в актогае 25
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
Мобильная версия

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

 

SARYARQA – ADALDYQ ALAŃY

Еліміздің елордасынан бастау алған, сыбайлас жемқорлықпен күрестің астаналық үлгісі биылғы жылы біздің облысымызда да жүзеге асырыла бастады. Қарағанды облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға, жемқорлық деңгейін төмендетуге және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыруға бағытталған «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасы  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған. Жобаны іске асырудың негізгі бастамасы 2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы болып табылады.
  Жоба келесі блоктар бойынша өзінің қызметін жүзеге асырады:
 Тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау;
 Қоғамдық бақылауды іске асыру;
 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Біріншіден, «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасы ең алдымен тұрмыстық жемқорлықты жоюға бағытталған. Сыбайлас жемқорлық – тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс. Оны түп тамырымен жоюға әзірге мүмкіндік жоқ, дегенімен, тұрмыстық көлемде жеңуге болады.
Екіншіден, жоба сыбайлас жемқорлықпен күресте халық пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Ол танымал әлеуметтік желілер, колл-орталықтардың негізінде құрылған мемлекеттік орган мен халық арасындағы көпір қызметін атқаратын байланыс механизмдері, азаматтарға арналған Qamqor мобильді қосымшасы арқылы және аймақтық арнайы мониторингтік топтардың желісі арқылы жүзеге асырылады.
Үшіншіден, жоба Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Оған ақпараттық жұмыстар жатады.

Құрметті аудан тұрғындары, егер Сіз немесі Сіздің туыстарыңыз, достарыңыз немес әріптестеріңіз тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністеріне және қызмет алу барысында әкімшілік кедергілерге тап болсаңыз, бірақ қандай шаралар қолдану немесе қайда жүгіну керектігін білмесеңіз «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жүгіне аласыз. Ұсыныстарыңызды «Whatsapp» мобильді қосымшасы арқылы немесе келесі нөмір бойынша қоңырау шалып, хабарлауыңызға болады: +77761755055

   Аудан әкімі С.Әбеуова


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района