в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

Кітапханалар туралы

Ақтоғай ауданы бойынша кітапханалар саны - 19. Оның ішінде                          1 аудандық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 5 үлгілі кітапхана, 12 ауылдық кітапханалар халыққа қызмет көрсетеді.

Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі 1928 жылы Ақтоғай ауданының құрылуына байланысты, халықты сауаттандыру мақсатында «Қызыл Отау» есебінен кітап беру пункті болып ашылған. Ол кездері кітап беру пункттерін ауыл советтері басқарған. Сол жылдары Тарыбаев ауыл советі болған.  1935 жылы «Қызыл Отау» «Кітапхана» болып құрылған. Кітапханалар ауыл советтеріне қараған соң, кітап қорлары Жезқазған қаласындағы облыстық кітапхананың бибколлекторынан тікелей  ұшақ арқылы әкелініп, жаңа кітаптармен толығатын.  

1931–1951 жылдар арасындағы орталық кітапхананың шежіресі белгісіз. 1951–1952 жылдар арасында орталық кітапхананың меңгерушісі болып Аханова Лиза жұмыс жасаған.

1952–1954 жылдары Өкімбаева Риза меңгеруші болған. 1954 жылы кітапхана қоры артуына байланысты, сол кітапхананың ішінен балалар бөлімі ашылған. Осы жылы Өкімбаева Риза сол бөлімнің меңгерушісі болып ауысқан.  1954–1958 жылдары орталық кітапхананың меңгерушісінің міндетін Есеева Қойша атқарған.     

1958–1959 жылдары Қалиясқарова Шакен Есеева Қойшадан меңгерушілікті қабылдап алған.  1959–1962 жылдары кітапхана меңгерушісі болып Сейсепова Дайна жұмыс істеген. 1962 жылы Сейсепова Дайнадан менгерушілікті Мұсағұлова Нескен қабылдап алып, 1965 жылға дейін осы қызметті атқарған.  1965–1966 жылдары меңгерушілікте Аюханова Қамария жұмыс жасаған. 1966–1973 жылдар аралығында Ахтанова Аман орталық кітапхананың меңгерушісі болған. 

1973–1974 жылдары Рахымжанова Нескен меңгерушілікті атқарған. 1974–1976 жылдар арасында Оспанова Нұржамал менгеруші болған.

1976 −1979 жылдар аралығында орталық кітапхананың менгерушісі Үрипа Үкібаева болған. Ал 1979 жылы барлық кітапханалар біріктіріліп, ОКЖ  құрылған. 

2009 жылы Үкібаева Үрипа зейнеткерлікке шығып, осы жылдан бастап Хамзина Кульзира Мальгаждаровна орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директорының  міндетін атқаруда.

2010 жылы  Ақтоғай ауданы әкімдігінің  2010 жылдың  31 наурызындағы № 04/09 «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына сәйкес 2010 жылдың 5 мамырынан бастап, Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен бөлінді.

2012 жылдың 2 наурыз айынан бастап, Ақтоғай ауданы ОКЖ директоры болып Замзагуль Сатекова тағайындалды.  

Аудандық  кітапханалар атауы;

Аудандық  кітапхана

Балалар кітапханасы

Ауылдық округ кітапханалар  атауы;

1. Сауле ауыл кітапханасы  филиал №1

2. Абай  ауыл  кітапханасы  филиал №2

3. Сарытерек ауыл үлгілі кітапханасы  филиал №3

4. Кежек ауыл кітапханасы  филиал №4

5. Ортадересін ауыл кітапханасы филиал №5

6. Нарманбет ауыл кітапханасы  филил №6

7. Нүркен ауыл үлгілі кітапханасы  филиал №7

8. Қошқар ауыл кітапханасы  филиал №8

9. Шашубай кент үлгілі кітапханасы филиал №9

10. Айыртас  ауыл кітапханасы  филиал №10

11. Ақжарық  үлгілі ауыл кітапханасы  филиал №11

12. Ақтас ауыл кітапханасы филиал №12

13. Тораңғалық  ауыл кітапханасы  филиал №13

14. Тасарал  ауыл кітапханасы  филиал №14

15. Шабанбай би  ауыл үлгілі кітапханасы  филиал №15

16. Саршыған кент кітапханасы филиал №16

17. Қуаныш  ауыл кітапханасы филиал №17

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района