в актогае 23
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
Мобильная версия

Шағын және орта бизнес

   Аудан бойынша 1 сәуір 2019 жылға тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 1328, оның ішінде 498 дара кәсіпкерлер, 773 шаруа (фермер) қожалықтары, 57 заңды тұлғалар (кәсіпорындар).

         Осы тіркелген субъектілердің ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 1254, оның ішінде 442 дара кәсіпкерлер, 763 шаруа (фермер) қожалықтары, 49 заңды тұлғалар (кәсіпорындар) бар, 2018 жылдың 1 тоқсанымен (1201)  салыстырғанда 4,4% -ға өсті.

          Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерінің тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі үлесі 94,4%, 2018 жылғы 3 аймен (89,4%,)  салыстырғанда 5,0% -ға өсті.     

     3 айдағы тіркелген кәсіпкерлер саны-25.

          Өндірілген өнім көлемі - 433,4 млн. теңге, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен (420,7 млн. теңге) салыстырғанда 3,0%-ға өсті.

         Бөлшек сауда айналымының көлемі 300,7 млн. теңгеге көбейіп, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен (275,5 млн. теңге) салыстырғанда 9,1%-ға өсті. Нақты көлем индексі 102,9%.     

      Ағымдағы жылы  аудан бойынша 5 әлеуметтік нысан ашылып, жұмсалған қаражат 72 млн. 500 мың теңгені құрады, оның ішінде: 

1 дүкен, 1 мал сою пункті Ақтоғай ауылынан, 1 тойхана Нүркен ауылдық округінен, 1 жылыжай, 1 екі қабатты шағын маркет Шашубай кентінен ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Осы әлеуметтік нысандар бойынша 15 жаңа жұмыс орындары ашылды.

   3 айда «Ақтоғай» несие серіктестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 5 млн. 350 мың теңге несие 1 шаруа қожалығы мен 1 жеке кәсіпкерге берілді. Осы берілген несие ауылшаруашылық өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, мал басын көбейтуге, ауылдағы жұмыссыздықты жоюға мүмкіндіктер туғызды.   

 Жыл басынан 4 жәрмеңке өтіп, жәрмеңкеде 2 млн. 500 мың теңгенің азық-түлік тауарлары, ауыл шаруашылық өнімдері сатылды. Бұл шара  жалғасын таба береді.       

Ауданның шағын және орта бизнес субъектілерімен семинарлар, кездесулер өткізу, үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылып келеді.

Шағын және орта бизнесті қолдауда 2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаға аудан бойынша жеті жоба енгізілді, олар:

  • Тасарал ауылындағы бөдене шаруашылығы, Ақтоғай ауылындағы қонақ үй, кеңпішімді басып шығару, қоян өсіруді кеңейту және Жидебай ауылдық округіндегі картоп өсіру, мал бордақылау алаңы. Жұмыс істеуде. Осы жобалар бойынша 17 жаңа жұмыс орындары ашылды.
  • Тораңғалық ауылынан  «ДосStar» демалу кешенінің жобасы,ағымдағы жылы ашылады. Ашылатын жұмыс орыны - 2.

2017 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша Тораңғалық ауылынан  «ДосStar» демалу кешенінің 3-ші тұрғын үй  құрылысының жобасы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шартына енгізіліп, өңірлік Үйлестіру кеңесінен қолдау тауып, банкімен («Нұрбанк» АҚ Қарағанды қ. филиалы)  келісім-шарт жасалған. Құрылыс жұмыстары аяқталды, ішкі жұмыстары жүргізілуде. 

 

Жалпы құны: 21 млн. 151 мың. теңге, осының ішінде, 13 млн. 651 мың. теңге өз қаражаты, 7 млн. 500 мың. теңге несие қаражаты.

Пайыздық мөлшерлеме:  15% жылдық, оның ішінде 10% мемлекет, 5% жеке кәсіпкер төлейді.

Іске асыру кезеңі: мамыр 2019 жыл.

Жобаның куаттылығына шығуы: маусым 2019 жыл.

Ашылатын жұмыс орыны: 2 адам.

Алдағы уақытта да аудандағы кәсіпкерлік ісіне жан – жақты жағдайлар жасай отырып, оны одан әрі  дамыту жалғаса бермек.


         

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района