в актогае 16
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
Мобильная версия

"Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 279 бұйрығына 19-қосымша

 

"Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 17 (он жеті) жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты

Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мерзімін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін

көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін.

Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген орны бойынша, электрондық кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

2) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес

сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00 -ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі немесе медициналық ұйым қолдаухат берген кезде) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге,

Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті:

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын растайтын

құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша

медициналық картаны;

4) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмені (қарттар үшін талап етілмейді);

5) он сегіз жастан асқан адамдар үшін – соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімінің көшірмесін (бар болса);

6) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесін;

7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін

– Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәлігінің көшірмелерін ұсынады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, мүгедектік туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Салыстырып тексеру үшін  құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға осы тармақта көзделген құжаттарды тапсырған кезде:

Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

көрсетілетін қызметті берушіде – тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні,

құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін ұсынады. Көрсетілетін қызметті беруші бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген) бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы

көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

12. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектерге және егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.

13. Мемлекеттік қызмет  көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, Бірыңғай байланыс орталығы " 1414", 8 800 080 7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

 

"Медициналық-әлеуметтік

мекемелерде (ұйымдарда)

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсетуге құжаттар ресімдеу"

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан

Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген

мемлекеттік ұйымның басшысына

__________________________

(жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы органның уәкілеттік берген

мемлекеттік ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жеке басты куәландыратын құжаттың № ___ ____ жылғы ___ ______ берілді

Тіркелген жері _____________________________________________________________

Тұратын жері ______________________________________________________________

Туған жері ________________________________________________________________

Туған күні _____ жылғы "___" __________

Жәрдемақының түрі мен мөлшері _____________________________________________

Мүгедектік санаты _________________________________________________________

Туыстары (заңды өкілдері) ___________________________________________________

__________________________________________________________________________

(туыстық қатынасы, жасы, әлеуметтік статусы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс

телефоны)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж болғандықтан,

_____________________________________________________________________________

медициналық-әлеуметтік мекемеге тұрақты/уақытша (қажеттінің асты сызылсын) тәулік бойы

тұруға қабылдауды сұраймын.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) _______________________ 2) _________________________

3) _______________________ 4) _________________________

5) _______________________ 6) _________________________

7) _______________________ 8) _________________________

9) _______________________ 10) ________________________

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайында арнаулы

әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу үшін қажетті дербес мәліметтерімді жинауға

және өңдеуге келісім беремін.

Медициналық-әлеуметтік мекемеге қабылдаудың, онда ұстаудың, одан ауыстырудың

және шығудың шарттарымен және ішкі тәртіп қағидаларымен таныстым.

20___ жылғы "___" _________ ________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

Құжаттарды _____________________________________________________ қабылдады

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы)

20___ жылғы "___" _________.

 

 

"Медициналық-әлеуметтік

мекемелерде (ұйымдарда)

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсетуге құжаттар ресімдеу"

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша

Нысан

Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген

мемлекеттік ұйымның басшысына

_____________________________________________________________________________ (жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік

ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Өтініш

_____ жылы "___" __________ туған, ____________________________________________

мекенжайы бойынша тұратын

__________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж болғандықтан

__________________________________________________________________

(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)

күндіз болуға қабылдауды сұраймын.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) _______________________ 2) _______________________

3) _______________________ 4) _______________________

5) _______________________ 6) _______________________

7) _______________________ 8) _______________________

9) _______________________ 10) ______________________

Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) жартылай стационар жағдайында

арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу үшін қажетті менің дербес

мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Жартылай стационар үлгісіндегі ұйымға қабылдаудың, онда болудың, одан шығарып

тастау және шығудың шарттарымен және ішкі тәртіп қағидаларымен таныстым.

20___ жылғы "___"_________ __________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

Құжаттарды ___________________________________________________________________

(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

20___ жылғы "___" __________ қабылдады.

 

 

"Медициналық-әлеуметтік

мекемелерде (ұйымдарда)

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсетуге құжаттар ресімдеу"

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

3-қосымша

Нысан

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

_____________________________________________

(медициналық ұйымның атауы)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________________________________

Туған күні _____ жылғы "___" __________

Үйінің мекенжайы _________________________________________________________

Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды,азық-түлікті

көтере алмаушылық және тағы басқа)

___________________________________________________________________________

Медициналық тексеру: (негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын

болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)

хирург _______________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

невропатолог ____________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

психиатр ________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

окулист _________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

отоларинголог ___________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

дерматовенеролог ________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

фтизиатр____________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

терапевт/педиатр____________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ________________________________________

______________________________________________________________________

Көрсеткіштер бойынша:

стоматолог _______________________________________________________________

эндокринолог _______________________________________________________

кардиолог ___________________________________________________________

ортопед ______________________________________________________________

нарколог ________________________________________________________________

онколог __________________________________________________________________

гинеколог _______________________________________________________________

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері:

қанның жалпы анализі ___________________________________________________

мерзімі, нәтижесі

зәрдің жалпы анализі ________________________________________________

мерзімі, нәтижесі

нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу

________________________________________________________________________

мерзімі, нәтижесі

нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу

_________________________________________________________________________

мерзімі, нәтижесі

психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар үшін:

АИТВ инфекциясына қанның анализі __________________________________________

(күні, нәтижесі)

сифилиске қанның анализі __________________________________________________

(күні, нәтижесі)

әйелдердің қынап жағындысы _______________________________________________

(күні, нәтижесі)

ерлердің уретральды жағындысы _____________________________________________

(күні, нәтижесі)

Дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасының қорытындысы:

____________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

(стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсетілімдер бар ма)

М.О.

Медициналық ұйымның басшысы: _____________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

20___ жылғы "___" ___________

 

"Медициналық-әлеуметтік

мекемелерде (ұйымдарда)

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсетуге құжаттар ресімдеу"

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

4-қосымша

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан

Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға

арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының № _____ филиалы Сіздің мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын,

атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атауы:

1) ______________________________;

2) ______________________________;

3) ...

ұсынбауыңызға байланысты "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы

әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды

қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

_________________________________________________________ _________

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және (қолы)

облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы

органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Алдым: __________________________________________________ _________

көрсетілетін қызметті алушының (қолы)

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

20___ жылғы "___" ___________

 

"Медициналық-әлеуметтік

мекемелерде (ұйымдарда)

арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсетуге құжаттар ресімдеу"

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

5-қосымша

(Көрсетілетін қызметті

алушының тегі, аты, әкесінің

аты (бар болса) не ұйымының

атауы)

__________________________

(көрсетілетін қызметті

берушінің мекенжайы)

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

жоқ құжаттардың атауы:

1) ______________________________;

2) ______________________________;

3) ______________________________.

ұсынбауыңызға байланысты "Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)

арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге

құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

________________________________________________________________ _________

Т.А.Ә. (бар болса) (қолы)

(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

Орындаушы: ТАӘ (бар болса) ______________________________________________________

Телефон ________________________________________________________________________

Алдым: __________________________________________________ _________

көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса) (қолы)

20___ жылғы "___" ___________

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района