в актогае 5
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
Мобильная версия

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары

 

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 93 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы
17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. ««Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15193 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің бір данасын «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін, мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі                                            Т. Дүйсенова

 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау

және төлеу қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ассистент – Халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу функцияларын орындайтын жұмыскері;

2) атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдары, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

3) әлеуметтік бейімдеу шаралары – «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 21-бабында көзделген мүгедектерді әлеуметтік оңалту, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда тұрған адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген тәртіпте басқа да мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын іс-шаралар кешені;

4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант (бұдан әрі – консультант) – Халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және күнкөрісі төмен адамға (отбасыға) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері;

5) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не оралман, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Халықты жұмыспен қамту туралы заң) көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал жұмыспен қамту туралы Заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

6) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының
11-бабының 1-тармағында белгіленген он алты жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі, еңбекке және белгілі бір біліктілік деңгейіндегі, көлемдегі және сападағы жұмысты орындауға қабілетті адам немесе отбасы мүшесі;

7) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

8) жиынтық табыс – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;

9) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия – «Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 482 бұйрық) бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес аудан, қала, облыстық және республикалық маңызы бар қалалар, астана аумағында халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында құрылған халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия;

10) күнкөрісі төмен адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);

11) отбасыға берілетін көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – Халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;

12) жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеуге ықпалдасу бойынша іс-шаралардың үлгілік тізбегі (бұдан әрі – Үлгілік тізбе) – халықты әлеуметтік қорғау саласында орталық атқарушы органмен бекітілген әлеуметтік келісімшартты жасау барысында қолдану үшін жұмыспен қамтудың белсенді және әлеуметтік бейімдеу шараларының тізбегі;

13) «Өрлеу» жобасы – отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасына (адамға) шартты ақшалай көмек беру жөніндегі іс-шаралар кешені;

14) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

15) учаскелік комиссия – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5562 болып тіркелген) бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережеге сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;

16) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда өзге адамдарды мемлекеттік қолдау шаралары;

17) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия - № 482 бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) аумағындағы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында құрылған халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі комиссия;

18) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және Халықты жұмыспен қамту туралы Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.

 

2-тарау. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті

тағайындау және төлеу ерекшеліктері

3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) Заңның 7-бабы 1-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде беретін төлем;

4. Шартсыз ақшалай көмек Заңның 2-бабы 4-тармағында көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі күнкөрісі төмен адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі.

Шартсыз ақшалай көмек уәкілетті органмен өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.

5. Шартты ақшалай көмек күнкөрісі төмен адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы және (немесе) бір жолғы ақшалай төлем нысанында олардың жұмыспен қамтуға ықпалдасудың белсенді шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті қатысу шартымен көрсетіледі.

Шартты ақшалай көмек уәкілетті органмен әлеуметтік келісімшарттың қолдану мерзіміне тағайындалады, ай сайын немесе әлеуметтік келісімшартта бекітілген мерзімге бір жолғы төлем ретінде төленеді.

Бір жолғы шартты ақшалай көмек үш айда бір рет төленеді.

Бір жолғы төлем әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құстарды және басқаларды сатып алуға), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (бұрын алған қарыздарды өтеуден, тұрғын үй салып алудан басқа) ғана қолданылады.

 

3-тарау. Атаулы әлеуметтік көмекті көрсету үшін жүгіну

6.Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адам (бұдан әрі – үміткер), атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауыл округі әкіміне (бұдан әрі – әкім) жүгінеді.

7. Үміткердің жүгіну кезінде әңгімелесу жүргізіледі, оның барысында:

1) ақпарат беріледі:

шартсыз және шартты ақшалай көмек алу шарттары туралы;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімделу бағдарламаларына қатысу шарттары туралы;

әлеуметтік келісімшарт жасасу қажеттілігі, әлеуметтік келісімшартқа қатысушы тараптардың міндеттемелері және әлеуметтік келісімшартты бұзу шарттары туралы;

атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің азаюы және (немесе) оны ұсыну шарттары туралы;

атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар мен мағлұматтар тізбесі туралы;

мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен сұралатын тиісті мәліметтердің тізімі туралы;

2) алдын-ала отбасының жан басына шаққандағы орташа жиынтық табысы және атаулы әлеуметтік көмек көлемі есептеледі.

Кеңес беру Орталықтарда консультанттармен, ал адамның әкімге жүгінген жағдайында ассистенттермен өткізіледі.

8. Сұхбаттасу нәтижелері бойынша үміткер (бұдан әрі – өтініш беруші) өз тарапынан немесе отбасының атынан осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға арызбен жүгінеді.

Арызбен қоса келесі құжаттар ұсынылады:

1) сәйкестендіру үшін отбасының әрбір мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорт), Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктің тұрақты тұруға рұқсаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі) оралмандар үшін оралман куәлігі;

2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының бар болуы туралы мәлімет;

3) атаулы әлеуметтік көмекті төлеу бойынша уәкілетті ұйымдағы банктік есеп-шот номері туралы мәлімет;

4) баланың туылуы (қайтыс болуы) туралы куәлік (барлық балаларға) Қазақстан Республикасы аумағында 2007 жылғы 13 тамызға дейін жүргізілген тіркеулер бойынша;

5) некені тіркеу (бұзу) туралы куәлік, өтініш берушінің мәліметтері баланың туу туралы куәлігінен өзгешелігі бар болса – Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылғы 1 маусымға дейін жүргізілген тіркеулер бойынша.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері арызға қосымша ретінде:

жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелуге арыз;

еңбек қызметін растайтын құжат (бар болған жағдайда);

білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжат (бар болған жағдайда) ұсынады.

Он алты жасқа толмаған адамның атынан ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің еңбек әрекетін жүзеге асыруға келісімі туралы ерікті түрде жазылған арыз ұсынылады.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті және қажетті құжаттарды ұсыну атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенiмхаты бойынша жүргізіледі.

Өтініш берушімен құжаттар түпнұсқада және салыстыру үшін көшірмесінде ұсынылады.

9. Өтініш қабылдау барысында Орталық немесе әкім өздігінен мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) «электронды үкімет» шлюзі арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті сұрау жолдауды қалыптастырады.

10. Әкімде немесе Орталықта ақпараттық жүйелерге рұқсаты болмаса немесе ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмесе (жоқ болса) осы Қағидаларға 8-тармақта көрсетілген құжаттармен бірге келесі құжаттарды қоса береді:

1) отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелуін растайтын құжат туралы (мекен жай анықтамасы);

2) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі қарауындағылар күндізгі нысанда оқитын болса, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын тапсырылады);

3) қорғаншылықты (қамқоршы) немесе асырап алуды белгілеуді растайтын құжат – қорғаншылық (қамқоршылық) немесе асырап алу белгіленген жағдайда;

4) мүгедектігі туралы анықтама – мүгедектігі белгіленген жағдайда;

5) жеке кәсіпкерлік мәртебесін растайтын құжат.

11. Өтініш берушінің өтінішін қарау барысында әкім немесе Орталық:

1) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш берушіден қабылданатын құжаттар пакетінің толықтығын, ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтердің толықтығын және олардың өтініш берушімен ұсынылған мәліметтермен сәйкестігін тексереді;

2) түпнұсқасымен ұсынылған құжаттарды сканерлейді. Құжаттардың электрондық көшірмелері әкімнің немесе Орталық маманының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Құжаттарды сканерлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда – өтініш беруші ұсынған құжаттардың көшірмелерін жасайды. Құжаттардың қағаз көшірмелері әкімнің немесе Орталық маманының қолтаңбасымен куәландырылады, одан соң құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;

3) сканерлеу (көшіру) сапасын және электрондық және (немесе) қағаз көшірмелерінің осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкес өтініш берушімен ұсынылған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

12. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге әкіммен немесе Орталықпен кідірместен құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі:

өтініш берушімен толық емес құжаттар тізбесі және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда;

ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы ақпараттардың (мәліметтердің) сенімді еместігі белгіленуі;

ақпараттық жүйелерден атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе оны тағайындауға өтініш беру дерегін растайтын мәлімет алынған жағдайда.

13. Өтініш берушімен құжаттардың толық тізбесі ұсынылған жағдайда:

1) әкім:

осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті журналда тіркейді. Ақпараттық жүйелерге рұқсат болған жағдайда – осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды журналда тіркейді.

атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қағаз жеткізгіште құжаттардың немесе электрондық құжаттар топтамасын (бұдан әрі – ЭҚТ) қалыптастырады және оны өз қолтаңбасымен растайды (немесе ЭЦҚ арқылы);

өтініш берушіден құжаттар пакетін алу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындау үшін қалыптастырылған құжаттар пакетін учаскелік комиссияға береді;

өтініш берушіден құжаттарды қабылдау күнінен бастап он бес жұмыс күннен кешіктірмей Орталыққа учаскелік комиссияның қорытындысын қоса отырып өтініш берушінің құжаттар топтамасын жолдайды;

2) Орталық:

осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті электрондық журналда тіркейді және өтініш берушіге (өтініш берушінің Орталыққа жүгінген жағдайда) немесе әкімге (әкім құжаттарды Орталыққа өткізген жағдайда) өтініштің үзбелі талоны беріледі;

құжаттарды қабылдаған күні отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін, олардың өтініштеріне сәйкес «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жұмыс іздеуші адам ретінде тіркейді;

өтініш беруші құжаттарының топтамасын қағаз жеткізгіште немесе құжаттардың электронды топтамасын (бұдан әрі – ҚЭТ) қалыптастырады және оны өзінің қолтаңбасымен (немесе ЭЦҚ арқылы) куәландырады;

өтініш берушіден құжаттар пакетін алу күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындау үшін қалыптастырылған құжаттар пакетін учаскелік комиссияға береді;

14. Учаскелік комиссия үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексереді және оның нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.

Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайының тексерісі өтініш берушінің қатысуымен жүргізіледі, ол болмаған жағдайда – кәмелеттік жастағы әрекетке қабілетті отбасы мүшесінің қатысуымен.

Учаскелік комиссияның мүшелері қорытындыға қол қояды және өтініш берушіге танысу үшін ұсынады, ол болмаған жағдайда – тексерісті жүргізуге қатысқан кәмелеттік жастағы әрекетке қабілетті отбасы мүшесіне.

Өтініш берушінің, ол болмаған жағдайда – кәмелеттік жастағы әрекетке қабілетті отбасы мүшесінің тексеріс жүргізуден бас тартуы учаскелік комиссия мүшелерінің көпшілігі қол қоятын хаттамада белгіленеді.

Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға бір күнтізбелік жылдың ішінде қайтадан жүгінсе, өтініш берушімен ұсынылған мәліметтерді нақтылау қажет болған, бұдан басқа тұрғылықты жері (бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде), өтініш берушінің (отбасының) құрамы мен табыстары өзгерген жағдайларда қана тексеріс жүргізіледі.

 

 

 

 

1-парарграф. Шартсыз ақшалай көмекті тағайындау шарттары

23. Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі адамдарға (отбасыларға) ұсынылады. Олардың қатарына:

1) жалғыз басты және жалғыз тұратын аз қамтылған:

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағымен белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;

бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдар;

2) отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің барлығы:

бірінші және екінші топтағы мүгедектер болып табылатын және (немесе) екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек-балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның үнемі күтімі мен көмегіне мұқтаж қарияларға күтімді жүзеге асыратын аз қамтылған отбасылар.

24. Шартсыз ақшалай көмекті алушы тоқсан сайын:

отбасы мүшелерінің табыстары туралы;

отбасының құрамы туралы мәліметтерді ұсынады.

25. Отбасының жиынтық табысы және (немесе) отбасының құрамы өзгерген жағдайда шартсыз ақшалай көмектің мөлшері өтініш беру айынан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейінгі мерзімге дейін қайта есептеледі.

Бұл ретте, шартсыз ақшалай көмекті тағайындау, оның мөлшерінің өзгеруі осы Қағидаларға 15-22-тармақтармен белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

26. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға ниет білдірген шартсыз ақшалай көмекті алушылар денсаулық ұйымынан денсаулық жағдайы туралы анықтамасы бар болған жағдайда әлеуметтік келісімшарт жасаспай ақ Орталықтың жолдамасы бойынша жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға және кәсіби оқуға жіберілуі мүмкін.

 

2-парарграф. Шартты ақшалай көмек тағайындау шарттары

27. Шартты ақшалай көмек жалғыз басты немесе жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті адамдарға, бұдан басқа құрамында еңбекке қабілетті азаматтар бар аз қамтылған отбасыларға көрсетіледі.

28. Шартты ақшалай көмекті тағайындаудың міндетті шарттары:

аз қамтылған отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) бейімдеу бағдарламаларына қатысу бойынша тараптардың міндеттемелері көрсетілген әлеуметтік келісімшарт жасасу.

29. Аз қамтылған отбасының келесі мүшелеріне шартты ақшалай көмекті тағайындау кезінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу міндетті шарт болып табылмайды:

бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;

күндізгі нысанда оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттарға және магистранттарға;

екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдарға;

жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек-балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның үнемі күтімі мен көмегіне мұқтаж қарияларға күтімді жүзеге асыратын адамдарға;

тұрақты жұмысы бар адамдарға.

30. Өтініш берушімен немесе әкіммен ұсынылған құжаттар пакетінің негізінде Орталық:

1) жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің санын анықтайды;

2) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті адамдардың және жұмыспен қамтылмаған еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыс іздеуші тұлғалар ретінде тіркеуді жүзеге асырады;

3) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына белгіленген мерзімдерде жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелген еңбекке қабілетті адамдарға немесе отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне бар бос орындар (сәйкес келетін жұмыс) туралы хабарлама жолдайды.

Хабарлама өтініш беруші, әкім және (немесе) ақпараттық ресурстар арқылы тіркелген еңбекке қабілетті адамдарға немесе отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне беріледі;

4) еңбекке қабілетті адамдар немесе отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмысқа орналасуға келіскен кезде Орталық оларға жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.

Тіркелген еңбекке қабілетті адамдар немесе отбасының еңбекке қабілетті мүшелері біліктілігінің, білім деңгейінің сәйкессіздігіне немесе қолайлы жұмыстың транспорттық қолжетімділігінің сәйкессіздігіне байланысты ұсынылған вакансиялардан бас тартқан жағдайында, Орталық мемлекеттік қолдау шараларын ұсынады, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының аясында;

5) келесі жағдайларда жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияға шартты ақшалай көмек тағайындауды барысында келісу үшін тізімдерді береді:

біржолғы шартты ақшалай көмекті төлеген кезде;

ұсыну туралы шешімнің қабылдануы уәкілетті органның құзыретінен тыс шығатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеудің белсенді шараларын көрсету кезінде;

шартты ақшалай көмекті ұзарту мәселесін қарастыру кезінде.

6) учаскелік комиссияның қорытындысын немесе учаскелік комиссияның қорытындысы бар құжаттарды әкімнен алған соң, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынысы бойынша үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік бейімдеу шаралары қосылған жеке жоспарды ұсынылған мемлекеттік қолдау шараларын ескере отырып осы Қағидаларға
10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды және әлеуметтік келісімшартты бекітеді.

Әлеуметтік келісімшартта осы Қағидалардың 11-қосымшасында бекітілген Жұмыспен қамтуға және отбасының (адамның) әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу бойынша іс-шаралардың үлгілік тізбесінде ұсынылған жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеудің белсенді шараларын орындау бойынша тараптардың міндеттемелері көрсетіледі.

7) шартты ақшалай көмекті тағайындау туралы шешімнің электрондық жобасын қалыптастырады және оны осы Қағидаларға 16-тармақпен анықталған тәртіпте уәкілетті органға жолдайды;

8) еңбекке қабілетті адамдардың немесе отбасы мүшелерінің қолайлы жұмыстан немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының аясында мемлекеттік қолдау шараларынан бас тартқан жағдайда, Орталық өтініш берушімен және (немесе) еңбекке қабілетті адаммен немесе отбасының еңбекке қабілетті мүшелерімен куәландырылған (қол қойылған) бас тарту туралы қорытынды дайындайды.

Бұл жағдайда Орталық орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі оқу ұйымдарында, жоғарғы оқу орындарында оқитын 18 жасқа дейінгі балаларға кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітіру уақытына дейін (жиырма үш жасқа толғанға дейінгі мерзімнен асырмай) және отбасының басқа мүшелерін қоспағанда жеті жасқа дейінгі балаларына күтімді жүзеге асыратын аналарға шартты ақшалай көмекті тағайындау туралы электронды шешім жобасын дайындайды.

Аталған шешім жобасы өтініш берушінің құжаттар пакетімен және Орталықтың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларынан бас тарту туралы қорытындысымен қоса осы Қағидаларға 15 және 16-тармақтарға сәйкес шартты ақшалай көмекті тағайындау үшін уәкілетті органға жолданады.

31. Әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда Орталық екі күнтізбелік күннің ішінде өтініш берушіге және (немесе) еңбекке қабілетті адамға және (немесе) осы Қағидаларға
12-қосымшаға сәйкес отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды.

Орталықпен өтініш берушіге немесе еңбекке қабілетті адамға (отбасы мүшелеріне) жолдама жіберген сәттен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде әлеуметтік келісімшарт міндеттерін орындау бойынша шараларды қабылдамаған жағдайда Орталық бір жұмыс күні ішінде:

1) әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуы туралы қорытынды дайындайды;

2) кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітіру уақытына дейін (жиырма үш жасқа толғанға дейінгі мерзімнен аспайтын) орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі оқу ұйымдарында, жоғарғы оқу орындарында күндізгі нысанда оқитын 18 жасқа дейінгі балаларды және жеті жасқа дейінгі балаларына күтімді жүзеге асыратын аналарды қоспағанда, шартты ақшалай көмек көлемінің үш айлық мерзімге, бірақ әлеуметтік келісімшарт мерзімінің аяқталу мерзімінен аспайтын мерзімге 50%-ға төмендеуі туралы шешімнің электронды жобасын қалыптастырады.

3) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес алушыны әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуы туралы хабарландырады.

32. Шартты ақшалай көмек көлемін төмендету туралы уәкілетті органның шешімі шыққан соң әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерін қайта орындамағаны анықталған жағдайда Орталық бір жұмыс күні ішінде:

әлеуметтік келісімшарттың бұзылғандығы туралы қорытынды әзірлейді;

кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітіру уақытына дейін (жиырма үш жасқа толғанға дейінгі мерзімнен аспайтын) орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі оқу ұйымдарында, жоғарғы оқу орындарында күндізгі нысанда оқитын 18 жасқа дейінгі балаларды және жеті жасқа дейінгі балаларына күтімді жүзеге асыратын аналарды қоспағанда отбасыға шартты ақшалай көмекті тоқтату туралы шешімнің электронды жобасын қалыптастырады;

осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің қайта бұзылуы туралы алушыны хабарландырады.

Осы Қағидаларға 17 және 18-тармақтарымен анықталған тәртіпте уәкілетті орган отбасыға шартты ақшалай көмек көлемін азайту немесе тоқтату туралы шешімді қабылдайды.

33. Әлеуметтік келісімшарт:

отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімделуі қажет болған;

отбасының еңбекке қабілетті мүшелерімен кәсіби оқыту, және(немесе) жастар практикасы, және(немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылу аяқталмаған жағдайларда оны алты айға дейін ұзартылуы мүмкін.

Әлеуметтік келісімшартты ұзартқан жағдайда шартты ақшалай көмек қайта қаралмайды.

34. Осы Қағидаларға 17 және 18-тармақтарымен анықталған тәртіпте әлеуметтік келісімшартты ұзартуға байланысты шартты ақшалай көмек адамға (отбасыға) төлемді ұзарту туралы шешім уәкілетті органмен:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алушының жазбаша өтініші;

2) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік келісімшартқа қосымша келісім негізінде. Қосымша келісім әлеуметтік келісімшарт мерзімінің аяқталуына он күнтізбелік күнге дейін жасалады.

3) жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық (өңірлік) комиссияның қорытындысы;

4) шартты ақшалай көмек алушының оқуда немесе жастар практикасында, немесе әлеуметтік жұмыс орындарында болуы туралы ұйымдардың ақпараты;

5) шартты ақшалай көмек төлемін ұзарту туралы Орталық шешімі жобасының негізінде қабылданады.

35. Шартты ақшалай көмек тағайындау, шартты ақшалай көмек төлемін ұзарту барысында, еңбекке қабілетті адамның немесе отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің әлеуметтік келісімшартты жүзеге асыру мерзімінде Жиынтық табысты есептеу Қағидаларына сәйкес отбасының жиынтық табысына қосылмайды.

36. Уәкілетті органмен шартты ақшалай көмек мөлшерін азайту туралы шешімнің қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Орталық өтініш берушінің өзіне немесе әкім арқылы осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек төлемін тоқтату немесе ұзарту туралы хабарлама береді.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района