в актогае 20
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
Мобильная версия

Аудан бойынша мал қорымдарының жағдайы мен ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері туралы ақпарат

Ақтоғай ауданы бойынша алты ауылдық округтерде (Нүркен, Қусақ, Қызыларай, Ақтоғай, Жидебай, Қарабұлақта) 6 типттік негізде   мал қорымы салынып, аудандық ветеринариялық станция мекемесінің балансына  берілген.  Салынған 6 типтік мал қорымын күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбей отыр. 2016 жылы  Шабанбай би және Сарытерек ауылдық округтеріне типтік мал қорымын салу үшін жобалық сметалық құжаттары мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге  жергілікті бюджеттен 2,0 млн теңге қарастырылып, құжаттары рәсімделіп, келесі жылы типтік мал қорымның құрылысын салуды жоспарлануда. Келешекте аудан бойынша барлығы: 11  кент, ауылдық округтерге типтік мал қорымын салынуды қажет етеді.

 Аудан әкімдігінің 02 қыркүйек 2016 жылғы «аудан әкімдігінің шұғыл шығындар резервінен қаржы бөлу туралы» №42/01 қаулысымен Шабанбай би ауылдық округінде орналасқан 84 шаршы метр аумаққа сібір жарасы көміндісін бетонмен құю үшін – 758 000  теңге қаражат бөлініп, көмінді  қоршалып, бетонмен құйылып (саркофаг), басына белгі қойылды. Жалпы аумағы 240 шаршы метр сібір жарасы ошақтарының қолайсыз-стационарлы пунктерін қоршауға – 864 мың теңге бөлініп, бүгінде Ақтоғай ауылы-1, Жидебай а/о-2, Сарытерек а/о-1, Қусақ а/о-1, Қарабұлақ а/о-1, барлығы 6 (алты) сібір жарасының ошақтары темір қоршаумен қоршалып,  сол аймақтарға белгілері қойылып, толығымен аяқталды.

 Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығы бойынша  «Эпизоотияға қарсы шараларды жүргізу» бағдарламасын орындау мақсатында, Ақтоғай ауданы бойынша диагностикалық зерттеулердің 10 айдағы орындалысы:  ірі қара мал 62580 бас -  90 %,  ұсақ мал 163124 бас - 105%,  ит 350 бас - 100 %, қошқардың инфекциялық эпидидимиті 4502 бас – 90 %, шошқа 14 бас - 100  %, түйе 287 бас-88 %, листериоз ІҚМ 320 бас - 100 %, листериоз жылқы 140 бас - 100 %, бруцеллез жылқы 140 бас -100 % - ке орындалған. Аудан бойынша жыл басынан 53482 бас ірі қара мал басына серологиялық зерттеу жүргізіліп,  бруцеллезге  оң нәтиже берген  205 бас ірі қара малдың ішіндегі 125 бас ірі қара мал ұшалары 12 сағат мұздатылып, шектеусіз жіберілді. Ал қалған  80 бас ірі қара мал басы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 бұйрығына сәйкес, Қарағанды қаласындағы  «Тұлпар» ЖШС-і ет өңдеуші кәсіпорнына өткізілді. Сонымен қатар 163124 бас ұсақ малға серологиялық зерттеу жүргізіліп, оның ішінен оң нәтиже берген 28 бас ұсақ  малдары жойылды.

 Аудан бойынша ветеринариялық профилактикалық іс шаралардың  10 айдағы жоспар бойынша  орындалысы  ірі қара сібір жарасы 50000 бас,  ұсақ мал сібір жарасы 130560 бас, жылқы сібір жарасы 18000 бас, шошқа сібір жарасы 59 бас түйе сібір жарасы 510 бас, ірі қара қарасаны 32000 бас, ірі қара құтыруы 300 бас, ұсақ мал құтыруы 300 бас, жылқы құтыруы 300, ит құтыруы 2000 бас, мысық құтыруы 100 бас, жоғары патогенді құс тұмауы 25000 бас, ірі қара туберкуллезі 1- рет 58985 бас,  2-ші рет қайталап  43700 бас, түйе туберкуллезі  520  басқа   100  пайызбен   толық орындалды.

 Аудан бойынша  8 ауылдық округте 10 мал сою алаңы (Нүркен, Ақтоғай, Ортадесін, Шабанбай би, Қараменде би, Қызыларай, Қарабұлақ, Тасарал) бар. Бүгінгі күні 8 мал сою алаңы есепттік номерлерін создырып, жұмыстарын жалғастыруда. Қарабұлақ ауылдық округіне қарасы Қарасу елді мекені және Қусақ ауылдық округітерінде мал сою алаңы салынып, құжаттары тіркелу үстінде.

Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы ҚР ауылшаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы  бойынша ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру аудан бойынша: ірі қара 19222 бас  орындалысы 18355 бас -  95  %, қой-ешкі 70358 бас орындалысы 55952 бас - 80 %, жылқы 5827 бас орындалысы 558 бас - 10 %, түйе-112 бас орындалысы  112 бас - 100 %, шошқа-56 бас орындалысы  56 бас- 100 %-ке орындалды.

      Аудан әкімінің 6 қыркүйек 2016 жылғы №67 ө «Ақтоғай ауданы бойынша эпизоотиялық ахуалдың алдын алу және ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын орындау мақсатында жұмыс тобын құру туралы» өкімі құрылған. Осы өкімнің орындалысын басшылыққа ала отырып,  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» Ережесіне байланысты статистикалық мәлімет пен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерек қоры (WЕВ-портал) жүйесінде тіркелген мал басын толығымен ретке келтіруді қамтамасыз етуді кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен вет пункт меңгерушілеріне тапсырылған болатын.  Осы жұмыстың нәтижесі бойынша статисикалық дерекпен  компютерлік дерекқор базасындағы мал бастарын сәйкестендіру жұмыстары жүргізілу үстінде. Бүгінгі күні жылқы малына суық әдіспен таңбалау және микрочиппен бірдейлендіру жұмыстарын жүргізуді  ауыл әкімдерімен бірлесіп ұйымдастырудамыз.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района