в актогае 25
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
Мобильная версия

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

 

«Халық заңгері» акциясы

Бүгінгі күні азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біздің жұмысымыздың басымды бағыттарының бірі. Осы орайда, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Осығын орай, 2020 жылдың 5 наурызында «Нұр Отан» партиясының Ақтоғай аудандық филиалының ғимаратында «Халық заңгері» акциясы өтті. Акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін көтеру, тегін заң көмегін көрсету болып табылады. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының Ақтоғай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары З.Таукеев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Алибаев, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Р.Түсіпбеков және өзге де мемлекеттік органдардың қызметшілері қатысты. «Халық заңгері» акциясын өткізу барысында аудан тұрғындары көбінесе әлеуметтік мәселелер бойынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты сұрақтармен жүгініп, заң аясында қанағаттанарлық жауаптар мен пайдалы кеңестер алды.

 

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Е.Жумабеков

 

 



Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района