в актогае 14
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
Мобильная версия

"Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен

 

Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 56/01 қаулысымен
бекітілген

"Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      2. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 "Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11766 болып тіркелген) бекітілген "Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушымен ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдайды, деректер базасы бойынша ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпаратты тексереді – 30 (отыз) минут. Нәтижесі – жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен үзіндіні қалыптастырады;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен үзіндіні Мемлекеттік корпорация қызметкеріне жібереді – 30 (отыз) минут. Нәтижесі – жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен үзіндіні Мемлекеттік корпорация қызметкеріне жіберу
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) жауапты маман;
      2) "Мемлекеттік корпорация қызметкері.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы ХҚО-дан құжаттарды қабылдайды, деректер базасы бойынша ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпаратты тексереді және жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен үзіндіні қалыптастырады – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу тізілімінен үзіндіні ХҚО қызметкеріне жібереді – 30 (отыз) минут.
 

4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. Бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      8. Мемлекеттік корпорациясына үндеу тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өндеу ұзақтығы:
       1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттарды және стандарттың 2-қосымшасына сәйкес өтінішті тапсырады, ол "электрондық" кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз операциялық залда жүзеге асырылады (2 (екі) минут ішінде);
       2) 1-үдеріс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Мемлекеттік корпорациясының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі –ЫАЖ АЖО) логин мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу (1 (бір) минут ішінде);
       3) 2-үдеріс –Мемлекеттік корпорациясы қызметкерімен қызметті таңдау, экранға қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығару және Мемлекеттік корпорациясы қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хаты бойынша (нотариалды куәләндырылған сенім хат болған жағдайда, басқа куәләндырылған сенім хатының мәліметтері толтырылмайды) деректерді енгізу (2 (екі) минут ішінде);
       4) 3-үдеріс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сонымен бірге Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұраныс жолдау (2 (екі) минут ішінде);
       5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ және БНАЖ сенім хат деректерінің бар жоғын тексеру (1 (бір) минут ішінде);
      6) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ және сенім хаттың БНАЖ деректерінің болмауына байланысты, деректер алуға мүмкіншіліктің жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру (2 (екі) минут ішінде);
       7) 5-үдеріс – ЭҮШ арқылы электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) "Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдау (2 (екі) минут ішінде);
       8) 6-үдеріс – ЭҮАШ АЖО электрондық құжатты тіркеу (2 (екі) минут ішінде);
       9) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздемелерін тексеру (өңдеу) (2 (екі) минут ішінде);
       10) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болғандығына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру (2 (екі) минут ішінде);
       11) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама) алу (2 (екі) минут ішінде).
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет беруші мен көрсетілетін қызмет алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) жүгіну және реттілігінің тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ паролінің (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркелу жүзеге асырады;
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен порталда ЖСН/БСН және паролін (авторизациялау процесі) енгізу;
      3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы порталда, тіркелген көрсетілетін қызметті алушы деректерінің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болғандығына байланысты портал авторизациялаудан бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен осы регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және де пішімді талаптарының және оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызмет алушымен нысанды (деректерді енгізу) толтыру, қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәләндіру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушымен ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;
      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолдау;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін тексеру;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен порталмен қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысаны түрінде үзінді) алу. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қалыптастырылады.
      10. "Мемлекеттік корпорация" және портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес графикалық нысанда келтірілген.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2–қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Тракторларға және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен
механизмдерге, монтаждалған арнайы
жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және
жол-құрылыс машиналары мен
механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға
ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы
ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

"Мемлекеттік корпорация" арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл ету диаграммасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

 

 

"Тракторларға және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен
механизмдерге, монтаждалған арнайы
жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және
жол-құрылыс машиналары мен
механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту
мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға
ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы
ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы әкімдігінің 17.06.2016 № 42/02 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района