в актогае 0
USD 379.36
EUR 428.94
RUB 5.93
Мобильная версия

«Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу құқығына аккредиттеу»

 

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2014 жылғы «     »
         №     бұйрығымен

       бекітілген

 

 

««Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу құқығына аккредиттеу»                        мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

  

1. «Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу құқығына аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау:

1) Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық бөлімшелері) кеңсесі немесе www.еlicense.kz «Е-лицензиялау»  веб-порталы (бұдан әрі – портал);

2) www.е.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) кеңсесі немесе портал арқылы жүзеге асырылады.

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік. Тестілеу мен әңгімелесуден оң нәтижемен өткен жағдайда аккредиттеу туралы куәлік беріледі. 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште аккредиттеу туралы куәлік алуға жүгінген жағдайда – аккредиттеу туралы куәлік электрондық пішімде ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мөрімен және қолымен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» Комитеттің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.  

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Комитет бекіткен, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген интернет-ресурста орналастырылған жеке тұлғаларды аккредиттеуді өткізу кестесіне сәйкес, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінде:»;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;   

жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;

жоғары кәсіби медициналық немесе фармацевтикалық білімі туралы дипломның көшірмесі;

еңбек кітапшасының көшірмесін немесе кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар өзге де құжат;

денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе медициналық көрсетілетін қызметтер және (немесе) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың немесе медициналық техниканың айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында;

медициналық немесе фармацевтикалық білім беру (ғылыми-педагогикалық құрамда) ұйымдарында;

кәсіптік медициналық (клиникалық практика) және (немесе) фармацевтикалық қызметте;

(клиникалық практиканы және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандар үшін) біліктілікті арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы құжаттардың көшірмелерін;

 денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе медициналық көрсетілетін қызметтер және (немесе) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың немесе медициналық техниканың айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында не медициналық немесе фармацевтикалық білім беру (ғылыми-педагогикалық құрамда) ұйымдарында, аккредиттеу туралы куәлікті алғаш рет алуға үміткер адамдардың соңғы 2 жылда денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарында кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар сараптама жүргізу мәселелері бойынша немесе сараптамалық қызмет негіздері бойынша жалпы көлемі кемінде 216 сағат біліктілігін арттыруы қажет.

денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе медициналық көрсетілетін қызметтер және (немесе) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың немесе медициналық техниканың айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында не медициналық немесе фармацевтикалық білім беру (ғылыми-педагогикалық құрамда) ұйымдарында, аккредиттеу туралы куәлікті қайта алуға үміткер адамдардың соңғы 5 жылда денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарында тиісті және (немесе) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша жалпы көлемі кемінде 216 сағат біліктілігін арттыруы қажет.»;

ғылыми дәрежелерінің, атақтарының (бар болса) туралы құжаттардың көшірмесі.

2) порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

жоғары кәсіби медициналық немесе фармацевтикалық білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі.

еңбек кітапшасының электрондық көшірмесін немесе кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар өзге де құжат;

денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе медициналық көрсетілетін қызметтер және (немесе) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың немесе медициналық техниканың айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында;

медициналық немесе фармацевтикалық білім беру (ғылыми-педагогикалық құрамда) ұйымдарында;

кәсіптік медициналық (клиникалық практика) және (немесе) фармацевтикалық қызметте;

(клиникалық практиканы және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандар үшін) біліктілікті арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы құжаттардың электрондық көшірмелерін;

 денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе медициналық көрсетілетін қызметтер және (немесе) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың немесе медициналық техниканың айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында не медициналық немесе фармацевтикалық білім беру (ғылыми-педагогикалық құрамда) ұйымдарында, аккредиттеу туралы куәлікті алғаш рет алуға үміткер адамдардың соңғы 2 жылда денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарында кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар сараптама жүргізу мәселелері бойынша немесе сараптамалық қызмет негіздері бойынша жалпы көлемі кемінде 216 сағат біліктілігін арттыруы қажет.

денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдарда немесе медициналық көрсетілетін қызметтер және (немесе) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың немесе медициналық техниканың айналысы саласындағы сапа сараптамасын жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында не медициналық немесе фармацевтикалық білім беру (ғылыми-педагогикалық құрамда) ұйымдарында, аккредиттеу туралы куәлікті қайта алуға үміткер адамдардың соңғы 5 жылда денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарында тиісті және (немесе) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын басқару мәселелері бойынша жалпы көлемі кемінде 216 сағат біліктілігін арттыруы қажет.

ғылыми дәрежелерінің, атақтарының (бар болса) туралы құжаттардың электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық деректер нысанында алады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

         Көрсетілетін қызметті алушы Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің кеңсесі арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

өтініштің нөмірі мен қабылданған күнін;

сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;

өтінішке қоса берілген құжаттардың санын;

тестілеуден өту күні мен уақытын (ол құжаттарды тексеру нәтижесі бойынша жіберілген жағдайда);

өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) береді.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» тестілеу мен әңгімелесуден өту күні, уақыты және орны көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі (ол құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша тестілеуге және тестілеудің нәтижелері бойынша әңгімелесуге жіберілген жағдайда).

Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер болып табылатын көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың және бірінші немесе жоғары біліктілік санатын беру туралы құжат мәліметтерін  тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден  ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісім береді.

 

 

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

 

10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына беріледі.

Шағым пошта арқылы жазбаша түрде немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлікті кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымның қабылданғанын растау нөмірі, күні, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің кеңсесінде тіркеу болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы шағымының портал арқылы қабылданғанын растау оны тіркеу туралы хабарлама болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады. 

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

               

 

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда

көрсетілетін қызметтерді көрсетудің ерекшеліктерін

есепке ала отырып өзге де талаптар

 

12. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін  жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

 

________________________

 

«Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң

қызметiне тәуелсiз сараптама

жүргiзу үшiн жеке тұлғаларға

аккредиттеу туралы куәлiк беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

 

нысан

Аккредиттеуші органның атауы__________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________берілді.

                                    (жеке тұлғаның Т.А.Ә., тұратын мекенжайы)

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы              18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі және аккредиттеу комиссиясының 20_____ жылғы «____» _______________ № ______ шешімі негізінде _________________________________________________

________________________________________________________________

                                               (аккредиттеу саласы)      

денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу құқығына аккредиттелді. 

 

Басшы________________________________________________________

                                                             (қолы)

Куәліктің берілген күні  20____жылғы «____»____________________

Куәліктің қолданыс мерзімі  20_____ жылғы «__» ______________ бастап

 

Тіркеу № ____________

 

 Қала _________________________

 

 

                                                                                                      МО

 

____________________

 

 

«Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң

қызметiне тәуелсiз сараптама

жүргiзу үшiн жеке тұлғаларға

аккредиттеу туралы куәлiк беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

 

нысан

 

Аккредиттеу туралы куәлік алуға өтініш

 _________________________________
(денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу                                                      жөніндегі органның толық атауы)
 ______________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты)

                                            

ӨТІНІШ

_________________________________________________________________
                                                     (түрін көрсету)
__________________________________________________________________ мамандығы бойынша тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн аккредиттеуіңізді сұраймын.

Жеке тұлға туралы мәліметтер:
1. Туған жылы _____________________________________________________
2. Төлқұжат деректері
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
                      (сериясы, №, ЖСН, кім және қашан берді)
3. Білімі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
        (мамандығы болса, дипломының (басқа құжаттың) №,
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
            (оқу орнының атауы, бітірген жылы)
4. Тұратын мекенжайы, байланыс телефондары
__________________________________________________________________
5. Жұмыс орны ____________________________________________________
6. Қоса берілетін құжаттар:__________________________________________
     (қолы)                         (тегі, аты, әкесінің аты)

 

Осы өтінішпен ақпараттық ресурстардағы мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района