в актогае 5
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
Мобильная версия

Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінде Қазақстан халқының бірлік күніне баланысты «Қазақстан –татулық пен бірліктің ордасы»атты оқырмандар арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Аудандық орталықтандырылған кітапхана оқу залы бөлімінде  Қазақстан халқының бірлік күніне баланысты   «Қазақстан –татулық пен бірліктің ордасы»атты оқырмандар

арасында дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: көп ұлтты  Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып - Тәуелсіздікке тірек болған ел бірлігінің ең басты тұтқасы екенін жете түсіндіру.

Дөңгелек столға АГРО техникалық колледж ,мектеп оқушылары және ұстаздар мен  кітапхана қызметкерлері қатысты.  Іс-шараның басында оқу залы бөлімінің  аға кітапханашысы Жұмажанова А  «Тәуелсіздік таңы атқаннан бастап тең құқықтықтан, достықтан және келісімнен құралған Қазақстан  барлық елдің бірлігін, өз дамуының негізі ретінде белгіледі. Елбасымыз айтқандай, Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның  қазіргідей ғарыштап дамып отырғаны –елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз», -деп  атап өтті. 

  Оқу залының кітапханашысы Байжасарова С интерактивті тақта арқылы тақырыпты слайдтар көрсетіп, кітапханашы Балтабаева  «Бірлігі жарасқан ел» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

 

 

 

  

 

 

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района