в актогае 25
USD 386.77
EUR 427.26
RUB 6.00
Мобильная версия

Ереже

1. Жалпы ережелер

  1. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім), құрылыс нысандарын басқару қызметтерін орындауға уәкілетті атқарушы орган болып табылды.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерімен, әкімінің, аудан әкімдігінің және Мәслихатының актілерімен, басқа да нормативтік – құқықтық актілерімен, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарының нұсқауымен, тапсырыстарымен, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         3.«Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға      өз атынан түседі.

         5. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі»  егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

         6. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» басшысының   бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

         7. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100200 Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 4 үй.

 9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесі.

         10. Осы Ереже «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты      болып табылады.

 11. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен  жүзеге асырылады.

         12. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесіне  кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын  міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер      әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Бөлімнің Негізгі қызметтері және құқықтары

 

13. Бөлім келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1) құрылыс саласында мақсатты, инвестициялық бағдарламаларын орындау бойынша құрылыс ұйымдарының қызметін басқару, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруын қамтамасыз ету;

2) өнеркәсіптер, құрылыс материалдар, құрылыс индустриялар, құрылыс материалдық – техникалық базаның басым бағыттарды дамыту бойынша аудан әкімдігінің ұсыныстарын қарауға енгізу және өкілеттілік және орындаушы органдар жергілікті бағдарламалардың  және  шешімдердің жобаларын әзірлеу;

3) құрылыстағы баға қалыптасу және сметалық істер, инженерлік ізденулер, жобалардың сараптамасы, жобалау облысында басшылығын қолдануында әдістемелік бақылауды іске асыру;

4) бөлімнің құзыреті шегінде аудан аймағында барлық құрылыстық салалар субъектілердің қызметін басқаруын жүзеге асыру;

5) құрылыстың мұқтаждығына қажетті кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, даярлау бойынша бағдарламаларын іске асыруға қатысу;

6) бөлім қызметінің саласына жататын аудан әкімдігінің қаулысы және аудан әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын әзірлеуге қатысу;

7) конкурстар өткізу үшін конкурстық құжаттамаларға техникалық бөлімдерін  даярлау;

8) бекітілген құрылыс даму бағдарламасын іске асыру;

9) объектілерді және кешендерді орналастыру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар дайындау;

10) жеке және заңды тұлғалардың жобалық және құрылыстық қызметіне жәрдемдесу;

11) аяқталған құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу;

12) құрылыс жобалардың барлық түрлерін келісуін, әзірлеушілермен, салушылармен қала құрылыстық құжаттаманы, жұмысты орындаушылармен және объектілерді пайдаланушылармен инвестициялық қызметте рұқсат ететін құжаттамаларды ұсыну және мәлімдемелерді қарастыру;

13) құрылыс бөлімі бойынша бөлімнің сонымен қатар ауданның бағдарламаларын әзірлеу, құрылыс кешендер кәсіпорындарын реформалау және оларды жүзеге асыруға қатысу;

14) жобаларды әзірлеу, соның ішінде жоспарлау, елді мекендерде, сонымен қатар адамның тіршілік жағдайы үшін қолайлы ортаны құрастыратын ескерткіштер және монументтерді, бөлек ғимараттар және құрылыстарды салу бойынша мемлекеттік жұмыстарды сатып алу конкурсын өткізуін ұйымдастыру;

15) заңнамаға қайшы келмейтін өзінің өкілеттігі шегінде басқа қызметтерді іске асыру.

14. Өз құзыретінің шегінде бөлімнің:

1) қажетті ақпаратты белгіленген тәртіпте жергілікті орындаушы органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан сұрауға және алуға;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа өкілеттікті жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

15. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

16. Ақтоғай ауданының әкімі «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

17. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

18. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіліктері:

өз құзыреті шегінде «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі орынбасарының, сектор меңгерушілерінің, мамандарының міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілейді;

заңнамаға сәйкес «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

заңдарда белгіленген тәртіппен «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

«Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі актілеріне қол қояды;

«Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің переспективалық жұмыс жоспарларын бекітеді;

мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесі атынан әрекет етеді;

«Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

19. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

«Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

20. «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

21. Егер заңнамады өзгеше көзделмесе, «Ақтоғай ауданының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

22. «Ақтоғай ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района