғы материалдық көмек, 155 қартқа тегін азық-түлік жиыны, 15 қартқа отын-шөп, 290 қартқа мерекелік түскі астар берілді  және 161 қартты газет-журналдарға тегін жаздыруға  демеушілер арқылы көмектер көрсетілді.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша 26 мұқтаж азаматқа 1 млн 370 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

«Өрлеу» жобасы аясында шартты ақшалай көмек көрсетуге 2017 жылға республикалық бюджеттен  1 млн 044 мың 996 теңге, аудандық бюджеттен 1 млн 255 мың 338 теңге барлығы 2 млн 300 мың 334 теңге қаржы жұмсалып оған 12 отбасының 71 адамы қамтылды.

             «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2017 жылы  ауданға жалпы 302 млн 542 мың теңге қаржы бөлінді.

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға барлығы 12 млн 904 мың теңге қаржы қаралып, бағдарлама арқылы 142 адам шаштараз, кәсіпкерлік негіздері,  ветеринар санитар, аспазшы, от жағушы операторы, компьютерлік курс мамандықтарын игерді. 

Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша өз ісін ашуға немесе дамытуға 33 адамға 268 млн теңге қаражат жоспарлаған.

Бастау Бизнес жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға  кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы арқылы 184 адам жіберіліп, 162 адам оқуларын аяқтап сертификаттарын алды. Оның 22 адам әр түрлі себептермен оқудан шығарылды.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы несие алуға 45 адам 166 млн 399 мың теңгеге жолдама алып, 43 адам 159 млн 599 мың  теңгеге несие алды. Қайтарылған қаржы есебінен 2 адам 4 млн 528 мың теңгеге несие алды. Ақтоғай ауданының несие серіктестігі арқылы  20 адам 149 млн теңгеге жолдама алып, 18 адам 139 млн 300 мың теңгеге несие алды, бағдарлама бойынша жалпы 61 адам 298 млн 899 мың теңге несие алды. 

Бұдан басқа кооператив мүшелері 71 адам 189 млн 950 мың теңге несие алды, жалпы аудан бойынша барлығы 134 адамға 493 млн 374 мың теңге несие берілді.

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша жалпы 525 жұмыссыз тұрақты және уақытша жұмыстармен қамтылды.

Оның ішінде:

 - бос жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа 444 жұмыссыз орналасты.

 - құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына 26 адам қамтылды. - Жалпы қаралған қаржы 4 млн 963 мың теңге,

- жастар тәжірибиесіне жалпы 41 орынға 11 млн 868 мың қаралып жалпы 55 жас түлек жолданды.

- қоғамдық жұмысқа барлығы 165 орынға жергілікті бюджеттен 8 млн 800 мың теңге қаралды. Бүгінгі күнге 181 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылды. 

  Сондай-ақ үшінші бағыт бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту арқылы, инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша 6 жобаға 22 млн 837 мың теңге қаржы қаралып 14 жұмыс орны ашу оның ішінде бағдарлама арқылы 7 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жалпы орындалысы 4 жоба бойынша уақытша 18 жұмыс орны ашылып оның ішінде бағдарлама арқылы 9 жұмыс орны ашылды.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыруда бүгінгі күн талабына сай әкімдерден салалық мәселелермен шұғылдануда әлі де жан-жақты ізденіс керек.

Әлеуметтік саланың басты бағыттарының бірі - білім беру жүйесі болып табылады. Барлық қиындықтарға қарамастан, елімізде мемлекеттің білім беру саласын қаржыландыруды жыл сайын  ұлғаюда.  

Жалпы аудандық бюджеттің 57 пайызын білім беру саласы құрайды.

2017-2018 жылғы оқу жылында оқушылар саны 2 896, мектепке дейінгі жастағы 705-бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.  Қамту көрсеткіші 80% (облыстық көрсеткіш 87%).

Аудан бойынша 81 млн 480 мың теңгеге білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базалары жаңартылды. 

Аудан мектептері 49 интер белсенді тақтамен, 8 мультимедиялық, 13 физика, 9 химия, 12 биология кабинеттерімен жабдықталып, жыл сайын жаңа компьютерлермен толықтырылып отыр. Білім беру ұйымдарының материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында биылғы жылы  7 млн 650 мыңға 65 компьютер, 13 млн 440 мыңға 2 биология, 1 физика кабинеті, 2 технология кабинеттері алынды, сонымен қатар білім беру ұйымдары 25 млн 792 мыңға 55 ПИК-пен қамтамасыз етілді. Қазіргі кезде заманауи болып қалыптасқан робототехника зертханалары 2016 жылы аудан бойынша бір ғана мектепте  болса, 2017 жылы 17 млн 563 мыңға 6 робототехника зертханалық кабинеттерімен қамтылды.

Аудан бойынша 2016-2017 оқу жылында 11 орта мектепті  155 оқушы бітірді. 101 түлек ҰБТ тапсырып, қорытындысы аудан бойынша орташа 75,5 балды құрайды. Бұл  өткен  оқу жылы  қорытындысынан 3,1 балл жоғары  болды. Аудан көлемінде ҰБТ-дің қорытындысы  бойынша алдыңғылардың бірі болып  Қошқар орта мектебі – 92,5 балл, Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» ММ –  82,7 балл, Ә.Бөкейхан атындағы орта мектебі 79,3 балл жинады.

Оқу жылының соңында 93 түлек жоғарғы оқу орындарына түсіп, 31 түлек грантты иеленсе, 12 түлек колледждердің грант иегерлері атанды.

2017 жылы республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңіне 18 оқушы қатысты 12 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, жалпы сайыс қорытындысы бойынша аудан 2 орын алды. Бұл оқушылардың көрсеткіші, ұстаздардың жасаған еңбектерінің жемісі.

«Мектептің тірегі – білікті ұстаз» десек облыстық «Жыл мұғалімі-2017» байқауында Қошқар орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жақсыгельдин Ильяс өз білім, біліктілік деңгейін көрсетіп, бас жүлде гран-при иегері атанды.

Бірақ бұл көрсеткіш бізді қанағаттандырмауға тиіс.

Өткен жылы Қызыларай, Ортадересін, Ә.Бөкейхан, Ақши, Н.Әбдіров, Ә.Ермеков, Ж.Ақбай мектептері математика , география, биология, орыс тілі, тарих пәндерінен 31 жас маманмен толықтырылды.  

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы  аясында 15 жас маман  2 млн 382 мың теңгеден көтерме жәрдемақы,  10 жас маман 31 млн 915 мың  теңгеге жеңілдетілген тұрғын үйге несие алды. Алайда әлі де жекелеген пәндер бойынша мамандар жетіспейді.

Сарышаған кентінде физика, математика, Ж.Ақбай, Ә.Бөкейхан, Абай мектептеріне химия пәнінен мамандар жетіспейді.

Жазғы сауықтандыру шараларына 2648 оқушы қамтылды. Жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Бектау ата шатқалында орналасқан «Факел» балаларды  сауықтыру  лагерінің  материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында 37 млн 906 мың теңге қаржы бөлініп, бір маусымда оған 800 оқушы қамтылды. Сондай-ақ 71-оқушы  Астана қаласында өткен «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне,  1237 еңбек және көгалдандыру бригадаларына қамтылды. 

2017-2018  оқу жылында  «Өнер  мектебі»  оқушылары Алматы қаласында  өткен   X  Республикалық  «Алматы  жүрегімде»  балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән-би және  өнер байқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы  бойынша  Бас жүлдені иеленсе, өткен жылдың қараша айында Астана  қаласында өткен   «Күзгі әуен »  III  Халықаралық  балалар  байқауында  Серік  Аида I орынды жеңіп алды. 

Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі - денсаулық сақтау.  

Аудан тұрғындарына медициналық көмекті 29  төсек-орындық  аудандық орталық аурухана,  180-сырқатты 1 сменада  қарауға арналған аудандық клиникалық- диагностикалық емхана, 6 - отбасылық емхана,                                1- фельдшерлік-акушерлік пункт,  16- медициналық пункт,  барлығы  13 төсек  орынға арналған  күндізгі аурухана, 1-әлеуметтік дәріхана  көрсетеді.

2017 жылы денсаулық саласы бойынша 43 млн 457 мың теңгеге аудандық орталық аурухана ғимаратының 3 қабатына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

           Аудан көлемінде 19 жоғары білімді дәрігер  маманы,  112  орта буындағы  медицина  мамандары қызмет атқарады. 10 мың тұрғынға  есептегенде  дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші - 16,4% орта буындағы медицина қызметкерлерімен қамту - 97,5% құрайды.

          Аудан  бойынша есепте тұратын халық саны – 11 479 адам, (Сарышаған кенті тұрғындары Приозерск қаласы ауруханасына бекітілген) оның ішінде; бала - 3075,  жасөспірімдер - 650, ерлер – 5549, әйелдер  – 5930,  бала  туу  жасындағы әйелдер - 2443. 

            Жүктілікпен  166  әйел  есепке алынды, 12  апталық мерзімде -  132 әйел, 2016 жылы аудан  бойынша 110   бала  туды (2016 жылы  - 132). Жалпы өлім көрсеткіші аудан бойынша 63 адам (2016 жылы 71)      .

Әлеуметтік маңызы бар науқас түрлеріне  туберкулез және  қатерлі ісік аурулары  жатады. 2017 жылдың  қортындысы бойынша көрсеткіштер:

- туберкулез  ауруына алғашқы сырқаттанушылық 5 адам (2016 жылы 3 адам),  туберкулез  ауруының асқынғаны, өлгені  болған  жоқ.  

- қатерлі ісік  ауруына жалпы науқастыққа шалдыққандар 83 адам, (2016 жылы 103). Өкінішке орай қатерлі ісіктен  қайтыс болғандар 12 адам.  

            Скринингтік  тексеріс қорытындысы бойынша ауру түрлерін анықтау жоспары барлық түрлерінен 100 пайызға орындалды.

Денсаулық саласындағы өзекті мәселенің бірі - кадр тапшылығы.         

Бүгінгі күнге жетіспейтін дәрігер мамандары: рентгенолог, 2 жалпы тәжірибедегі дәрігер, оташы, балалар дәрігері, акушер-гинеколог, фтизиатр. 

Өткен жылы ауданға 2 дәрігер келді. Әрине олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту  күн тәртібінен түспек емес. 2018 жылы жалпы тәжірибедегі 2 дәрігермен қамту жөнінде келісім жасалды. Сондай-ақ аудандық орталық аурухана есебінен 1 ЛОР дәрігері оқытылуда. Қарағанды медициналық академиясына өтетін жәрмеңкелерге қатысып, қажетті мамандары тарту бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

            Халықтың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын іске асыру дене шынықтыруды және спортты дамытумен тығыз байланысты.

      Тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуын қамтамасыз ету мақсатында ауданда дене шынықтыру сауықтыру кешені, жабдықталған аудандық стадион жұмыс жасайды. Аудан бойынша кейінгі екі жылда барлығы 15 спорт алаңы және 3 хоккей кортына көбейді.

Жыл бойы аудан көлемінде өткізілетін аудандық спорттық іс-шараларға 3,5 млн теңге, облыстық жарыстарға аудан құрамасын дайындап қатыстыруға 6 млн 600 мың теңге қаржы бөлінді.

            Халықтың спорттың бұқаралық түрлерімен жүйелі  шұғылданушылар  саны  5192 адам,  бұл  көрсеткіш  аудан   тұрғындарының 29,5 пайызын құрайды.

            2017 жылы дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен  бұқаралық спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық деңгейде әр түрлі спорт түрлері бойынша 60-қа тарта аудандық жарыстар өткізілді. Сонымен қатар аудан құрамасының спортшылары облыстық, республикалық  жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Қазіргі уақытта тоғызқұмалақ ойынынан аудан құрамасы облыс деңгейінде көш бастап тұр.

            Желтоқсан айында Волейболдан Ә.Бөкейхан атындағы  облыстық ашық турнир 9-шы  рет жоғарғы деңгейде өткізілді.

            Ақтоғай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бүгінгі таңда Қазақ күресі, Тоғызқұмалақ, Волейбол, Футбол, Үстел теннисі, Дзю-до күресімен 690 жасөспірім шұғылданады. 

            Облыстық жарыстардан 15 алтын медаль, 18 күміс медаль, 16 қола медальдарын, Республикалық жарыстардан 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медальға ие болды. 2017 жылы Семей қаласында  өткен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республиқалық чемпионатта ауданның жас спортшы Әбілмаш Аяулым жасөспірмер арасындағы алтын медальды иеленсе, Қызылорда қаласында «Қазақ күресінен» өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Сейсенбек Аманжол күміс медальға ие болды.

         Сонымен қатар 2017 жылдың сәуір айында балалармен жасөспірімдер спорт мектебіне «Газель» автокөлігі берілді.

            Дегенменде ауылдық жерлерде спорттық шараларды өткізуде, тұрғындарды бұқаралық  спортқа тарту жұмыстары, аудандық жарыстарға қатысу ауыл әкімдерімен мектеп директорлары тарапынан өз мәнінде жүргізілмейді. Сол себепті ауыл әкімдерімен, мектеп директорлары осы аталған кемшіліктерді түзетуге жүйелі  жұмыс ұйымдастыруды міндеттеймін.  

            Мәдениет саласына тоқталсақ, халқымыздың рухани және мәдени құндылықтарымен, этнографиялық тарихи танымдықтарға  деген адамдардың сұраныстарын қанағаттандыруда өткен жылы  бірқатар жұмыстар атқарды. Бір сөзбен айтқанда аудан бойынша былтырғы жылы 1840 мәдени-көпшілік, тарихи-танымдық шаралар өткізілді.

Мәдениет саласын дамытуда жергілікті бюджеттен бөлінген 55 млн 224 мың теңге қаржыға материалдық база толықтырылды. 

Өткен  жылы аудан бойынша облыстық, республикалық деңгейде бірқатар мәдени-көпшілік  шаралар  ұйымдастырылып  өткізілді. 

Қарқаралы  аудынының  Егіндібұлақ  ауылында ұйымдастырылған  Қаздауысты  Қазбек  бидің  350  жылдығына арналған  мерейтойға «Тоқырауын  толқыны»  халықтық ән-би ансамблі  барып,  өз  өнерлерін  көрсетті.

Ал,  қыркүйек айында ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінде Қарағанды облысы күндері аясында «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі көрме қонақтарына концерттік бағдарламасын ұсынып, Қазақстан телеарнасындағы «ТАҢШОЛПАН» бағдарламасына қатысып қайтты.

20 желтоқсан күні мәдениет үйінде Ә.Найманбаевтың 150 жылдық мерейтойына орай  аудан әкімінің басшылығымен «Арғынмын, атым Әсет арындаған» атты облыстық танымдық конференция ұйымдастырылды. Сонымен қатар халық композиторларының мұрасы мен шығармашылықтарын насихаттау, дәстүрлі ән орындаушылардың музыкалық сауаттылығын, ән орындау мәдениеті мен кәсіби шеберлігін арттыру, ел ішінен жаңа таланттарды анықтау мақсатында «Інжу-маржан» тақырыбында аймақтық байқауы өтті. 21 желтоқсан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жерге тағзым» акциясы ұйымдастырылып, ол ауданнан шыққан өнерпаздардың гала концертіне ұласты.

2017 жылы жергілікті бюджет есебінен 10 млн теңгеге Сарытерек ауылдық округ клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Клуб үйінің шатыры толығымен айырбасталып, көрермендер  залының  төбесі   қапталды.  Барлық  есіктер  ауыстырылып, едендерге ламинат төселді. Клуб  үйінің  сырты  толығымен қапталып, жаңартылды.

Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 2017 жыл бойынша  кітап берілімі 263 947 болып, оқырмандар саны – 11 229 адамды құрады. Жалпы кітапхана жүйесі бойынша 590 ауқымды іс-шара өткізіліп, 16 010  қатысушы қамтылды.

Ақтоғай археологиялық – этнографиялық  музейіне 2017 жылы мұражай қорына 304 жәдігер қабылданды. Оның 111 негізгі қорда, 193 қосымша қорда. Былтырғы жылы барлығы 69 экскурсия, 54 көрме өткізіліп, оған 4 119 адам қамтылды. Сондай-ақ 6 млн.теңге қаржыға музей ғимаратының төбесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2017 жылдың қыркүйек айында аудандық мұражайға «Қазақстан-Қарағанды» және «Хабар» телеарналарынан арнайы журналистер келіп мұражай қызметкерлерінің қатысуымен туған жеріміздің «Бегазы-Дәндібай» қорымы туралы деректі фильм түсірілді.

Алдағы уақытта  мәдени мекемелер алдында ақылы қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру, жас мамандарды тарту, балаларға арналған музыкалық шағын орталық құру, халықтық ұжымдардың гастрольдік сапарының аясын кеңейту, әр ауылдық клуб үйінің жұмыстарын жандандыру, тұрақты жұмыс жасайтын өнер ұжымдарын құру,  кітапханаларда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып  тұрғындарға сапалы қызмет көрсету міндеттері  тұр.   

            Жергілікті билік органдары жұмысының негізгі бағытының бірі: тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымдарының тұрақты жұмыс істеуі болып табылады. Олар: автокөлік жолдарын қалыпты ұстау, дамыту, халықты сапалы жылумен, ауыз сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету.

Ағымдағы 2016-2017 жылдарға арналған жылу беру науқанына дайындық жұмыстарының сапалы өтуіне байланысты барлық нысандарда жылыту маусымы уақытында басталды.

Аудан төңірегінде 3 орталықтандырылған жылу қазандықтары бар, оның ішінде  Шашубай кентінде – 1, Сарышаған кентінде -2.  Қазандықтар «Тоқырауын Су Жылу» ЖШС-нің теңгерімінде жұмыс атқарады.

  Қажетті мерзімде барлық конкурстық шаралар  өткізіліп, мемлекеттік  объектілерге 8 мың тонна бюджеттік көмір сатып алынды. Бүгінде жылу беру маусымының қалыпты өтуі бақылауда.

Ал автомобиль жолдарына келетін болсақ  аудан төңірегіндегі жалпы жолдардың  ұзындығы  1052,0 км құрайды, оның  179 км республикалық маңыздағы автомобиль жолдары, 389 км облыстық маңыздағы автожолдар, 457 км  аудандық маңыздағы автожолдар және ауыл, кент ішіндегі көше жолдары.

           2017 жылы аталған бағытта жұмыс жүргізу мақсатында бюджет есебінен 535 млн 599 мың теңге қаражат қарастырылып, келесі жөндеу жұмыстары жүргізілді:

            Облыстық бюджеттен бөлінген жалпы құны 198 млн теңгеге облыстық маңыздағы Просторный-Ақсу-Аюлы-Ақтоғай-Балқаш жолының 23 шақырымына (187-210км) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Просторный-Жарық-Ақсу-Аюлы-Ақтоғай-Балқаш жолының 1 шақырымын күрделі жөндеуге 155 млн теңге;

Аудандық маңыздағы ұзындығы 145 км. болатын Нарманбет – Айыртас бағытындағы жолға көктемгі су тасқыны кезінде бұзылған бөліктерін толығымен қайта қалпына келтіру бойынша облыстық бюджеттен 75 млн теңге қаржы қаралған. 2017 жылғы 50 млн теңгесі бөлініп аталмыш бағыттағы жолдың 61-62 шақырымындағы жолға 3 құбыр, «Көпелбай» қыстағының маңына 3 су өткізгіш құбыр және Қусақ елді мекенінің кіре беріс жолының 7 шақырымына  3 суөткізгіш құбырлары қойылды. 2018 жылы қалған 25 млн теңгесіне осы бағыттағы жолдың қалған бір бөлігіне тағы 3 суөткізгіш құбырлар қойылатын болады.   

            Сонымен қатар Ақтоғай ауылының ауылішілік жолдары назардан тыс қалған жоқ, Сана би, Ибраев, Ә.Бөкейхан көшелері жолдарына 88 млн 702 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

            Ауданның 36 елді мекенінің  бүгінгі күні 12 елді мекенінде 78 шақырым орталықтандырылған су жүйелері бар.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» арқылы Республикалық бюджеттен 537 млн 298 мың теңге және облыстық бюджеттен 104 млн 444 теңге бөлініп, Тораңғалық, Нарманбет, Ортадересін елді-мекендеріндегі ауыз су жүйесін тарту құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Жергілікті бюджет арқылы жалпы құны 57 млн 904 мың теңгеге Тасарал елді-мекеніндегі ауыз су жүйесінің құрылысы жұмыстары жүргізіліп аяқталды.

Су жүйелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 2 млн теңге қаржыға Нүркен ауылында ауыз су желісіне, 1 млн 495 мыңге Сарышаған кентіндегі су  мұнарасының және су желісіне, 1 млн 694 мың теңге қаржыға  Шашубай кентінің кәріз желісіне жөнделсе 1 млн 170 мың қаржыға Сарышаған кентінде Абай көшесі бойындағы кәріз жүйесіне сондай-ақ Абай, Қошқар ауылдарының су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

            Жалпы санитарлық тазалық пен абаттандыруға байланысты аудан бюджетінен бөлінген 16 млн 883 мың теңге  қаржыларға 17 ауылдық округтер толығымен қамтылды. Сарытерек ауылына абаттандыру сәулетендіру жұмыстары бойынша 9 млн 838 мың теңге қаржыға «Жеңіс» саябағы жөндеуден өтті.

            Қызыларай елді мекенінде мектеп түлектерінің демеушілігімен 2 млн.теңге қаржыға "Жастар" саябағы ашылып, оған 450 түп ағаш егілді.       

Сонымен қатар өткен жылы демеушілер қаражаты есебінен                  3 млн теңгеге Ақтоғай селосы Ержанова көшесінде орналасқан 2 қабатты тұрғын шатыры жаңартылды.

Қараменде би, Кежек, Қызыларай ауылдық округі және Шашубай кенті әкімдігі ғимаратына 18 млн 426 теңгеге жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды.

Құрылыс жұмыстарына келсек өткен жылы республикалық бюджеттен жалпы құны 1 млрд 589 млн теңге қаржыға Сарышаған кентінде 464 орынға арналған мектеп құрылысы басталды. Бүгінгі күні 1-ші қабаттың құрылысы аяқталып 485 млн.теңге қаржы игерілді. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады.

   Бұл жұмыстың бәрі халық  үшін, оның игілігі үшін жасалуда. Осы жерде менің  аудан әкімі ретінде үлкен бір міндетім, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл салада аудандық ішкі істер бөлімінің, ЖПҚ тарапынан біраз  жұмыстар атқарылуда.

            Аудан бойынша жалпы қылмыс саны 2016 жылмен салыстырғанда 125-тен 122-ге, яғни; -2,4 % төмендеген.

2017 жылы ауыр қылмыс түрлерінің тіркелуі-20, ашылуы 71,4  % , аса ауыр қылмыстар тіркелген жоқ. Бұның бәрі тек қана құқық қорғау орындарының ғана құзырындағы мәселе емес, қоғам болып, отбасы болып бақылауда ұстап, қадағалап отыратын мәселе.

Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерімен 2017 жылы 963 құқық бұзушылық анықтаған. Салынған айыппұл 7 млн 473 мың теңге, оның ішінде өндірілгені 5 млн 522 мың теңге,  яғни 73,9 пайыз құрайды  (2016 жылы 63,5 %).

Кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыстылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2017 жылы кәмелетке толмағандар істер жөніндегі  учаскелік полиция инспекторларымен  басқа да қызмет салаларымен бірлесе отырып жоспарлы түрде  «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Кальян» атты жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді. Жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралар барысында 51 құқық бұзушылық фактісі анықталды.         

Жыл басынан барлығы 4 жасөспірім,  3 «жайсыз отбасы» қылмыс санатымен 1 жасөспірім аудандық ІІБ  есебіне қойылды.  Есептегілер тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Жоғарыда айтылған  ауқымды  жұмыстар  мен Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді халыққа жеткізіп, оны насихаттауды дұрыс ұйымдастыра білу, ауданда жұмыс жасайтын ақпараттық насихат топтарының  тұрғындармен тиімді пәрменді және жүйелі түрде қарым-қатынас орнатуы бүгінгі заман талабы. Бұл ішкі саясат бөлімінің басты міндеті.

Елбасы жолдауын аудан бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстары бойынша 26 кездесу өткізіліп, оған барлығы 2256  адам қатысты. Елімізде болып жатқан жаңалықтармен өзгерістер туралы халықты хабардар етуде баспасөздің басым орын алатыны анық. Жалпы баспасөзге жазылу науқаны аудан бойынша орындалғанымен, келешекте саны да, сапалық жағынан да жоғары ұйымшылдықпен өткізу үрдісін ауданымызда қалыптастыруымыз қажет, әрине ең бірінші аудандық "Тоқырауын тынысы" газеті өз жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, заман талабына сәйкес облыстық, республикалық БАҚ-мен тығыз байланыста болып, көш соңында қалмауы керек. Бұл міндеттердің де  ауқымы үлкен.

Баспасөзге жазылу: «Егемен Қазақстан» газеті 685-дана (100,4 пайыз), Орталық Қазақстан 726 (104,6 пайыз), Индустриальная Караганда 97 дана (140,6 пайыз), Казахстанская правда 71 дана (147,9 пайыз),  «Тоқырауын Тынысы» 1400 дана, басқада басылымдар 106 пайызға орындалды.

         Әлемдік дағдарыс жағдайында Президентіміздің әрқашанда сенімді тірегі «НұрОтан» партиясы екенін бәріміз жақсы білеміз. «НұрОтан» партиясы шын мәнінде халықтың сеніміне ие болған саяси ұйым. Аудан бойынша өткен жылы партия құрамына 105 адам қабылданып, 21 семинар, 2 саяси кеңес, 4 саяси бюро отырыстары өткізілді.

"Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы аталған барлық жұмыстарға белсене ат салысып, партиялық жіті бақылау орнатып, билік пен халықтың арасындағы дәнекер болып, елдің ынтымақ бірлігін сақтауда көп жұмыс атқаруы керек.

Қоғамдағы қауіпсіздік ұлтаралық және діни ахуалмен тікелей байланысты.

Аудан көлемінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 11 мешіт жұмыс жасайды. Бұл мешіттердің барлығы әділет басқармасына тіркелген. Сырттан  миссионерлік қызмет жасап жүрген азаматтар анықталған жоқ.

Радикалды ой-пікірлердің, діни экстремизмнің алдын алу және болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыстар ұйымдастырылуда.

Қоғамдық және Діни тұрақтылықтың сақталуында қоғамдық ұйымдардың оның ішінде Ардагерлер ұйымының өзіндік орыны және ықпалы барын айту керек. Өмір көрсетіп жүргендей салиқалы, сабырлы, көргені мол, айтар ақылы көп ардагер қариялар жүрген жер инабаттылықтың, имандылықтың  қалыптасуына  жақсы ықпал етері сөзсіз.

            Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасы жолданған болатын. Осы бағдарламаны қолдау мақсатында аудан көлемінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

"Туған жер" бағдарламасын  іске асыруда ауданнан шыққан кәсіпкер, іскер азамат «Ақтоғай  өнімдері» ЖШС-нің директоры Ыбышев Саяхат демеушілігімен Ақтоғай ауылында ағымдағы жылдың қыркүйек айында құны 150,0 млн. теңге тұратын 200 адамдық  мешіт үйінің құрылысы жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстары 2018 жылы толық аяқталады.

Сонымен қатар осы Қызыларай ауылының тумасы кәсіпкер С.Қасымбековтың демеушілігі арқылы 150 млн.теңге қаржыға дене шынықтыру және сауықтыру нысаны құрылысының алғашқы іргетасы қаланды.

Ауданымыздағы шалғай елді мекендерді ұялы байланыс телефонымен қамтамасыз етуде демеушілердің яғни, аудандағы кәсіпкерлер, шаруа қожалық жетекшілерін ұйымдастыра отырып іске асыру жөнінде «Beeline» ұялы байланыс операторларымен келісім жасалып біршама жұмыстар ұйымдастырылуда. Соның бір айғағы өткен жылдың желтоқсан айында  Қызыларай ауылдық округіне  Belline ұялы байланыс желісі ресми түрде халыққа пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта қалыпты жұмыс жасауда.

Алдағы күндері жоспарға сәйкес 2018 жылдың қаңтар айында  Қусақ, Қарабұлақ ауылдық округтерінде Belline ұялы байланыс желісі де іске қосылмақ. 1 станциясының жалпы құны 24 млн теңгені құрайды. Бүгінгі күні  станция мұнарасы, контейнер қойылып сырты қоршау жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар Сарытерек, Шабанбай би а/о Belline ұялы байланыс желісін орнату 2018 жылдың 2 тоқсанына жоспарланып отыр. Бүгінде мұнарасы орнатылып, тоқ көзіне қосылып тұр.

            Аудан көлемінде «Туған жер» бағдарламасы бойынша  2017-2022 жылдарға арналған  жалпы құны 320 млн. 300 мың теңгені құрайтын 24 жоба облыстық реестрге кіріп отыр. Олардың ішінде демеушілер есебінен 143 млн 500 мың теңгеге 17 жоба жүзеге асырылады. Қалған 7 жоба бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады. «Туған жер» бағдарламасы өз ішінде  «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» атты 4 кіші бағдарламаларға бөлінеді.      

      «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша бюджет қаражаты есебінен 3 жоба реестрге енгізіліп отыр. Олар:

1. Шабанбай би ауылдық округінен  құны 11,0 млн.теңгеге "Жас турист" палаталық лагерь ашу жұмысын ұйымдастыру.

Мақсаты: Ә.Ермеков атындағы мектеп жанынан  Ақтоғай ауданының мектептерінің 100 оқушысын жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану үшін жазғы лагерьге жіберу;

2.    Ақтоғай ауданында «Цифрлы Қазақстан» жобасын іске асыру.

Құны 2,5 млн.теңге. Жүзеге асырылу мерзімі 2019-2022 жж. 

Мақсаты: Білім берудің жаңа жүйесі аясында мұғалімдерге

семинарлар, курстар мен мастер-класстар, дөңгелек столдар өткізу арқылы кәсіби көмектер көрсету (500 мұғалімді қамту);

3.    "Қосымша білім және бала". Құны: 154,0 млн.теңге.

Мақсаты: Сабақтан тыс уақытта балалардың бос уақытын тиімді пайдалану. 2000 баланы қамти отырып, мәдени-көпшілік шараларды өткізу арқылы талантты жастарды қолдау. Орындалу мерзімі: 2021-2022жж. 

            «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша барлығы реестрге 16 жоба енгізіліп, оның 6-ы аяқталып отыр. Қалған 10 жоба 2018 жылы жүзеге асырылатын болады.

 Аяқталған жобалар: 

1. «Жібек жолы» ЖШС-нің директоры С.Қасымбековтың қолдауымен Қызыларай ауылында дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің 500 шаршы метрлік іргетасы қаланып, оған 2,0 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалды. 

2. Ауданның тумасы Е.Нұртазиннің демеушілігімен мемлекет және қоғам қайраткерінің халық үшін жасаған еңбегін келешек ұрпаққа жеткізу, насихаттау  мақсатында Ә.Ермеков атындағы мектептің алдына 2,5 млн теңге қаржыға биіктігі 2,5 м ескерткіш бюст орнатылды.

3. Өскелең ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыру мақсатында демеуші аудан тумасы, меценат Б.Алтынбековтың қолдауымен 1,0 млн. теңге қаржыға зейнеткер ұстаз, өлкетанушы Торғай Ақпанбаеваның «Суырып салма, жезтаңдай айтыскер ақын Шөже Қаржаубайұлының шығармашылығы жайындағы зерттеулер» атты жаңа кітабы жарық көрді. Таралымы 120 дана.

4. Ауыл тумасы А.Төребековтың демеушілігімен 1.0. млн теңге қаржыға Ә.Ермеков атындағы мектепте оқушыларға жаңа үлгідегі материалдық-техникалық базаны пайдалана отырып, білім алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында 30 оқушыға арналған кабинет ашылды.

5. Қызыларай ауылдық округінің тарихын Ауылдық округтің тарихын, табиғатын, танымал тұлғаларын өскелең ұпаққа жеткізу, дәріптеу  мақсатында ауыл тұрғындарының демеушілігімен 1,5 млн. теңге көлемінде таралымы 100 дананы қамтитын  энциклопедия мен 200 дана ән-жинағы жарыққа шықты.

6. Ауылдық округ тұрғындарын ұялы байланыс жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында ауыл тұрғындарының 2,0 млн. теңге көлеміндегі демеушілігімен  ұялы телефон байланыс станциясын орнатып,  барлығы  2000 тұрғынды ұялы байланыс желісі 2017 жылдың желтқсан айында іске қосылды.

2017 жылы басталып, 2018 жылы аяқталуы тиіс 5 жоба бар. Олар:

1. Қусақ  ауылдық округінің тұрғындарын ұялы телефон байланысымен қамтамасыз ету;

2. Жидебай ауылдық округінің Қ.Нұржанов атындағы мектепке ауыл тумасы, меценат Б.Алтынбековтың демеушілігімен 2,0 млн. теңгеге заманауи құралдармен жабдықталған  30 оқушыға  арналған кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде.

3. Ақтоғай ауданы, Қызыларай ауылында дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің құрылысын салуға ауданның тумасы, «Жібек жолы» ЖШС директоры С.Қасымбековтың демеушілігімен 80,00 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіліп, кешен 2018 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

            4. Ақтоғай ауылында сүт қабылдайтын пункт ашу.

Халықтан күніне 5 тонна сүт жинап, өңірдегі сүт зауыттарына жолдауға мүмкіндік береді. Бұл жобаға демеуші аудан тумасы Е.Нұртазин 23,0 млн. теңге сүт қабылдау пунктін ашуды жоспарлап отыр.

5. Ақтоғай  ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай Ақтоғай ауданының энциклопедиясын жинақтап, шығару.

Аудан тарихын, мәдениетін, табиғатын, археологиялық, тарихи орындарды, танымал тұлғаларын келешек ұрпаққа түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарының демеушілігімен 2,0 млн. теңге көлемінде таралымы 200 дананы қамтитын  энциклопедияны жарыққа шығару жұмыстары жүргізілуде. 

«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 2018 жылы жүзеге асырылатын  5 жоба және             «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 2018-2019 жылдары 4 жоба жүзеге асырылатын болады.

            Еліміздің болашағын ойлағанда ең алдымен жастар мәселесі, олардың жұмыспен қамтылуы басты назарда болуы тиіс. Жастар еңбек көзінің, идеялар мен тың ұсыныстардың бастамашысы, қоғамдағы қозғаушы күш, халықтың ең белсенді тобы.

Ақтоғай ауданы бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны 3634 адам. Оның ішінде Мемлекеттік қызметтегі жастар саны-32, әскер қатарындағы жастар саны-125, тұрақты жұмыс істейтіндер саны-812 қоғамдық жұмыстағы жастар саны-39, жұмыссыз жастар саны-70, оқушылар-948, студенттер-829, мүгедек жастар саны-40, кәсіпкер жастар саны-37, мұғалімдер саны-107, дәрігерлер саны-27.

 «Дипломмен ауылға»  бағдарламасы аясында өткен жылы 17 жас маманға 57859,0 мың теңге тұрғын үй несиесі, 22 маманға 3 495,0  мың теңге көтерме жәрдемақы берілді.

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті жүргізуге қолайлы жағдай жасау бағытында жастар арасында кәсіпкерлікті  2017 жылға жергілікті бюджеттен 4 млн тг қаржы бөлініп, 11 бизнес  жоба қатысып, 7 жасқа аудан әкімінің гранты табысталды.

Жастардың қатысуымен 87 спорттық, мәдени, дін тақырыбында іс шаралары өткізіліп, 2520 жас қамтылды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу күн тәртібінен түспейтін мәселе. Апат айтып келмейді. Оқиғалардың басым бөлігі  жылда қайталанатын дала өрттері, өткен 2017 жылдың өрт қауіпті маусымында дала өрті бойынша 30 дерек тіркелген. (2016 жылы 6 дала өрті тіркелді.) Сондай-ақ есепті кезеңде 1 төтенше жағдай (судағы оқиға) орын алған.

            «Тоқырауын өзенін санациялау» жобасы бойынша су тасқынының алдын-алуда Ақтоғай ауылыңда Тоқырауын өзені арнасының бөлігін тазарту, тереңдету, қиыршық тастармен күшейту, жер бөгетін орнату, арнасын түзету, канал құрылысы жұмыстары іске асырылуда. Бұл жобаның жалпы құны 365 млн теңгені құрайды. 2017 жылы 46 млн теңге қаржы игерілді.

            Сонымен қатар алдағы су тасқыны маусымына дейін Нарманбет-Айыртас және  Ақтоғай-Балқаш автожолындағы тасқын судан сақтап қалу үшін жолдың жиегіне ұзындығы 1 200 метр жер бөгетін орнату, көпірден бастап Нарманбет ауылына дейін Тоқырауын өзені арнасының жағасын қиыршық тастармен күшейту  жұмыстарын «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» ЖШС-і арқылы жүргізу келісілген.  Тиісті атқарылатын жұмыстар республикалық «Су тасқыны алдын алу жол картасына» енгізілді.

Барлық деңгейдегі әкімдер мен басшылардың елмен заңды жұмыс жасауының бір көрсеткіші, елдің арыз-шағым, өтініш-тілектеріне байланысты. 2017 жылы аудан әкімі аппаратына 786 өтініш қабылданды, оның ішінде жеке тұлғадан-677, заңды тұлғадан-109, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 27,2%-ға төмендегенін көрсетеді. Пайыздық мөлшердің төмендеуі тұрғындардың проблемалық сұрақтарының уақытылы шешіліп, атқарушы билік жұмысы сапасының жақсарғанын көрсетеді.

Өтініштердің басым көпшілігі жер мәселесі, тұрғын үй беру, жұмыс мәселелеріне байланысты түскен.

Өткен жылы аудан әкімінде-71 адам, орынбасарларда-24 адам, аппарат басшысында -4 адам қабылдауда болып, мәселелері шешіліп,  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 Облыс әкімдігінен 301 хаттамалық тапсырма келіп, оның 279 орындалып, 22 бақылауда тұр.

            Өткен жылы аудан әкімі 326 тапсырма беріп, оның 280 орындалды, 46 орындалу мерзіміне сәйкес бақылауда.

Халыққа қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру- мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың басты аспектісі.

 Ауданның жергілікті атқарушы органдары арқылы 88 мемлекеттік қызмет түрінен 2017 жылдың  қорытындысы бойынша барлығы 18 772 мемлекеттік  қызмет көрсетілді.

-          «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы 2180;

-          мемлекеттік мекеме арқылы қағаз жүзінде 12725;

-          электрондық үкімет порталы арқылы 176;

-          мемлекеттік мекеменің ақпараттық жүйесі, электронды түрде 3675;

-          «Е-лицензирование» арқылы электронды түрде 16 қызмет көрсетілген.

«Электрондық Үкімет порталы» «E-gov» арқылы алудың тиімділігін арттыру мақсатында барлық кент, ауыл, ауылдық округтерде және дербес бөлімдерде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ұйымдастырылған. Яғни, ауыл тұрғындары өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен ауыл әкімдігіне келіп,   Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында «Электрондық Үкімет порталы» арқылы өзіне керек құжатын алуға мүмкіншілік жасалған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ашық, айқын әрі қолжетімді болуы  керек.

Жоғарыда айтылған жұмыстардың бәрін атқаратын, жүзеге асыратын, реттейтін - кадрлар. Біздің басты мақсатымыз білімді де білікті жастарды қызметке кеңінен тарту. Ауданның келешегі үшін, білімді жастардан кадр резервін дайындау кезек күттірмейтін басты міндеттердің бірі.

Ақтоғай ауданы әкіміне қарасты 155 мемлекеттік қызмет штат бірлігінің 140 нақты жұмыс жасауда. Жыл басынан өткізілген конкурстар негізінде 34 бос орын толықтырылды.

Кейінгі үш жылда 75 жас маман жұмысқа алынып, 22 жас маман басшылық лауазымға тағайындалды.

Жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы жылы атқаратын алда тұрған негізгі міндеттеріне қысқаша тоқталып өтсем:

- 948 млн 447 мың теңгеге Сарышаған кентінде 464 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстарын аяқтау. (барлық қажетті қаржы көлемі - 1 580 973 мың теңге,  2017 жылы бөлінгені - 632 526 мың теңге);

- 35 млн 975 мың теңге - Бөкейхан мектебі мен интернатын, сонымен бірге К.Байсейітова, Ж.Ақбай, Ибраев және Тораңғалық мектептерінің шатырларына күрделі жөндеу жүргізу;

- 74 млн 426 мың теңгеге білім беру саласының материалдық-техникалық базасын нығайту;

-5 млн 749 мың теңге аудандық мәдениет үйінің жөндеу;

-14 млн 428 мың теңге Шабанбай ауылының клуб үйін жөндеу;

- 13 млн 006 мың теңгеге мәдениет саласының материалдық-техникалық базасын нығайту;

-7 млн теңге Ж.Шайдаров атындағы орталық саябақты қайта құру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама   әзірлеу;

-3 млн 800 мың теңге Ақтоғай ауылындағы стадионды қайта құру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама  әзірлеу;

- 47 млн 942 мың теңгеге Ақтоғай, Жидебай, Сарытерек, Қарабұлақ, Шабанбай би, Тасарал, Сарышаған  әкімі аппараттарының ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- көп жылдан бері елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу қолға енді алынып отыр, бұл мақсатқа биылғы жылы 18 млн теңгеге Сарышаған кентінің бас жоспарын және Сәуле ауылының шағын схемасын  әзірлеу басталады;

- 51 млн теңгеге Ақтоғай ауылындағы Сана би көшесіне бір қабатты екі пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысын салу;

-2 млн  теңгеге Ақтоғай ауылындағы төрт 16-пәтерлі және үш екі пәтерлі тұрғын үйлердің ЖСҚ ведомствадан тыс кешенді сараптамадан өткізу;

- 12 млн 991 мың теңгеге Ақтоғай ауылындағы Сана би көшесіне бір қабатты екі пәтерлі 2 тұрғын үйдің инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыру;

- 16 млн 300 мың теңге Ақтоғай ауылы солтүстік-батыс мөлтек ауданындағы  16 көппәтерлі және 30 бірпәтерлі жалдамалы тұрғын үйлерге ИКИ тарту үшін ЖСҚ әзірлеу (су құбыры, кәріз, су тазарту ғимараты, абаттандыру, жылу желісі жылыту қазандығымен, байланыс желісі);

-11 млн 167 мың теңге 35 Квт электр желісін қосалқы станциясымен құрылысы Ақтоғай ауылы солтүстік-батыс мөлтек ауданында 16 көппәтерлі және 30 бірпәтерлі жалдамалы тұрғын үйлерге    10 және 04  Квт электр желісінің құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеу;

- 31 млн 925 мың теңге Ақтоғай ауылына кәріз жүйесін тартуға ЖСҚ әзірлеу;

-6 млн 951 мың теңге Кежек ауылына су жүйесін тартуға ЖСҚ әзірлеу;

-11 млн 167 мың теңге Ақтоғай ауылына су құбырының құрылысына 4-кезекке ЖСҚ әзірлеу;

-15 млн 614 мың теңге Сарытерек және Шабанбай би ауылдарына мал қорымы құрылысын салу;

-2 млн 386 мың теңге Жалаңаш және Кежек  елді мекендерінің. мал моласының құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

- 409 млн 224 мың теңгеге аудандық маңыздағы кірме жолдарды күтіп ұстауға, Ортадересін,  Нарманбет-Айыртас, Бектауата, Шашубай кентінің Ихамбаев және Ақбергенов көшелерін, "Ақтоғай-Шылым-Ақжарық" жолын, Ақтоғай ауылының Қ.Нұржанов, Еркін ел, Жидебай, Сатбаев көшелерін, Сарышаған кентінің Теміржол көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- 118 млн 109 мың теңге елді мекендерде көшелерді жарықтандыру, санитариясын қамтамасыз ету, абаттандыру мен көгалдандыруға, оның ішінде Ақтоғай ауылында Сана  би  көшесінің  қиылысына балалар  ойын алаңын орнату,  Ә.Бөкейхан көшесіне автотұрақ орнату,  Жалаңаш  ауылына  балалар  ойын  алаңын жасанды  көгалмен салу, Сауле елді мекенін абаттандыру, Сарышаған кентінде полигонды рекультивация жасауға,  Кежек ауылына темір қоршаулар орнату.  

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района