в актогае 8
USD 379.86
EUR 422.97
RUB 5.85
Мобильная версия

2017 жылғы ашық конкурс тәсілімен жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу барысы туралы

Ақтоғай ауданы бойынша 2017 жылғы  бекітілген бюджет  бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға жоспарланған қаражат  көлемі 2 млрд 862 млн 441 мың теңге болып қалыптасып отыр. Оның ішінде: ашық конкурстар бойынша - 1 млрд 549 млн 611 мың теңге, баға ұсыныстарын сұрату бойынша - 491 млн 794 мың теңге, бір көзден сатып алу бойынша - 811 млн 036 мың теңге, сауда биржасы арқылы - 10 млн теңге. Облыстық деңгейде Тораңғалық, Ортадересін, Нарманбет үш елді мекендерінде ауыз су құрылысын салу үшін бірыңғай ұйымдастырушы Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы өткізді. Бүгінгі күні елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту бойынша 519 млн 861 мың теңгеге келісім-шарт жасалынған, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 415 млн 265 мың теңге, аудандық бюджет есебінен 104 млн 596 мың теңге.

Қалыптасқан шартты үнем республикалық бюджет бойынша 116 млн 802,0 мың теңге, облыстық бюджет бойынша қалыптасқан 30 млн 633,0 мың теңге қалыптасқан.

Аудан бойынша конкурсты бірыңғай ұйымдастырушы ауданның экономика және қаржы бөлімі тарапынан жалпы сомасы 75 млн 462 мың теңгеге конкурстар жариялады;

1) Тасарал ауылына су құбыры желісінің құрлысын салу бойынша 68 млн 051 мың теңгеге конкурс өткізіліп, конкурстың ашылу хаттамасы 10.05.2017ж. шығып, қорытындысында төмендегіше өтінім берушілер анықталды: «АТЛАНТ-2000» ЖШС, «НЦТ» ЖШС, «Балқаш жібек жолы» ЖШС, «KARAGANDY SAULET-KURYLYS» ЖШС.

2) Ақтоғай ауылында бір қабатты екі пәтерлі үш үйдің құрылысын салуға жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу үшін 3 млн 035 мың теңгеге конкурс өтті. 13.05.2017ж конкурстың ашылу хаттамасы шығып, қорытындысында  2 әлеуметті өнім беруші ашық конкурсқа қатысуға өтінім білдірді, олар:

- "ОТАНстройпроект" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

- "Строй Бизнес Консалтинг" ЖШС.

3) Ақтоғай ауылында екі пәтерлі үш үйдің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын жайластыру жобалау сметалық құжаттарын жасау үшін (893 мың теңге) ұсынылған өтінімдердің болмауына байланысты өтпеген деп танылды.

4) Ақтоғай ауылында 12 пәтерлі екі қабатты бір үйдің құрылысын жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу (2 млн 678 мың теңге) ұсынылған өтінімдердің болмауына байланысты өтпеген деп танылды.

         5) Ақтоғай ауылында  аудандық білім бөлімінің ғимаратына модульді жылыту қазандығының  құрылысын салу үшін жобалау сметалық құжат әзірлеу (803 мың теңге) бойынша ашық конкурс жарияланды. Конкурстың ашылу күні - 16.06.2017 ж, жоспар бойынша аяқталу күні - 13.07.2017 ж

         Жыл басынан бері аудан деңгейінде бюджеттік әкімгерлер бойынша 52 ашық конкурс 398 млн 616 мың теңгеге жарияланды, одан 17 конкурс 114 млн 175 мың теңге өтіп, жеңімпаздар белгілі болды, қалыптасқан шартты үнем 4 млн 285 мың теңге.

- 4 конкурс бойынша 30 млн 688 мың теңге, әлеуетті өнім беруші түспегендіктен ашық конкурс өтпеген болып танылды. Бір көзден сатып алуға шақыртылу жіберілді.

- 8 конкурс 43 млн 872 теңге мемлекеттік бақылау органдары тарапынан тоқтатылды.

- Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу конкурстарының кестесіне сәйкес, жарияланған - 22 конкурстардың 176 млн 898 мың теңге  қорытындылары мамыр айы аяғы және маусым айларында белгілі болады. 

Жалпы бюджеттік бағдарлама әкімгерлері тарапынан жарияланған ашық конкурстардың қорытындылары;

- аудан әкімдігінен 6 конкурс 5 млн 446 мың теңгеге жарияланды, одан 3 конкурс 5 млн 334 мың теңгеге өтіп, жеңімпаз анықталды. Қалыптасқан шартты үнем 304 мың теңге.

- ауданның тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі 12 конкурс 133 млн 951 мың теңгеге жарияланды. 5 конкурс 103 млн 884 мың теңгеге өтіп, жеңімпаз анықталды. 98 мың теңге шартты үнем қалыптасты. 2 конкурс 23 млн 33  мың теңге бірде бір әлеуетті өнім беруші қатысуға өтінім білдірмегендіктен өтпеген болып танып, бір көзден мемлекеттік сатып тәсілімен шақыртылу жіберілді. 1 конкурс 9 млн 837 мың теңге мемлекеттік бақылау органдары тарапынан тоқтатылды. 4 конкурс 6 млн 315 мың теңге қорытындылары мамыр - маусым айларында белгілі болады.

- білім бөлімінен 17 конкурс 116 млн 634 мың теңгеге жарияланып, 6 конкурс 20 млн 613 мың теңге өтіп, жеңімпаз анықталды. 2 млн 177 мың теңге шартты үнем қалыптасты. 7 конкурс 43 млн 838 мың теңге мемлекеттік бақылау орган тарапынан тоқтатылды. 4 конкурс 55 млн 245 мың теңге қорытындылары мамыр - маусым айларында белгілі болады.

- ішкі саясат бөлімі 1 конкурс 11 млн 905 мың теңге, жеңімпаз анықталып шарт жасалды.

- ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен 1 конкурс 8 млн 810 мың теңге өтіп, қазіргі таңда өтінімдерді қарау жүріп жатыр. Мәдени бос уақыт өткізу орталығы 7 конкурс 42 млн 640 мың теңгеге жарияланып, 1 конкурс 12 млн 788 мың теңге өтіп жеңімпаз анықталды,  қалыптасқан шартты үнем 1 млн 357 мың теңге. 6 конкурс 29 млн 987 мың теңге қорытындылары мамыр - маусым айларында белгілі болады.

- экономика және қаржы бөлімі 340 мың теңге көлемінде 1 конкурс өтті, өтінімдерді қарау жүріп жатыр. 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района