в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

Мәдениет саласы туралы ақпар

Мәдениет саласындағы негізгі қызмет:

мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

халыққа мәдени қызмет етудің мемлекеттік ең төменгі стандарттарын белгілеу;

мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолдану;

мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуіне және әкелуіне, оған меншік иесі құқығының басқаға заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;

мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық - мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 1946 жылы құрылған. Ең алғаш Аудандық Кеңес Атқару комитетінің мәдениет бөлімі деп аталған.

2003 жылдан 2005 жылға дейін Мәдениет және спорт бөлімі болған.

2005-2006 жылдар аралығында Мәдениет және ішкі саясат бөлімі деп аталған.

2006 жылдан бастап мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі болды.

Мәдениет бөлімін басқарғандар:

1954-1958 ж.ж.-Әзімханова

1959-1960 ж.ж.-Сейсекеев Алдаш

1960-1962 ж.ж.-Сакенова Марбан

1962-1964 ж.ж.-Рақымбекова Бәдиша

1964-1965 ж.ж.-Мұтарбеков Сүндет

1965-1966 ж.ж.-Әбдіғұлов Әшембек

1967-1972 ж.ж.-Сәтеков Мәдениет Түгелбайұлы

1972-1977 ж.ж.-Шортанбаев Бектұрсын

1977-1985 ж.ж.-Мұқан Тұңғышбай Өміртайұлы

1985-1993 ж.ж.-Қожамбаев Қуат Сейітжанұлы

1993-2005 ж.ж.-Жармағанбетов Табарак Климұлы

2005-2006 ж.ж- Нөкеш Қайрат Оразұлы

2006-2013 ж.ж-Ақбаева Бағдат Құлжанбековна

2014 жылдан бастап Тусупбеков Роллан Абылайулы.

Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша – 43 мәдени объекті бар: 20 клуб үйі; 19 кітапхана; 2 «Зерде» бейнемобилі;                  1 мұражай; 1 саябақ.

Мәдениет  саласында «Халықтық» атағы бар 5 ұжым - «Тоқырауын толқындары» халықтық ән- би ансамблі, «Ақтоғай» халықтық театры, «Шалқар» халықтық театры, «Сарыжайлау» ұлттық аспаптар оркестрі, «Балбырауын» халықтық би ансамблі халыққа қызмет етеді. Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу және осы кәсіпорынға қарасты ауылдық клуб үйлерінің жандарында жұмыс жасайтын түрлі үйірмелердің жалпы саны-96, қатысушылар саны 2314.

Мәдениет саласының бір тармағы көшпелі «Зерде» бейнемобилі. Бұл саланың жұмысын жандандыру мақсатында аудан өнерпаздары жыл бойы ауылдық округтерде гастрольдік іс сапарларда болып, әр түрлі тақырыптарда концертік бағдарламаларын ұсынып отырады.

Ақтоғай ауданы бойынша кітапханалар саны - 19. Оның ішінде                          1 аудандық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 5 үлгілі кітапхана, 12 ауылдық кітапханалар халыққа қызмет көрсетеді. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі барлық әлеуметтік желілерге тіркелген және атқарылған жұмыстарды үнемі жариялап отыратын өздерінің жеке сайты жұмыс жасайды.

Аудандық археологиялық – этнографиялық  музей қорында барлығы           5921 жәдігер бар. Оның 2705 негізгі қорда болса, 3216  қосымша қорда,                         66 жәдігерге жаңғырту жұмыстары жүргізілген. 

Жалпы  мәдени мекемелер алдында ақылы қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру, жас мамандарды тарту, халықтық ұжымдардың гастрольдік сапарының аясын кеңейту және мәдениет саласынның қызметін арттыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыру  міндеттері  тұр.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района