в актогае 5
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
Мобильная версия

Мұражай туралы

Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі  1986 жылдан Жезқазған облыстық өлкетану музейінің филиалы болып құрылған. Қазақ ССР-і Министрлер Кабинетінің 7 маусым 1991 жылғы №91-р жарлығы бойынша өз алдына жеке ғылыми негіздегі музей болып ашылды.  Бұл Республикадағы 47 аудандық музейлердің ішіндегі бірден-бір жалғыз археологиялық-этнографиялық музей және Республика бойынша археологиялық 6 музейдің бірі.

Археологиялық-этнографиялық музей болып құрылу себебі – Ақтоғай ауданы көлемінде археологиялық-тарихи, мәдени ескерткіштердің молдығы. Қазақстандағы ең маңызды тарихи ескерткіштердің бірі, Орталық Қазақстандағы 4000 (төрт мың) жыл бұрын қола дәуірінде пайда болған Бегазы-Дәндібай мәдениеті осы жердің төл мәдениеті. Осы бағытта 1947-49, 1952 жылдары Орталық Қазақстан ғылыми экспедициясы академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның басқаруымен зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Музейде 1991 жылдан бастап археология, этнография бөлімдері бойынша жұмыс жүргізілсе, 1997 жылдан бері өлкетану бөлімі қосылып, үш бағыт бойынша қызмет көрсетіп келеді.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района