в актогае 28
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламен

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 12 тамыздағы
№ 45/07 қаулысымен
бекітілген

Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 29.09.2016 № 71/08 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
 

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 31.03.2016 № 19/03 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1."Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2.Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      4.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.
      5.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес қоса берілген құжаттары бар (бұдан әрі-өтініш) "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру", "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11018 болып тіркелген), (бұдан әрі - стандарт) бекітілген "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емесқолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініштің бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 29.09.2016 № 71/08 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті түскен күні 15 (он бес) минуттың ішінде тіркейді және басшыға береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қоя отырып, жауапты орындаушыны 15 (он бес) минуттың ішінде таңдайды;
      3) жауапты орындаушы келіп түскен өтінішті қарастыра отырып өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде бір мезгілде оны 5 (бес) жұмыс күні ішінде техникалық шарттар алу үшін инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жібере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін 10 (он) жұмыс күні ішінде дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімге қол қояды қол қойылған күні 15 (он бес) минуттың ішінде кеңсеге жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға 15 (он бес) минуттың ішінде береді.
      8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
      2) басшының бұрыштамасы;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесі;
      4) көрсетілетін қызметтің қол қойылған нәтижесі;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру.
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) жауапты орындаушы.
      10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері өтінішті 15 (он бес) минуттың ішінде тіркейді және басшыға береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қоя отырып, жауапты орындаушыны 15 (он бес) минуттың ішінде таңдайды;
      3) жауапты орындаушы келіп түскен өтінішті қарастыра отырып өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде бір мезгілде оны 5 (бес) жұмыс күні ішінде техникалық шарттар алу үшін инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге жібере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін 10 (он) жұмыс күні ішінде дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімге қол қояды және қол қойылған күні 15 (он бес) минуттың ішінде кеңсеге жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шешімді тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға 15 (он бес) минуттың ішінде береді.
 

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      11. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеудің ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) Мемлекеттік корпорация қызметкеріне өтінішті ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) барлық қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорация берген кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
      2) Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштің дұрыс толтырылуын және құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
      3) 1-процесс - мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорация ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - МКЫАЖАЖО) логин мен парольді (авторизациялау процесі) енгізуі;
      4) 2-процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының, сондай-ақ сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің мәліметтерін (нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда, басқа куәландырылған сенімхатының мәліметтері толтырылмайды) енгізуі;
      5) 3-процесс - электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі - ЖТМДҚ/ЗТМДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сонымен бірге Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі - БНАЖ) - көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы сұранысты жолдауы;
      6) 1-шарт - ЖТМДҚ/ЗТМДҚ көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің және БНАЖ сенімхат мәліметтерінің бар болуын тексеруі;
      7) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЖТМДҚ/ЗТМДҚ-да мәліметтерінің және БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты, мәліметтерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама қалыптастырылуы;
      8) 5-процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкерінің электрондық сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭСҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ЭҮШ арқылы электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - ЭҮАШ АЖО) жолдауы;
      9) 6-процесс - ЭҮАШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу;
      10) 2-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының жалғаған құжаттар топтамасының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
      11) 7-процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру немесе көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы тиісті құжаттарды алғандығы туралы қолхат алуы;
      12) 8-процесс - көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО-да қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (шешім алу) алуы.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің өзара функционалдық іс-қимылдары осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламенттің 2-қосымшасында берілген.

 

"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде іске қосылатын ақпараттық жүйелердің өзара функционалдық іс-қимылдарының диаграммасы

 

 

"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района