в актогае 29
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
Мобильная версия

Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы және оған қарасты клуб үйлері туралы

Аудан бойынша 1-мәдениет үйі, 2-кенттік клуб үйі, 17-ауылдық клуб үйі, 2-«Зерде» бейнемобилі, 1-демалу саябағы және 5-халықтық ұжым жұмыс жасайды. 

Аудандық мәдениет үйі 1970 жылы пайдалануға берілді. Клуб үйінде 149 штат бар. Клуб үйінің директоры Күлшікенов Нұрлан Жұмашұлы.

1. Сарышаған кенттік клуб үйі. Клуб меңгерушісі Жаңғарашева Дәмелі.

2. Шашубай  кенттік клуб үйі. Клуб меңгерушісі  Төлегенова Динаш.

3. Нүркен  ауылдық  клуб үйі. Клуб меңгерушісі  Баймағанбетов Берік.

4. Қызыларай ауылдық клуб үйі. Клуб меңгерушісі  Төлеубаев Мәдениет.

5. Нарманбет  ауылдық клуб үйі. Клуб меңгерушісі  Нығманова Манара.

6. Айыртас  ауылдық  клуб үйі. Клуб меңгерушісі  Зекербай Жанаргүл. 

7. Тораңғалық  ауылдық клуб үйі. Клуб меңгерушісі Дәулетбай Жәрдембек.

8. Шабанбай би  ауылдық клуб үйі. Клуб меңгерушісі  Пшенбаев Саят.

9. Қусақ  ауылдық  клуб үйі. Клуб  меңгерушісі Адамбаева Зағира.

10. Сәуле  ауылдық  клуб үйі. Клуб меңгерушісі  Рысбеков Еркебұлан.

11. Үшарал  ауылдық  клуб үйі. Клуб меңгерушісі  Жұмабаева Гүлнәз.

12. Жалаңаш  ауылдық  клуб үйі. Клуб меңгерушісі  Жасыбаева Шынар. 

13. Сарытерек   ауылдық  клуб үйі. Клуб меңгерушісі Жакупов Базарәлі. 

14. Кежек  ауылдық  клуб үйі.  Клуб меңгерушісі Байзақова Алма.

15. Қараменде би  ауылдық  клуб үйі. Клуб меңгерушісі  Сейдуалиева Дидар.

16. Қуаныш  клуб үйі.  Клуб меңгерушісі   Жақанов Айбол. 

17. Ортадересін  ауылдық  клуб үйі Клуб меңгерушісі  Үмбетова Айдана.

18. Абай  ауылдық  клуб үйі.  Клуб меңгерушісі  Жұмажанов Марат.

19. Тасарал  ауылдық клуб үйі. Клуб меңгерушісі  Қылбаева Күлжамила.

№1 «Зерде» бейнемобилі 2004 жылы құрылған. Меңгерушісі А.Аманбаева.

№2 «Зерде» бейнемобилі 2004 жылы құрылған. Меңгерушісі Н.Әлібеков.

Ж.Шайдаров атындағы демалу саябағы 1970 жылы ашылды. Ғимараттар 1977 жылы салынған. 2001 жылы Ақтоғай аудандық маслихат шешімімен Ж.Шайдаров атауы берілді.  Аумағы 12,8га.

Мәдениет  саласында «Халықтық» атағы бар 5 ұжым - «Тоқырауын толқыны» халықтық ән- би ансамблі, «Ақтоғай» халықтық театры, «Шалқар» халықтық театры, «Сарыжайлау» ұлттық аспаптар оркестрі, «Балбырауын» халықтық би ансамблі халыққа қызмет етеді.

Тоқырауын толқындары халықтық ән-би ансамблі 1973 жылы құрылды.

1975 жылы «Халықтық ансамблі» атағын алды. Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс медалімен наградталды.

1984 жылы Венгер халық Республикасында өнер көрсетті.

1985 жылы С.Сейфулиннің 90 жылдық тойында концерт берді.

1987 жылы Қазақ ССР  халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің дипломымен марапатталды.

1988 жылы Украинада өткен Қазақ өнері мен мәдениетінің күндеріне қатысты.

1990 жылы Қазақстан комсомолы ХХІ съезінде бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

1995 жылы Абайдың 150 жылдығында өнер көрсетті.

1998 жылы облыстық «Сарыарқа әуендері» фестивалінің дипломымен марапатталды. Астана қаласының тұсаукесерінде мерекелік концерт берді.

2011 жылы Қасым Аманжоловтың 100 жасқа толу мерейтойында ақын ауылында өнер көрсетті.

2015 жылы «Тоқырауын толқындары» халықтық ан-би ансамблінің 40 жылдық мерейтойы тойланды. Сол жылы Астана қаласында өткен Қазақ Хандығының 550 жылдығында концерт берді.

2017-2018 жылы облыс орталығында өткен барлық мәдени шараларға шақырылды. Астана қаласында өткен халықаралық ЭКСПО көрмесінде өнер көрсетті.

«Ақтоғай» халық театры 1971 жылы халықтық атағын алды.

1975 жылы Ақмола қаласында өткен халық театрының бүкілодақтық байқауында Ә.Әбішевтің «Найзағай» романы бойынша жергілікті авторлар Т.Мұқанов пен Б.Омашевтың жазған «Найзағай» спектаклін қойып, бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанды.

1977-1978 жылдары Республикалық байқаудың лауреаты атанды.

1985-1987 жылдары бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанды.

1987 жылы СССР мемлекеттік кіші театрының алтын медалін алды.

1988 жылы Қазақстан және орта Азия театрларының көкшетау қаласында өткен «Достық дәнекері» фестивалінде Б.Тәжібаевтың «Сал сері қыз Қосан» спектаклін қойып, фестивальдің дипломанты атанды.

2000 жылы облыстық халық театрлары байқауында халық театры Баққожа Мұқанның «Заманқыр» трагедиясын қойып, жүлделі 2 орынды иеленді.

2016 жылы М.Мақатаевтың «Қош махаббат» қойылымын халыққа ұсынды.

2018 жылы С.Жүнісовтың «Ажар мен Ажал» спектаклін сахналады.

Шалқар халық театры 1975 жылы құрылды.

1979 жылы «Халық театр» атағын алды.

1979 жылы Шымкент қаласында өткен Республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды.

1982 жылы КСРО халық шаруашылығы жетістігі көрмесінің жеңімпазы атанды.

2000 жылы облыстық халық театрлары байқауының лауреаты атанып, бас жүлдені жеңіп алды.

2003 жылы облыстық халық театрлары байқауында халықтық ұжымдар арасында бас жүлдені жеңіп алды.

2004 жылы Республикалық «Тазша бала» байқауында дипломант және «Судыр Ахмет» атындағы Республикалық жүлдені жеңіп алды.

2005-2006 жылдары Қ.Ысқақовтың «Жан себіл» және М.Әуезовтың «Абай» спектаклін сахналады.

2007-2008 жылдары Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуі» және Сатыбалдиннің «Қабаған ит» комедияларын қойды.

2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» спектаклін халыққа ұсынды.

2015 жылы Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай «Хан Кене» қойылымын халық назарына ұсынды.

2016-2018 жылдары есептік концерт беріп, жаңа бағдарламамен елді мекендерді аралады.

«Сарыжайлау» халықтық ұлт аспаптар ансамблі 1966 жылы құрылды.

1984 жылы «Халықтық» атағын алды.

1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған аудандық байқауға қатысып, жүлделі бірінші орынды иеленді.

1988 жылы Ақтоғай ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай арнайы концерттік бағдарлама берді.

1990 жылы Жезқазған қаласында өткен облыстық «Байқоңыр дауысы» фестиваліне қатысты.

1997 жылы М.Хамзиннің 70 жылдығына арналған «Күй құдіреті» атты концерттік бағдарламамен селолық елді мекендерді аралады.

2003-2005 жылдары ауыл жылына орай «Ауыл кеші көңілді» атты концерттік бағдарламамен елді мекендерді аралады.

2006 жылы Қарағанды облысының 70 жылдығына байланысты «Әнге қосам сені Сарыарқа» атты аудандық байқауында жүлдегер атанды.

2008-2010 жылдар аралығында жаңартылған бағдарламамен ауылдық округтерде концерттік бағдарламаларымен болып қайтты.

2014 жылы «Күмбірле қоңыр домбыра» атты аудан орталығында есептік концертін беріп үлкен бағаға ие болды.

2016-2018 жылдары есептік концерт берді.

«Балбырауын» халықтық би ансамблі 1980 жыл құрылды.

1988 жыл  Ансамбль «халықтық» атағын алды

1991 жыл    Қазақтелерадио арнасының қазақ халқының салт дәстүрін бейнелейтін «Қыз ұзату, келін түсіру» фильміне ансамбль бишілері түсті

1992 жыл ҚР мемлекеттік дәрежеде өткен форумында мәдени шараға қатысып, Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өнер көрсетті

1993-1995ж.ж.      Жезқазған қаласында өткен облыстық «Байқоңыр дауысы» және «Ұлытау үні» фестиваліне қатысып, Құрмет грамотасы және дипломанты атанды.

1996 жыл    Алматыда өткен Жезқазған облысы мәдени күндерінде ансамбль өнер көрсетті

1998 жыл    Астана қаласының тұсау кесер тойында «Тоқырауын толқыны» халықтық ансамблімен бірігіп үлкен концерттік бағдарлама көрсетті

1999 жыл    Астанада Қарағанды облысының мәдени күндеріне қатысты

1999-2001ж.ж.      Қарағанды облыстық «Сарыарқаның жұлдызды шашағы» атты 12 би фестиваліне арнайы бағдарлама дайындап, дипломмен марапатталды.

2003 жыл    Қазақстанның Ресейдегі жылына орай Ресейдің Қорған қаласына өнер сапарымен барды.

2004-2006ж.ж. «Наурыз Думан», «Май.Мамыр.Көктем», «Кел Жаңа жыл», «Бейбіишілік таңы» атты т.б.бағдарлама ұсынды

2007-2008ж.ж.      Ауданның 80 жылдығына байланысты «Ауылым биімен сәнді» бағдарламасын көрсетіп, «Әнім де сен, сәнім де сен Астана» атты облыстық байқаудың бас жүлдесін иеленген аудан өнерпаздарының құрамында өнер көрсетті.

2009-2010ж.ж. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына байланысты «Болмасын соғыс», «Бейбітшілік таңы» атты бағдарламамен елді мекендерді аралады.

2011-2012ж.ж.      Тәуелсіздіктің 20 жылдығына байланысты «20 жыл бір шаңырақтың астында» атты ауқымды концерттік бағдарлама ұсынылды.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района