в актогае 23
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
Мобильная версия

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

 

«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша талдамалық анықтама

Ақтоғай ауданы                                                         2019 жылғы 16 қыркүйек
Ақтоғай ауылы

«Ақтоғай ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы  29 желтоқсандағы № 16 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2017 жылғы 06 маусымдағы  № 12 б бұйрық негізінде «Ақтоғай ауданының әкімі аппараты» мекемесінде 09.09.2019ж.-16.09.2019ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып мыналар табылды
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5) прокурорлық қадағалау актiлерi;
6) сот актілері;
7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер.
Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 Заңы. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚР заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңын, бөлімшенің ережесін және бөлімшеге ведомстволық бағынысты ұйымдардың ережесін  зерттеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Персоналды басқару, мемлекеттік қызмет көрсету саласын зерттеу.
Аудан әкімі аппаратының  персоналды  басқару  қызметі  аудан әкімдігіне  қарасты  атқарушы  органдардың  бірыңғай кадр  қызметін  ұйымдастыру  мақсатында  құрылған.
«Ақтоғай ауданы әкімінің  аппараты» мемлекеттік  мекемесінің  штаттық  құрылымы:  мемлекеттік  қызметшілер  -21, оның  ішінде  - 1 әкім, 3 әкімнің  орынбасары, 1 аппарат  басшысы,  6 бөлім  басшысы, 7 бас маман.
Есептік кезеңіңде, 6 қызметкер өз өтініші бойынша жұмыстан босатылды, Жұмыстан босатылған қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ.
Жыл  басынан  персоналды басқару  қызметімен аудан әкімдігіне  қарасты  атқарушы  органдардың  бос  және  уақытша  бос  мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарына  6 ішкі  конкурс, 2 екінші ішкі конкурс, 17 жалпы конкурс  ұйымдастырылып,  нәтижесінде  25 адам мемлекеттік қызметке  қабылданды.
Мекемеде  мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілмейді.
Мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Лауазымды тұлғаларға бекітілген сыбайлас жемқорлық шектеулері мен тыйымдары әрекет етуші заңнамамен бұзылған жоқ.
Ақтоғай ауданы әкімі аппаратына 2019 жылдың 8 айында жеке тұлғалардан-339 өтініш, ал заңды тұлғалардан-63 өтініш келіп түскен. Аудан әкімінің  аппаратына  келіп  түскен  өтініштердің  басым  бөлігі  аудан әкімдігінің  құрылымдық  мекемелерінің  қызметіне  қатысты және әлеуметтік  жағдайына  байланысты  өтініштері мен арыздары  болған. Олардың барлығына заңнамалық тәртіпте жауап жолданған. Талдау  жүргізу  мерзімінде аудан әкімінің  аппаратында «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңына және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау мен тіркеу жүргізілгені анықталды. Жеке  және  заңды  тұлғалардың  өтініштерін  қабылдау  және есепке алу  электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі «Айқын» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі аумақтық органына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ай сайынғы салыстыру актілері жасалып отырылады. Тұрғындардың жеке  сұрақтары  бойынша аудан әкімі  әр аптаның  сейсенбі  күні  сағат 10-00 ден  бастап 13-00 ге дейін жеке қабылдау жүргізеді. Аудан әкімі аппаратында лауазымды тұлғаларының қызмет этикасы, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын сақтаудағы жіберілген кемшіліктерін хабарлау үшін азаматтардың арыз-шағымдары салынатын арнайы жәшік орнатылған.  Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 16 қарашадағы  «Ақпаратқа  қол жеткізу  туралы»  Заңына  сәйкес  мекеме  орналасқан ғимаратта  басшы  құрамының  азаматтарды  қабылдау  кестесі,  аудан әкімдігінің  қызметіне  қатысты  басқа  да  ақпараттар орнатылған, аудан  әкімдігінің  ресми интернет  ресурсы  жұмыс  жасайды. ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» туралы заңына және стандарттарға сәйкес Ақтоғай ауданы әкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ай және тоқсан сайын Қарағанды облысы әкімі аппараты және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне ақпарат беріліп отырады.
Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратымен бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ақтоғай  ауданы әкімі аппаратына бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу заңы негізінде интернет -ресурс арқылы ашық өткізіледі.
Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына, аудан әкімімен  бекітілген  2019 жылға  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы мәдениетті  қалыптастыру  бойынша  мәдени, әлеуметтік  іс-шаралар  жоспарына  сәйкес  шаралар  іске асырылды.
Бекітілген жоспар бойынша, тоқсан аралығында аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиналыс ұйымдастырылып отырады. Аталған іс шара аудан әкімінің жергілікті «Тоқырауын тынысы» газетінде тұрақты жарияланады.
Жиналысқа  Ақтоғай ауданы әкімі  аппаратының қызметкерлері мен дербес бөлімдердің басшылары және қоғамдық кеңес мүшелері қатыстырылып отырады.
Қорытынды.
Жоғарыда айтылғандай,  Ақтоғай  ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша ұсыныстар:
Аудан  әкімі  аппаратының  қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын-алу үшін барлық мүмкіншіліктерді пайдалану,
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, құқықтық түсіндіру жұмыстарын  жүргізуде  әлеуметтік  желілерді,  интернет-ресурсты  кеңінен  қолдану;
Аудан әкімдігінің  интернет-ресурсын  жүргізуде  Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 16 қарашадағы  «Ақпаратқа  қол жеткізу  туралы»  Заңының  талаптарының  сақталуын  қадағалау;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, өтiнiштер бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға;
адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың салдары туралы құқықтық оқыту өткізу
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының  орындалысын  одан әрі  қамтамасыз ету.


Жұмыс тобының жетекшісі Н.Смагулов ________________ (қолы бар)
Жұмыс тобының хатшысы Е.Жумабеков__________________(қолы бар)

Жұмыс тобының мүшелері
Т.Жумадилова__________________(қолы бар)
Д.Омарбеков_________________(қолы бар)
Б.Мәкәрім   _________________(қолы бар)
 


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района