в актогае 5
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
Мобильная версия

Аудан бойынша мемлекеттік сатып алудың және өткізудің бірыңғай ұйымдастырушысы аудандық экономика және қаржы бөлімінің атқарған жұмыстар туралы (4.12.17)

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы негізінен тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды, не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.

 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілді. Веб-порталдың жаңа платформасы іске қосылды. Барлық мемлекеттік сатып алуды жоспарлаудан бастап төлеумен аяқталғандағырәсімдері электрондық форматқа ауыстырылды.

Бұл айқындылық, ашықтық пен бизнес мүдделерін қорғауды арттырады.

Тек өнім берушілердің ғана емес, сол сияқты тапсырыс берушілердің де жұмысын жеңілдету үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындау жөніндегі құжаттар (шот-фактуралар, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету актілері) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы тек қана электрондық форматта ресімделіп жатыр. Мұның өзі шарттық міндеттемелерде ақы төлеу мен айырысу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні электрондық форматта жүргізіліп жатқан мемлекеттік сатып алуларішінде өтінімді өзара қарау енгізілді, конкурстық құжаттама алдын ала ашық талқыланады, шағым беру тетіктері күшейтілген және осы аталған үдерістерге уәкілетті орган арқылы камералдық бақылау енгізілді.

Камералдық бақылауды жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтың алдын-алу мақсатында,кемшіліктерді келісім шарт бекітілгенге дейін анықтауға мүмкіндік береді және жіберілген кемшілік орнына келтірілген жағдайда, тапсырыс беруші жауапкершіліктен босатылады және анықтаған кемшіліктерге сәйкестөмендегідей шаралар қабылдайды:

      1) бақылау объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама, хабарлама жібереді;

      2) міндеттемелері тиісті түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған бақылау объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша, сондай-ақ бақылау объектілерінің банк шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

      Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің құрамында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар әрекет жасау (әрекетсіздігі) фактісі анықталған кезде, уәкілетті орган мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.

Аудан әкімдігінің 11 қаңтар 2017 жылғы «Ақтоғай ауданы бойынша бюджеттік ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алудың және өткізудің бірыңғай ұйымдастырушысын анықтау туралы»  №02/01 қаулысына сәйкес «Ақтоғай ауданының   экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірыңғай ұйымдастырушы болып анықталды.

Бірыңғай ұйымдастырушы тарапынан 2017 жылдың 11 айында өткізілгені9 конкурс, 1 млрд 413 млн 193 мың тгтапсырыс беруші («Ақтоғай ауданының ТҮКШ,ЖК,АЖ құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ) Қалыптасқан шартты үнем – 66 млн 497 мың тг.

Оның ішінде ашық конкурс тәсілімен - 4 конкурс 68 млн 032 мың тг,қалыптасқан шартты үнем 34 млн 538 мың теңге.

         Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу  туралы» заңының 29 бап, 2 тармақ, 3 тармақшасына   сәйкес ашық конкурсқа беріліп өткізілмегендердің ішінен келесі кезекте бір көзден сатып алу тәсілімен 5конкурс1 млрд 345 млн 161 мың тг, қалыптасқан шартты үнем 31 млн 959 мың теңге болды.

         Биылғы жылы күрделі құрылыс объектілеріненСарышаған кентінде 464 орынға арналған мектеп құрылысы, Тасарал ауылындағы су жүйесі құрылыстарына  мемлекеттік ашық конкурс  өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Мектеп құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында  басталып, 2018 жылдың маусым айында аяқтау жоспарланып отыр, Тасарал ауылындағы су жүйесінің құрылыс жұмыстарышілде айында басталып, жоспар бойынша желтоқсан айында аяқталады.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5 бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысы негізінде мемлекеттік сатып алудың алдын-ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы. Мемлекеттік сатып алудың алдын-ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге дейін қолданылады. Мемлекеттік сатып алудың алдын-ала жылдық жоспарында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына ауысады. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу веб-порталында алдын-ала жылдық жоспарды енгізу функцоналы қол жетімді. Аталған функционал тапсырыс берушілерге тиісті Республикалық бюджет комиссиясының шешімі шыққаннан кейін, мемлекеттік сатып алудың алдын-ала жылдық жоспарын жасақтауға және соның негізінде 2018 жылдың мемлекеттік сатып алуды дер кезінде өткізуге мүмкіндік беретіндігін ескертеміз.

 

 

Ақтоғай ауданының экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік активтер мен сатып алулар секторының меңгерушісі  М.Ө.Ашимбекова

        

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района