в актогае 25
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
Мобильная версия

Радикализм және экстремизммен күрес – бүкіл қоғамның міндеті

Біз діни құндылықтар туралы білмейінше, халықтың мәдени тұтастығын қалыптастыруғы құндылықтар рөлін анықтай алмаймыз. Діни құндылықтар – ұлт үшін немесе жеке адам үшін қасиетті сенімдер жүйесі. 

Діни экстремизм дегеніміз – саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы – осының дәлелі. Сонымен қатар,  көптеген діни ағымдардың пайда болуына байланысты, қоғамда кері саяси ұғымдардың пайда болуы, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталардың экстремалды түрде қаптауы халыққа зиянын тигізіп жатыр.

Жалпы экстремизм  мәселесі, оның түрлі көріністерінде, әлем бойынша өзекті тақырыпқа айналып отыр. Әлемдік тәжірибеде  экстремизм әлеуметтік, экономикалық, саяси және діни, экологиялық және басқа да өзекті мәселелерді шешу барысында әрбір қоғамда, мемлекетте жанданады.  Қарап отырсақ, экстремизм экономикалық жақтан дамыған және саяси тұрақты елдерде де белең алады. «Экстремизмнің бірінші белгісі  адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Экстремистердің екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да әр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеуметтік толқулардың тууына себеп болады. Экстремистік көріністің үшінші түрі, сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен сенімсіздіктен туады». Қазіргі уақытта  ел мен ел, мемлекет пен мемлекет, адамдар арасындағы араздасу, бүліктердің туындау себебі жалған діндердің орын алуы басты себеп болып отыр.

Діни экстремистік топтардың іс-әрекеттері төмендегідей көрініс табады:

·       Исламға (басқа дінге) үйрету деп экстремисттік идеялар таратылады;

·       Діни (исламдық) тәртіп үшін күресуге шақыратын топтар, партиялар ұйымдастырылады;

·       Билік жағынан қарсы әрекет жасалғанда жасырын жағдайға көшеді және өздеріне халықтық мүдделер үшін күресушілер тобын құрайды;

·       Басқа экстремисттік ұйымдармен тығыз байланыстар орнатылады және бірігеді, шет ел орталықтарымен байланыста болып және олардың көмегімен билікке қарсы джихад (соғыс) жариялайды.

Сонда байқап отырсақ, экстремизм мен терроризмнің шығу себептерін талдауы барысында саяси, экономикалық, әлеуметтік, этникалық, діни-конфессионалдық көзқарастары мен  қайшылықтардың еркін соқтығысуында деуге болады.

Әлемдегі жаһандық мәселелерді шешу барысында күш біріктірмесек, бұл қауіп-қатер өсуі мүмкін. Осы кезде еліміздің  қауіпсіздігін қамтамасыз етуде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау мемлекеттің бірден-бір негізгі бағыты болып табылады.

Қазақстан өзі тарапынан ай­мақтық бейбіт өмірді, қауіпсіз­дік­ті және тұрақтылықты қам­тама­­сыз ету, сонымен қатар, демокра­тиялық, әділ және ұтым­ды саяси, экономикалық халық­аралық тәр­тіп орнату үшін қолынан келген­нің бәрін жасап жатыр.

Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы — олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отырулары керек.

 

Ақтоғай ауданының дін мәселелері

бойынша ақпараттық- түсіндіру

тобының мүшесі

Қасымхан Мирас Нұрғазыұлы
 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района