в актогае 23
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
Мобильная версия

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырылуы туралы есеп. 2018 жылғы кезең

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың іргелі негіздерінің бір болып Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Респбуликасының 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы болып табылады. Аудан көлемінде мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою, оның алдын алу, Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, көлеңкелі экономикамен күресу мақсатында Ақтоғай ауданының Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілген. Қазіргі таңда, аталған жоспарды орындау мақсатында, барлық мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар қарқынды атқарылуда.
Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу бойынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын сәйкес, ауданның  мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алмаған, жемқорлықты болдырмау, олардың алдын-алу үшін барлық мүмкіншіліктерді пайдалану, шара қабылдау  ұсынылды.
Аудан әкiмдiгiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрылған және комиссия бекітілген ережеге сәйкес жұмыс iстейдi.
2018 жылы бекiтiлген отырыс өткiзу жоспарымен көзделген мәселелер қаралған Комиссияның 4 отырысы өткiзiлдi. Өткiзiлген отырыстар нәтижелерi бойынша ұсыныстар мен нақты тапсырмалар берiлдi.
Комсиссия отырыстарында Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалысы туралы, жер телімдерін бөлу кезінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету, Аудандық комиссиялардың (тәртіптік, конкурстық, еңбек өтілін есептеу) қызметі туралы, кадр қызметінің мемлекеттік тәртіпті және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі қағидаларының сақтаудағы қызметі туралы, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы, тоқсандық мониторинг қорытындысы, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы, Аудан бойынша арыз-шағымдардың тіркелуі мен қаралу мерзімдерінің қолданыстағы заңнамалық актілердің талаптарының орындалысы туралы, Ақтоғай аудандық білім бөлімінің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар туралы, Ақтоғай ауданы бойынша мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді болдырмау және алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар туралы және басқа да мәселелер талқыланды.
Аудан бойынша орта білім беру ұйымдарының қаржылық-бухгалтерлік қызметі білім бөліміне орталықтандырылған. Аудандық білім бөлімінің басшысымен орта білім беру ұйымдарында оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде кездесулер өткізілді.
2019 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстарға аудандық бюджеттен 1 млн 500 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Аталған жұмыс мемлекеттік сатып алу порталына енгізіліп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде конкурс жарияланатын болады.
2018 жылы жергілікті ақпарат құралдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы 16 мақала жарияланды. «Жемқорлық – ғасыр індеті» атты тақырыптағы театрландырылған көрініс (бейнеролик) Ақтоғай ауданы әкімінің ресми интернет ресурсына және «фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасына жарияланды. Сонымен қатар, 6 тамыз - 17 тамыз аралығында ауданда «Адал жол-Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өткізілді. Шара барысында барлық ауыл, кент, ауылдық округтер қамтыла отырып, дөңгелек үстелдер, тұрғындарға бейне роликтер көрсетіле отырып, бүктемелер таратылды, жастар арасында флешмоб, спорттық жарыстар, авто-мото шерулер ұйымдастырылып, ресми түрде эстафета Балқаш қаласына жолданды. Марафонға жалпы 500 ден аса аудан тұрғындары тартылды.
Ауданның мектептерінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы құрылған. Алға қойған мақсат – жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.
2018 жылы мекемелерде, білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық көрінісінің алдын алу және түпкілікті жою мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың негізгі мақсаты, сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша ұйымдастырылған іс-шараларының орындалуын, ашықтығын және қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық көрінісіне төзбеушілгін анықтау болды. Сауалнама өткізудің қорытындысына сәкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге бағыттылғын іс-шаралар қанағаттандырып отыр.
Аудан әкімінің 2018 жылғы 8 маусымдағы №28ө өкімімен «Арнайы мониторингтік топ» құрылған. Мониторингтік топтың жетекшісі Нұр Отан партиясының Ақтоғай аудандық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Т.З.Таукеев.
Тамыры түп тереңде жатқан сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары жалғасатын болады.


Ақтоғай ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның хатшысы, аудан әкімінің аппараты Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Е.О.Жумабеков
 


Кері қайту

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района