в актогае 32
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
Мобильная версия

2017 жыл бойынша «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

1.     Жалпы ережелер

 

«Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ-нің мемлекеттік көрсетілетін қызметтері жергілікті деңгейде көрсетіледі.

Қызмет көрсетуші болып «Ақтоғай ауданының білім бөлімі» ММ және білім беру ұйымдары болып табылады (бұдан әрі – Қызмет көрсетуші).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Қызмет көрсетушімен жеке және заңды тұлғаларға білім саласындағы 23 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде 4 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы баламасыз негізде көрсетіледі, 4 қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы баламалы негізде көрсетіледі және 15 қызмет түрі қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі. Сонымен қоса, 13 қызмет түрі «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызмет түріне қосылған.

21 мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз түрде көрсетіледі, 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет – ақылы/ақысыз.

10 мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз түрде, 13 мемлекеттік көрсетілетін қызмет – қағаз және (немесе) электрондық  түрде көрсетіледі.

1 мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға, 22 мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға көретіледі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 23 стандарты мен 23 регламенті бекітілген.

(Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі 1-қосымшада көрсетілген)

 

2.     Көрсетілетін қызмет алушылармен жұмыс

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты Ақтоғай ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсынан – aktogay.gov.kz интернет-ресурсында, «электрондық үкімет» веб-порталында» – www.egov.kz, сондай-ақ қызмет көрсетуші қызметкерінің 2-15-63, 2-13-99 телефоны арқылы және бірыңғай байланыс орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары жөнінде: 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 cәуірдегі № 198 бұйрығымен, 2015 жылғы 8 cәуірдегі № 173 бұйрығымен, 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 бұйрығымен, 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген.

2017 жылда мемлекеттік қызметтерді түсіндіру бойынша 5 мақала жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды.

 

Аталған кезеңде жалпы 3257 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Оның ішінде:

Мемлекеттік мекеме арқылы қағаз жүзінде баламасыз түрде – 1816,

Мемлекеттік мекеме арқылы қағаз жүзінде баламалы түрде – 1152,

Мемлекеттік корпорация арқылы – 126,

Электрондық үкімет порталы арқылы – 163 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша:

Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру – 1340;

Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау – 8;

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау – 114;

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау – 177;

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау – 4;

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 173;

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу – 2;

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну – 630;

Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау – 2;

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру – 2;

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау – 2;

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою – 3;

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 512;

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 247;

Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру – 3;

Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру – 13;

Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 25 көрсетілді.

 

3.     Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің процесстерін жетілдіру қызметі

 

«Бір терезе» қағидасын орындау мақсатында мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілуі бақылауда. Мемлекеттік қызметтерді алуды оңтайландыру мақсатында бөлімнің күту залында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылды, бұнда қызметалушылар әр-түрлі электрондық қызметтерді алу үшін «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш бере алады.

 

4.     Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау

 

2017 жылғы ішкі бақылаудың жоспарына сәйкес 27 бақылау іс-шаралары жүргізілді.  Аталған кезеңде қызмет алушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2 құжаттың мерзімі бұзылған. Кінәлі жауапты мамандар тиісті тәртіптік жазаға тартылды.

 

5.     Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің болашақ перспективалары тиімділігін көтеру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасымен  қызмет алушылардың қанағаттандырылуын көтеру

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында Білім бөлімімен 2018 жылға ішкі бақылау жоспары, құқықтық оқыту жоспары бекітілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мақсатында Білім бөлімімен көрсетілетін 4 мемлекеттік қызмет түрі бойынша құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асыру пилоттық жобаға енді. Олар:

1.    Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;

2.    Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;

3.    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;

4.    Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру.

«Ақтоғай ауданы білім бөлімі» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі


Р/с №

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

1

00803011

"Үздік педагог" атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

2

00803010

"Орта білім беретін үздік ұйым" грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау

3

00402004

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру

4

00402005

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу

5

00402006

Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру

6

00402007

Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру

7

00404003

Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау

8

00404004

Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру

9

00404005

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

10

00404006

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою

11

00404009

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау

12

00803006

Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

13

00403003

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

14

00403010

Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру

15

00403008

Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну

16

00403004

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау

17

00403001

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

18

00403002

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау

19

00803013

Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау

20

00803019

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау

21

00403006

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау

22

00403009

Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру

23

00402013

Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района