в актогае 20
USD 386.91
EUR 428.81
RUB 5.79
Мобильная версия

«Клиникалық практикаға жіберу үшін бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру»

 

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2014 жылғы «     »
         №     бұйрығымен

       бекітілген

 

 

 

«Клиникалық практикаға жіберу үшін бiлiктiлiк

 санатын бермей маман сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Клиникалық практикаға жіберу үшін бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).  

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz                      «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал);

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.  

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат). Сертификат тестілеуден оң нәтижемен өткен жағдайда беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық.          

Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште маман сертификатын алуға жүгінген жағдайда – маман сертификаты электрондық пішімде ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мөрімен және қолымен расталады.

          Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. 

           Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) қызмет берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

2) порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын  құжаттардың деректерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады. 

          Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

          Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

          көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берген кезде:

өтініштің нөмірі мен қабылданған күнін;

сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;

өтінішке қоса берілген құжаттардың санын;

тестілеуден өтудің күні мен уақытын (құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша тестілеуге жіберілген жағдайда);

өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) беріледі.

портал арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» тестілеуден өту күні, уақыты және орны көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі (құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша тестілеуге жіберілген жағдайда).

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісім береді.

 

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің  басшысының атына беріледі.

Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымының портал арқылы қабылданғанын растау оны тіркеу туралы хабарлама болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады. 

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

             

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді көрсетудің ерекшеліктерін

есепке ала отырып өзге де талаптар

 

12. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін  жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

___________________

 

 

«Клиникалық практикаға жіберу үшін бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

нысан

Маман сертификаты

____________________________________________________________________ 
                                                            (тегi, аты, әкесiнiң аты)
__________________________________________________________________
__________________________________________________мамандығы бойынша
                     (номенклатура бойынша мамандық)

осы біліктілік санатын бермей маман сертификатын алды.

Оны беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының  20_____ жылғы   «___»_____________ № _____ бұйрығы

Сертификат 20 ____ жылғы   « ___» ____________ дейiн жарамды

                                                          

 Тiркеу №  ___________                 

                                                          

Берiлген күнi 20__ жылғы «__»___________

___________________________

 

«Клиникалық практикаға жіберу үшін бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

 

нысан

                                                                 ____________________________________

                                                                 ____________________________________

                                                                                (мемлекеттік органның атауы)

 

басшысына

 

__________________________________

(кімнен)

__________________________________    (тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН)

 

Тұрғылықты мекенжайы:

__________________________________

__________________________________

 

 

ӨТІНІШ

 

Сізден_________________________________________________________

__________________________________________________________________

мамандығы бойынша біліктілік санатын бермей міндетті біліктілік емтиханына жіберуіңізді сұраймын.

 

 Осы өтінішпен ақпараттық ресурстардағы мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

 

_______________________

(көрсетілетін қызметті алушының қолы)

 

___________________

           (толтырылған күні)

 

______________________

 

«Клиникалық практикаға жіберу үшін бiлiктiлiк санатын бермей маман сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

3-қосымша

 

 

МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

Біліктілік санатын бермей қолдану мерзімі бар маман сертификатын беруге өтініш

 

 

Медициналық білімі

1. Білімі

2. Дипломның нөмірі

3. Дипломның сериясы

4. Білім беру ұйымының толық атауы

5. Түскен жылы

6. Бітірген жылы

7. Диплом бойынша мамандығы

8. Диплом бойынша біліктілігі

9. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда)

 

Өтініш білдірген мамандық бойынша интернатура, клиникалық ординатура, резидентура мамандықтарды туралы мәліметтер (жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін)

         10. Интернатураның мамандығы

11. Түскен жылы

12. Бітірген жылы

13. Клиникалық ординатураның мамандығы

14. Түскен жылы

15. Бітірген жылы

16. Резидентураның мамандығы

17. Түскен жылы

18. Бітірген жылы

 

Өтініш білдірген мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткенін куәландыратын мәліметтер

19. Қайта даярлау бойынша куәлік нөмірі

20. Қайта даярлау мамандығы

21. Оқытқан ұйымның атауы

22. Оқудың сағат бойынша көлемі

23. Оқудың басталуы

24. Оқудың аяқталуы

 

Қазіргі уақыттағы жұмыс орны туралы мәліметтер

         25. Өтініш білдірген мамандық бойынша еңбек өтілі

         26. Жалпы медициналық өтілі

         27. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны

         28. Атқаратын лауазымы

 

Өтініш берілген мамандық бойынша еңбек қызметі

        

Қабылданған күні

Жұмыстан босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрықтың №

Бұйрықтың шығарылған күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтініш берілген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылату куәлігі туралы мәліметтер

         46. Біліктілігін жоғарылату туралы куәліктің нөмірі

         47. Циклдың атауы

         48. Оқытушы ұйымның атауы

         49. Оқудың басталуы

         50. Оқудың аяқталуы

         51. Оқудың сағат бойынша көлемі

 

____________________

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района