в актогае 16
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
Мобильная версия

Ақтоғай ауданының әкімі Әбеуова Салтанат Мірәсілқызының 2016 жылғы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары және алдында тұрған міндеттер туралы есебі

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Міне, тағы бір жылды шығарып салып, жаңа жылға қадам бастық. Өткен 2016 жыл Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы, облысымыздың 80 жылдығы, Ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушы-жетекшісі, Қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы көреген идеялардың авторы, Алаш автономиясының алғашқы төрағасы, жерлесіміз Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуы сияқты айтулы даталар мен ел өміріндегі маңызды оқиғаларға толы, өңір үшін ілгерілеу серпіні бар жыл ретінде тарих қойнауына кетті. Еліміздегі даму процестеріне жалпы облысымыз, оның ішінде ауданымыздың да қосқан өзіндік үлесі бар.

Біздің жұмысымыздың басты өлшемі – халықтың берер бағасы. Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін атқарушы билік пен халық арасындағы ашық диалог ретінде бағалауға болады. Аудан басшысы ретiнде қалыптасқан игі дәстүр бойынша Сіздерге  өткен жылғы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындыларымен және ағымдағы жылы ауданның атқарушы билігінің алдында тұрған міндеттерi туралы  есебiмдi назарларыңызға ұсынамын.

Өткен жыл Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауымен айшықты болды. Бұл Жолдауда да Елбасы жаһандағы жағдайды жіпке тізіп, келесі онжылдықтың мақсат-мүддесін айқындап, егемендік жылдарында қол жеткен табыстарымызды одан әрі еселей түсу тетіктерін анықтап, халқымызды толғандырып отырған барлық мәселелерге жан-жақты жауап берді.     Елбасы өз Жолдауында айтқанындай: "Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар". Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды реттеп отырамыз.

            Ауданның даму қарқыны бірінші кезекте мемлекеттік бюджетке тікелей байланысты екені белгілі.

2016 жылы аудан бюджетіне түскен түсімдер  3 млрд 197 млн 899,4 мың теңге немесе жоспардың 100,2%-ын  құрады. Аудан бюджетінің  шығыстар жоспары 3 млрд 422 млн  334 мың теңге болса, орындалысы 3 млрд 364 млн 216,6 мың теңге болып 98,3%-ға орындалды. Бұл жақсы көрсеткіш болып табылады.

            Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 98-ші қадамында «Ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетін болады.», - деп атап көрсетілген.

Бүгінгі күнде аудан бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетінің алғы шарттары болып табылатын барлық кент, ауыл, ауылдық округтерде «Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары» ауданның қазынашылық бөлімшесінде  ашылып, осы шоттарға аудан бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарына құралған қалдық 19838,9 мың теңге болса, жыл ішінде түскені 1275,3 мың теңге, жұмсалғаны 15601,5 мың теңге, жыл соңына 37573,7  мың теңге қалдық  қалған.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту мақсатында 2018 жылдан бастап  халық саны 2 мыңнан жоғары, 2020 жылдан барлық кент, ауыл, ауылдық округтердің дербес бюджеті, яғни бюджеттің 4-ші деңгейі қалыптастырылатын болады.

«Жергілікті өзін-өзі басқару ұтымды құрылса, халықтың негізгі өмірлік қажеттілігін қамтамасыз ету мәселері шешіледі, сонымен қатар, халықтың билікке деген сенімі едәуір артады» делінген мемлекет басшы бекіткен тұжырымдамада. Жергілікті халықтың тыныс-тіршілігін тікелей қамтамасыз ететін әкімдердің жұмыс сапасын жақсарту мақсатында облыс әкімінің қамқорлығы ретінде барлық кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне тапсырылған 17 қызметтік автокөліктерді қаржы дағдарысына қарамастан қол жеткізілген бір жетістік деп бағалауға болады. 

Ауданының мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық   жасау   туралы комиссиясына рахымшылық жасау мерзімінде  34 өтініш түсіп, оның ішінде 8-уі құны 101922.8 мың теңгенің шағын орта бизнес субъектілері коммерциялық объектілерінің мүлкі заңдастырылды, 26-ы өтініш (құны 12281,7 мың теңге) қаралып заң талаптарына сай келмеуіне байланысты кері қайтарылды.

Ақтоғай ауданы бойынша 01.01.2017 жылға мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару тізілімінде барлығы 66 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар тіркелген. Барлық нысан саны 15955, баланстық құны –  2 569 458,0 мың теңгені құрайды.

  Экономикалық өсім қарқынына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – ауданға инвестиция тарту.

Индустриаландыру картасы аясында ашылған құны 21,5 млрд теңге «Алтыналмас АК» АҚ алтын өндіру кәсіпорыны ауданға зор көмегін тигізуде. Аталған кәсіпорын  2016 жылдың 11 айында  1946 кг алтын шығарып, 26 824,4 млн. теңгенің өнімін өндірді немесе жалпы ауданның өнеркәсіп өндірісінің 90%-ын құрады. Қазіргі уақытта кәсіпорында 510 адам, оның ішіндегі ауданнан 56 адам жұмыс істеуде.

Сонымен бірге алдағы уақытта «Ақтоғай мыс» Долинная кен орны, «Ұлытау-К» Тесіктас кен орыны, «Балқаш-Сарышаған», Керегетас, Қасқырқазқан кен орындарын зерттеу сияқты ірі жобалар тұр. Бұл жобалар да "Алтыналмастан" кем болмайды деген болжам бар.

Өнеркәсіп саласында 2016 жылдың 11 айында өнім өндіру көлемі    29 827,0 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда148,1%-ға, бекітілген жоспармен салыстырғанда 104,3%-ға орындалды. 

Аудан бойынша 2016 жылдың 11 айында инвестиция көлемі 3422,2 млн. теңгені құрап, 2015 жылмен  салыстырғанда  58,1%-ды құрады. Төмендеу себебі «Алтыналмас АК» АҚ-да  құрылыс жұмыстары аяқталып, өнім өндіру жұмыстарына ауысуына байланысты.

Аудан экономикасы негізінен ауыл шаруашылығы саласына бағытталғандықтан, бұл салаға кеңірек талдау жасаған дұрыс деп ойлаймын. Жалпы сала бойынша даму динамикасы бар, шартты мал басы 75 550 мыңды құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 102 %-ға  өсіп отыр. Оның ішінде ірі қара - 46455 бас (102,1 %), қой-ешкі -93348 бас (77%), жылқы - 19294 бас (101,7 %), түйе 476 бас (100 %), құс 20137 бас (109,1 %) болып есептелді. Ал 2016 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім 12216,3 млн теңгеге жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда (9405,9 млн теңге) 129,8 % орындалды.

            Аудан бойынша мал шаруашылығы саласы бойынша оның өнімділігін және сапасын арттыру мақсатында 2016 жылы асыл тұқымды малдармен жұмыс бірыңғай ақпараттық базасына тіркелген 148 шаруа  қожалығы асыл тұқымды 202 аталық ірі қара малын сатып әкелді. Жыл басынан бері 102 шаруа қожалығы  288 бас асыл тұқымды малға 44 млн 352мың теңге, селекциялық жұмысқа 145 шаруашылық 205 млн 402 мың теңге субсидияға, 12 млн 52 мың теңге  қой селекциясына құжаттары облыстық ауыл шаруашылық басқармасына өткізіліп тиесілі қаржыларын алуда.

     «Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін арттыру» бағдарламасына сәйкес аудан бойынша 50 тонна көлемінде ет өткізу жоспарланып, толығымен 100% -ға орындалды.   

«Сыбаға» бағдарламасы арқылы ауданға берілген тапсырма 500 бас, бүгінгі күнге 647 бас ірі қара малдары сатып алынып, орындалысы 129%.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша ауданға берілген тапсырма 675 бас, бүгінгі күнге ауданның шаруашылықтары 680 бас қой малын сатып алды орындалысы 100%.

          «Құлан» бағдарламасы бойынша ауданға берілген тапсырма 156, бүгінгі күнге 172 бас жылқы сатып алынды, орындалысы 110%.

            Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру жұмыстары қолға алынуда. Өткен жылы ауданда 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылды. Олар Абай ауылдық округіндегі «Алаш-Агро», Қызыларай ауылдық округіндегі «Ақжарық», Сарытерек ауылдық округіндегі «Береке-Бірлік», «Құт-Береке» кооперавтивтері. Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құрмай отырған ауылдық округ әкімдерінің алдында Елбасының тапсырмасын орындау, жүзеге асыру міндеті тұр.

            2017 жылы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде  аудан бойынша 88 отбасылық мал бордақылау алаңын ашуға 193600 мың теңге, 1 сүт қабылдайтын пунктке 4500 мың теңге, 1 мал соятын алаңға 38500 мың теңге, 1 мал соятын алаңды жабдықтауға 5000 мың теңге, 2 жем-азық цехына 4600 мың теңге, 1 рефрижераторға 8000 мың теңге қаралып отыр. Әр ауылда кем дегенде 1 ивестициялық жобаның болуы, өз ісін ашып кәсіппен айналысатындар санын арттыру шараларын жүзеге асыру бүгінгі күн талабы.

            Ауданда 2016-2019 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін бизнес жоспарлар жасалып, 5 инвест жоба облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан салалық қортындылар алып, бүгінгі күнге қаржы орталықтарымен, банктермен жұмыс жасауда. Олар: Ортадересін а/о «Айтас-2002» ЖШС қымыз өнімдерін өндіру цехын ашу, Абай а/о «Нұр» шаруа қожалығы 100 сиырға арналған сүт тауарлы фермасын ашу.

2016 жылы аудан  бойынша 1210 га жерге дәнді – дақыл, оның ішінде 670 га бидай, 540 га арпа, Жидебай а/о 320 га, Кежек а/о 590 га, Қызыларай а/о 300 га жерге егін екті. 73 га Картоп,  55 га көкөніс отырғызылды. Бүгінгі күнге егін орағы толығымен аяқталып, әр гектарынан 10 центнерден өнім алынды. Қамбаға 1210 тонна астық құйылды.Картоптан 1890 тонна, көкөністен 1500 тонна өнім жиналды.

Өткен жылы 2015 жылдан қалған 40 мың  тонна шөпті қосқанда 250 мың тонна мал азығы дайындалды. Жоспарланған мал азығы аудан бойынша қолда бар төрт түлік малға жеткілікті. Негізінен жылда жем – шөптің 97,4% жайылымдықтан, 2,1% табиғи шабындық жерлерден дайындалатындықтан малға жұғымдылығы төмен. Сондықтан ауыл, ауылдық округ әкімдеріне түбірімен жақсартылған жерлерді пайдаланып көпжылдық шөп егуді қолға алып, ағымдағы жылы көпжылдық шөп алқабы қосымша 2000 гектарға дейін көбейтіледі.

Тұрғындарды шөппен қамтамасыз етуде көптеген қиыншылықтар әлі де кездесуде -  қолдарында техника жоқ, шөп шығымы төмен, кеш дайындалған азық сапасы нашар т.б. Бұл мәселені де жан-жақты ойланып шешу жолдарын табу керек, оның бipден - бip жолы ауданда бос жатқан шаруа қожалықтары иелiктерiндегi 52 мың гектар көпжылдық шөп алқаптарын біртіндеп жаңғырту болып табылады.

Аудан көлеміндегі 11 мың гектар егістік, 64 мың түбірінен жақсартылған жайылымдық жерлердің 5218 гектар егістігі, 58 мың гектар түбірінен жақсартылған жайылымдық жерлер шаруа қожалықтарының иелігінде.

 Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарындағы 35 және 36 қадамында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында нарықтық айналымға енгізу, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануына тұрақты мониторингі жүргізу қажет және барлық пайдаланбай отырған алқаптарды болашақта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға өткізу талаптары қойылған.

2016 жылы  ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу жоспары 35 000 га болса, орындалысы – 70 000 га (130% артық орындалған).

Айналымға енгізу, түгендеу жұмыстары 2016-2018 жылдары белгіленген жоспар бойынша жалғасады. Аудандық прокуротураға ауыл әкімдерінің ұсынысымен малдары тіркелмеген, жерлерін пайдаланбай отырған, бөтен жерлерді басып алған 6 шаруа қожалықтың құжаттары тексеруге ұсынылып, тексеріс жүгізілуде. Нәтижесінде Нүркен ауылдық округінің «Сәукеле», «Ақсеңгір» шаруа қожалықтары жетекшілеріне салық мөлшерлемесін он есеге ұлғайту жөнінде (жалпы сомасы 400.000 тг) шешім қабылданып шара қолданылуда.

Жыл басынан аудандық жер қатынастары бөліміне жеке және заңды тұлғалардан 360 өтініш түсіп, «жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесін беру» жөніндегі комиссия отырыстарында қаралды. Өткізілген комиссия отырысының саны-16.  

Ауданымызда ауыл шаруашылығы өндірісінде жұмыс жасайтын 594 - трактор, 35 - астық жинайтын комбайн, 510 - трактор тіркемесі, 36 - жол құрылысы және басқа да техникалар, 2 - қарда жүргіш, барлығы 1177 ауыл шаруашылық техникасы бар. 2016 жылы 16 донғалақты трактор, 2-рулон пресс, 7-шөпшабатын косилка, 5-КУН шөптиегіші, 2-тырма барлығы 32 ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды. Бұрынғы жылдарға қарағанда техникалардың көптеп алынуына 50% құнын өтеу жеңілдік субсидиясы жақсы әсер етті.

            Аудан бойынша 283 қыстақтың 86-на ғана электр жүйесі тартылған. 50% - дық жеңілдікпен күн сәулесімен энергия қондырғылары 8 шаруа қожалығына орнатылды. Қалған шалғайдағы 197 қыстақ жарықсыз отыр. Сондықтан әрбір әкім аймағындағы шаруа қожалықтармен жұмыстар жүргізіп, мемлекет тарапынан беріліп отырған жеңілдіктерді толық пайдалануы қажет.

            Аудан экономикасының негізін қалаушы ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан ветеринариялық қызметтің де арқалар жүгі ауыр.

            Ауданға жергілікті бюджеттен 2016 жылы «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 77 млн 640 мың теңге қаржы бөлінген.

Бруцеллез  ауруына  серологиялы зерттеуге   жылдық  жоспардың  орындалғаны  ІҚМ - 69 645  бас  100%,  қой –ешкі -164 349  бас   жоспар  толық 100 пайызға   орындалды.  Қалған  мал  түліктері бойынша  да жоспар  толық  орындалған.

       Бруцеллез  10  елді  мекенде 205  ірі қара, 7 елді  мекенде  28 бас  қой-ешкі  оң  нәтиже  берген.

Залалсыздандыру  жұмыстары   ауру шыққан  ошақтарға  толығымен   жүргізілді. Қазақстан Республикасы  Ауыл  шаруашылығы  Министрінің  бұйрығына  сәйкес 80 бас ірі қара мал сою алаңында сойылып, Қарағанды қаласындағы «Тұлпар» ЖК ет өңдеуші кәсіпорнына өткізілді. Қалған  125  бас  ірі қара малдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы бұйрығы талаптарына сәйкес  шексіз пайдалануға  жіберіліп, ал 28 бас ұсақ  мал ветеринариялық заңдылыққа сай  жойылды. Бруцеллез малды жоюға байланысты, олардың  құнын мал иелеріне өтеу  бойынша 5 млн 552 мың теңге қаралып, толық игерілді. Алайда жүргізілген диагностикалық ветеринариялық іс-шараларға қарамастан ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы ауруларға шалдығуына жол берілді.

2016 жылы Ортадересін ауылдық округінен ірі қара малдары арасынан пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты ауылдық округ аумағына шектеу қойылып, ветеринариялық сантариялық іс-шаралар толығымен жүргізіліп, шектеу  алынды. Cонымен бірге, Жидебай ауылдық округінде сібір жарасы ауруының тіркелуіне байланысты, Үшарал қыстағындағы «Жеңіс» шаруа қожалығына шектеу қойылған. Қарағанды облыстық «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд»  ММ-нің филиалы мамандарымен 2016 жылдың 2 - 6 қыркүйек аралығында  ірі қара-1046,  жылқы-216,  қой ешкі-1788  бас ауыл шаруашылық жануарлары сібір жарасына қарсы егілді.

            Ауыл шаруашылығы  жануарларын  бірдейлендіру жұмыстары аудан  бойынша  19920  бас  ірі қараға немесе 104 %, 70952  бас  қой –ешкіге немесе 100 %, 114  бас түйеге немесе  100%, 56 бас шошқаға немесе 100%, 6255 бас  жылқыға немесе 107% орындалды. Дегенмен тұрғындар арасында бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де болса жетілдіру міндеті тұр.   

2016 жылы қолдан ұрықтандырылған мал 742 бас (Жидебай а/о-184 бас, Шабанбай би а/о -198 бас, Қусақ а /о -110 бас, Ақтоғай ауылы-172 бас, Шашубай кенті-78 бас). 2017 жылы 900 бас ірі қара малына ұрықтандыру жүргізу жоспарлануда.

Аудан бойынша  Ақтоғай ауылында және 8 ауылдық округте (Нүркен, Ортадересін, Шабанбай би, Қараменде би, Қызыларай, Сарытерек, Қарабұлақ, Тасарал) 11 мал сою алаңы бар. 6 ауылдық округте (Жидебай, Кежек, Айыртас, Абай, Қусақ, Тораңғалық)  және Шашубай, Сарышаған кентерінде, барлығы 8 жерде  мал сою алаңдары қажет. Қусақ ауылдық округінде жеке кәсіпкер өз есебінен мал сою алаңының құрлысын салып, құжаттары рәсімделу үстінде. Мал сою алаңдары жоқ ауылдық округ және кент әкімдеріне осы проблемалық сұрақты шешу тапсырылған.  

            Ауданның  17  ауылдық  округінің 8-де  мал  қорымдары  бар. Оның  екеуі  қарапайым  түрде Сарытерек, Шабанбай би ауылдық  округтерінде  салынған. Нүркен, Қусақ, Қызыларай, Ақтоғай, Жидебай, Қарабұлақ  ауылдық  округтерінде типтік   негізде  салынған. Биылғы жылы Сарытерек,  Шабанбай би ауылдық  округтерінде  типтік негізде  мал  қорымы  салынатын болады.

Шабанбай би ауылдық округінде орналасқан 84 шаршы метр аумақтағы сібір жарасы көміндісіне жергілікті бюджеттен 758 мың  теңге қаражат бөлініп, көмінді бетонмен құйылып, басына белгі қойылды.

Сонымен қатар сібір жарасы ошақтарының қолайсыз-стационарлы пункттерін қоршауға – 864 мың теңге бөлініп, (Ақтоғай ауылы-1, Жидебай а/о-2, Сарытерек а/о-1, Қусақ а/о-1, Қарабұлақ а/о-1) барлығы 6 сібір жарасының ошақтары темір қоршаумен қоршалып, белгілері қойылды.

Аудан экономикасы келешекте тек өнеркәсіп кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығына ғана тәуелді болмас үшін біз шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай туғызып, қолдау көрсетуіміз қажет. 2016 жылдың 11 айы бойынша аудан көлемінде 1141 бизнес субъектілері жұмыс жасап,  4487,4 млн. теңге көлемінде өз өнімдерін өндірді. 2015 жылмен (4231,2) салыстырғанда  106,1%-ды құрап отыр.

            Ауданымызда жыл басынан 6 әлеуметтік нысан ашылып, жұмсалған қаражат 29,200 млн. теңгені құрады, оның ішінде: 1 сауда орталығы, 1 шайхана, 2 дүкен, 1 шағын наубайхана, 1 кулинария шағын орталығы Ақтоғай ауылынан ашылып, халыққа қызмет көрсетуде. Осы әлеуметтік нысандар бойынша 6 жаңа жұмыс орыны ашылды.       

   «Ақтоғай» несие серіктестігі»  ЖШС-нен  43 млн. 400 мың  теңге несие 13 шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлерге берілді. Осы берілген несие ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға, мал басын көбейтуге, ауылдағы жұмыссыздықты жоюға мүмкіндіктер туғызды.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру үшін ауданға 14 557 176 теңге несие бөлініп, 10 900 000 теңгесі берілді. Аудан бойынша Жидебай ауылдық округінен «Өркен» шаруа қожалығы (К.С.Иманбеков) картоп өсіру (6,5 млн. теңге), Ақтоғай ауылынан (Қ.Есенбаев) қоян өсіруді кеңейту (1,6 млн. теңге), Жалаңаш ауылындағы «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының жетекшісі А.А. Куземханованың мал бордақылау алаңының (2,8 млн. теңге)  жобалары Қарағанды облысы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның аймақтық филиалының тарапынан қолдау тауып, қаражаттарын алды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен жұмыстардың бағаларын қадағалау, бағаның құрылымына жан-жақты зерттеулер жүргізіп, бағаны тұрақтандыру бағытында әкімдер мен тиісті бөлімдер арқылы дүкендердегі бағаларға  күнделікті талдау жүргізілуде, арнайы сенім телефондары да жұмыс жасайды.

2016 жылы аудан бойынша нарықтың 98 субъектісімен инфляцияны    ауыздықтау, әлеуметтік  маңызы бар аса қажетті азық-түлік  тауарларының  негізгі  түрлеріне қосылатын  үстемені 10%- дан асырмау мақсатында кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі, жеке кәсіпкер болып үш жақты  меморандум жасалды.

 Аудан кәсіпкерлері азық-түлік тауарларын Қарағанды қаласынан тасымалдайтындықтан көп жағдайда облыс орталығындағы бағаға тәуелді болып отыр. Осыны ескере отырып аудан орталығынан арзан бағада көтерме-бөлшек  сауда орталығы ашылды (Н.Тусупбекова).

   Аудан халқын азық-түлік тауарларымен, ауыл шаруашылық өнімдерімен  қамтамасыз ету мақсатында нарықтық бағадан  15-20 % төмендетілген бағада аудан басында 24  жәрмеңке өткізіліп, 28 млн 479  мың теңгенің  азық-түлік және шаруашылық тауарлары, ауыл шаруашылық өнімдері сатылды.  

Жәрмеңкелерде барлығы:  32,1 тонна картоп, 9,5 тонна қырыққабат, 3,4 тонна сәбіз, 1,64 тонна қызылша, 10,8 тонна пияз, 224 мың дана жұмыртқа, 3,540 тонна шемішке майы, 4,1 тонна макарон өнімдері, 4,0 тонна қант, 9,0 тонна ұн, 1,420 тонна балық өнімдері және ет, сүт, нан өнімдері мен ауыл шаруашылық тауарлары сатылды.                                                                                                                 

Негізгі маңызды бағыттардың бірі - жаңа әлеуметтік саясат. Елбасы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына әрқашанда ерекше назар аударып отырады. Президент атап айтқандай «Біз мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып келдік. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік бұрмаланбауы тиіс».

2016 жылы жалпы аудан бойынша 472 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, 397-сі  жұмысқа орналастырылды.

Өз ісін ашып өзін-өзі жұмыспен қамтуға ниет білдірген 25 жұмыссызға 84840 теңгеден 2 млн 121 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.

            Қоғамдық жұмыстарға 178 жұмыссыз, 17 кент, ауылдық округ әкімдері аппаратына жолданды.

            Нысаналы топтағы 8 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орнына қатыстырылып, тұрақты жұмысқа орналастырылды.

            Жастар тәжірибесіне 18 түлек, кент, ауылдық округтерге мекемелерге жолданды.

Аз қамтылған 14 отбасының 50 адамына 1 млн 978 мың теңге төленді. Кедейшілік деңгейі 0,2% құрап отыр. (Облыстық кедейшілік деңгейі 0,2%). 2015 жылмен салыстырғанда 42 отбасыға азайды.

Барлығы 185 отбасы 2 млн 370 мың теңге көлемінде  тұрғын үй көмегін алды.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 149 отбасының 467 баласына барлығы 8 млн 262 мың теңге төленді.

Бөлімде есепте 662 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Оның ішінде: І топтағы – 70, ІІ топтағы – 325, ІІІ топтағы – 219 мүгедек, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны – 48. Оның ішінде бөлімде жұмыссыз ретінде тіркелген 29 мүгедектің 9-на біржолғы материалдық көмек көрсетілсе,             20-сы жұмысқа орналастырылды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы 2 азаматқа есту аппаратын алу үшін жолдама берілді, 2 азаматқа тифломагнитола, 3 мүгедек азаматқа сағат, 1 мүгедекке трость берілді.

Қозғалуға қиындығы бар, жеке көмекшінің қызметіне мұқтаж 12 мүгедекке жеке көмекшілер тағайындалып, 4 млн 993 мың 300 теңге жұмсалды.

27 мүгедекке жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1910 дана гигиеналық құралдар таратылды.

Қарағанды қаласындағы №2 медициналық әлеуметтік мекемесінде 30 ардагер және Щучинск қаласындағы «Зеленый бор» шипажайында 3 мүгедек, Саран қаласындағы «Санаторий-Березняки» шипажайында 1 мүгедек бала тегін емдеу-сауықтыру шараларымен қамтылды.

Қарттар күні мерекесіне орай 75-жастан асқан 537 қарт адамдарға әрқайсысына 3000 теңгеден барлығы 1 млн 611 мың теңге бір жолғы материалдық көмек, 176 қартқа тегін азық-түлік жиыны, 13 қартқа отын-шөп, 158 қартқа мерекелік түскі астар берілді  және 150 қартты газет-журналдарға тегін жаздыруға  демеушілер арқылы көмектер көрсетілді.

Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша 42 мұқтаж азаматқа 935 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

             2016 жылы  3 мүгедек балаға 79 мың 184 теңге материалдық көмек төленді.

            Басқа тараптан көмек қажет ететін жалғызілікті І, ІІ топтағы 10 мүгедекке 243 мың 915 теңге материалдық көмек төленді. Бүгінгі күні бөлімде 39 жалғызілікті қария, 17 мүгедек балаға 11 әлеуметтік қызметкер, 1 консультант-кеңесші қызмет көрсетуде. (Ақтоғай ауылы, Шашубай, Сарышаған кенттері, Жидебай, Шабанбай ауылдық  округтері).  

             «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2016 жылы  ауданға жалпы 505 млн 508 мың теңге қаржы бөлінді.

            Бірінші бағыт: Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен барлығы 37 жобаға бөлінген қаржы 355 млн 749 мың теңге, ашылған жұмыс орындар 314, оның ішінде жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы 157 адам жұмыспен қамтылды.

Екінші бағыт:  Ауылда кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру бойынша 43 адамға 129 млн 867 мың теңге қаралып, 39 адам 99 млн теңге несие алды, 1 адам қайтарылған қаржы есебінен 3 млн теңге несие алды.

Шағын несие алушылардан өз ісін ашқан 19 адам салық басқармасына тіркелді.

Үшінші бағыт: Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бағытына 19 млн 892 мың теңге қаржы жұмсалып,  74 адам  қатысты.

Бірінші бағыт бойынша жөндеуден өткен 37 объектіге толығырақ тоқталатын болсам:

Ақтоғай ауылы бойынша: К.Байсейтова атындағы мектептің сыртқы қасбетін ағымдағы  жөндеу жұмыстарына 9 млн 330 мың теңге, Ә.Бөкейхан атындағы мектептің жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 14 млн 299 мың теңге, Ақтоғай ауылындағы электр желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 31 млн 203 мың теңге, су желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5 млн 888 мың теңге, Аудандық орталық аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына 30 млн 365 мың теңге қаралып, бағдарлама арқылы 54 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

Айыртас ауылдық округі бойынша: Айыртас мектебінің от жағар ғимаратының төбесін, шатырын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 млн 998 мың теңге қаралып, бағдарлама арқылы 5 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

Жидебай ауылдық округі бойынша: Сәуле ауылындағы су желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына  2 млн теңге, Қ.Нұржанов атындағы мектеп ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 8 млн 481 мың теңге, Үшарал ауылының Ә.Болғанбайұлы атындағы мектептің су жүйесін жөндеу жұмыстарына 5 млн 185 мың теңге, жылу жүйесін жөндеу жұмыстарына  2 млн теңге қаралып, бағдарлама арқылы 11 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

Кежек ауылдық округі бойынша: Ақши мектебі мен мәдениет үйінің ғимараттарын  ағымдағы жөндеу жұмыстарына 13 млн 318 мың теңге қаралып , бағдарлама арқылы 6 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

Нүркен ауылдық округі бойынша: Н.Әбдіров атындағы мектеп ғимаратын  ағымдағы жөндеу, абаттандыру жұмыстарына 3 млн 644 мың теңге қаралып, бағдарлама арқылы 2 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

Қараменде би ауылдық округі бойынша: Ж.Ақбай атындағы мектеп ғимаратын  ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 млн теңге, Қуаныш ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына    9 млн 761 мың теңге, Қуаныш ауылына спорттық балалар ойын алаңын орнатуға 4 млн 206 мың теңге қаралып, бағдарлама арқылы 11 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

Қызыларай ауылдық округі бойынша: Қызыларай мектебі ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 15 млн теңге қаралып, бағдарлама арқылы 7 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

Ортадересін ауылдық округі бойынша: Ортадересін мектебі ғимаратын  ағымдағы жөндеу жұмыстарына  6 млн 749 мың теңге, «Факел» соматикалық лагері  ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 67  млн теңге қаралып, бағдарлама арқылы 18 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

Шабанбай би ауылдық округі бойынша: Ә.Ермеков атындағы мектептің жылу  жүйесін жөндеу жұмыстарына 448 мың теңге қаралып, бағдарлама арқылы 1 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

Қарабұлақ ауылдық округі бойынша: Қарасу ауылындағы электр желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3 млн теңге қаралып, бағдарлама арқылы 2 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.  

Қусақ ауылдық округі бойынша: Қошқар мектебі ғимаратын ағымдағы жөндеу және көше жарықтары желілерін монтаждау жұмыстарына 3 млн 945 мың теңге қаралып, бағдарлама арқылы 3 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

Тасарал ауылдық округі бойынша: Тасарал мектебі ғимаратын  ағымдағы жөндеу жұмыстарына 8 млн 400 мың теңге және ауылдағы модульды су тұщыту қондырғысын ағымдағы жөндеу жұмысына 4 млн теңге қаралып, бағдарлама арқылы 5 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

 Тораңғалық ауылдық округі бойынша: Тораңғалық ауылындағы модульды су тұщыту қондырғысын ағымдағы жөндеу жұмысына 4 млн 349 мың теңге қаралып, бағдарлама арқылы 2 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

Сарышаған кенті бойынша: Сарышыған кентіндегі мәдениет үйінің ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5 млн 172 мың теңге, №2 жылу қазандығын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6 млн 87 мың теңге, мектептің спорт залының есік-терезелерін жөндеу жұмыстарына 2 млн 51 мың теңге, Абай, Мектеп көшелеріндегі жылу желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6 млн 172 мың теңге, кәріз желісін ағымдағы жөндеу жұмыстары және №1КСС  насосын монтаждау жұмыстарына 3 млн 583 мың теңге, су тазалау қондырғысын орнатуға 21 млн 890 мың теңге, хоккей кортын орнатуға 8 млн теңге қаралып, бағдарлама арқылы 24 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.  

Шашубай кенті бойынша: Шашубай кентіндегі отбасылық дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына 22 млн 946 мың теңге, Алтын шағын ауданындағы кәріз станциясын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1 млн 200 мың теңге, спорттық балалар ойын аланың орнатуға 7 млн 893 мың теңге қаралып, бағдарлама арқылы 12 адам мерзімді жұмыспен қамтылды.

Әлеуметтік саланың басты бағыттарының бірі - білім беру жүйесі болып табылады. Барлық қыйындықтарға қарамастан, елімізде мемлекеттің білім беру саласын қаржыландыруды жыл сайын  ұлғайтып жатқаны белгілі. Жалпы аудандық бюджеттің 55 пайызы білім беру саласына жұмсалатынын баршаңыз жақсы білесіздер.

2016-2017 жылғы оқу жылында оқушылар саны 2903, мектепке дейінгі жастағы  балалар саны 730. Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 80,2 пайыз.

Аудан бойынша  2015-2016 оқу жылында 12 орта мектепті  144 оқушы бітірді. 108 түлек ҰБТ тапсырса, 36 түлек бітіру емтиханын тапсырды. 

Биылғы ҰБТ қорытындысы аудан бойынша орташа 72,4 балды құрайды. Бұл  өткен  2015 жылдың  қорытындысымен бірдей болды. Аудан көлемінде ҰБТ-дің қорытындысы  бойынша алдыңғылардың бірі болып  Қошқар орта мектебі – 95,2 балл, Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» ММ –  85,9 балл, Ж.Ақбай   атындағы орта мектебі 80,1 балл жинады.

Оқу жылының соңында 18 түлек жоғарғы оқу орындарының, 48 түлек колледждердің грант иегерлері атанды.

Қошқар мектебінен Сейтмханова Гүлназ, Шашубай кентіндегі Мектеп-балабақша кешенінен Рымбек Диана өз білімдерін дәлелдеп, «Алтын белгі» иегері атанды. Бірақ бұл көрсеткіш бізді қанағаттандырмауға тиіс.

2016 жылы республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне 215 оқушы қатысты. Аудандық олимпиадада жеңімпаз атанған Шашубай, Сарышаған,  Ә.Бөкейхан орта мектептерінің  13 оқушысы облыстық кезеңде жүлделі орындарға ие болып, аудан командасы   2 орынды   иеленді.  Шашубай мектебінен 1 оқушы  қазақ тілі пәнінен  республикалық олимпиадада 3 орын  иеленді. Бұл оқушылардың көрсеткіші, мұғалімдердің жасаған еңбектерінің  жемісі. 

Өткен жылдың маусым айында Өнер мектебінің «Әуен» вокалды тобы Астана қаласында өткен халықаралық «Жарық жұлдыз» телевизиялық байқауына қатысып, гран-при иеленді.

Аудан орталығында Өнер мектебінде «Көңілді жаз» орталығы құрылып, оған К.Байсейітова және Ә.Бөкейхан орта мектептерінен 2 маусымда 200 бала қамтылды.

Аудан бойынша  аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 50 бала «Бригантина» жазғы сауықтыру лагеріне демалып қайтты.

 Мектептердің 17%-ы ғана  кең жолақты интернетке қол жеткізген, басқа мектептердің жылдамдықтары өте  төмен. Ауыл мектептерінің интернетке қосылу жылдамдығын көтеру үшін 2017 жылы Қ.Нұржанов, Ә.Бөкейхан және К.Байсейітова атындағы орта мектептерге талшықты оптикалық байланыс жүйесін орнату жоспарлануда. Аудан мектептерін сандық ақпараттық қорлармен жабдықтау үшін интернет желісінсіз орнатылатын дискілер сатып алу (оффлайн режимінде) құны 200 мың теңгеден бастауыш сыныптарға  23 мектепке 3680,0 мың теңге, жоғары сыныптарға 5460,0 мың теңге қаржы қарастырылуда.  

Мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі - денсаулық сақтау.

Аудан тұрғындарына медициналық көмекті 29  төсек-орындық  аудандық орталық аурухана,  180-сырқатты 1 сменада  қарауға арналған аудандық клиникалық- диагностикалық емхана, 6 - отбасылық емхана,                                1- фельдшерлік-акушерлік пункт,  16- медициналық пункт,  барлығы  13 төсек  орынға арналған  күндізгі аурухана  көрсетеді.

           Аудан көлемінде 18 жоғары білімді дәрігер  маманы,  92  орта буындағы  медицина  мамандары қызмет атқарады. 10 мың тұрғынға  есептегенде  дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші - 12,7% облыстық көрсеткіш 35,0%; орта буындағы медицина қызметкерлерімен қамту - 75,0% құрайды, облыстық көрсеткіш  74,4%.

Аудан халқының денсаулығын жақсарту мақсатында 2015 жылы республикалық бюджет қаражатына Сарышаған кентінде 43 млн 804 мың, Жидебай ауылдық округінің Сәуле ауылында 81 млн 069 мың теңгеге заманауи талапқа сай отбасылық емхана салынып 2016 жылы пайдалануға берілді.

        Аудан  бойынша есепте тұратын халық саны - 11546 адам, (Саршаған кенті тұрғындары Приозерск қаласы ауруханасына бекітілген) оның ішінде; бала - 3085,  жасөспірімдер - 650, ерлер – 5982, әйелдер  – 5564,  бала  туу  жасындағы әйелдер - 2668. 

            Жүктілікпен  181  әйел  есепке алынды, 12  апталық мерзімде -  148 әйел, 2016 жылы аудан  бойынша 205   бала  туды (2015 жылы  - 208). Жалпы өлім көрсеткіші аудан бойынша 59 адам (2015 жылы 65)      .

Әлеуметтік маңызы бар науқас түрлеріне  туберкулез және  қатерлі ісік аурулары  жатады. 2016 жылдың  қортындысы бойынша көрсеткіштер:

- туберкулез  ауруына жалпы науқастыққа шалдыққандар  5 адам (2015 жылы 21 адам),  туберкулез  ауруының асқынғаны, өлгені  болған  жоқ.  

- қатерлі ісік  ауруына жалпы науқастыққа шалдыққандар 104 адам, (2015 жылы 108). Өкінішке орай қатерлі ісіктен  қайтыс болғандар 16 адам.  

            Скринингтік  тексеріс қорытындысы бойынша 7 ауру түрлерін анықтау жоспары барлық түрлерінен 100 пайызға орындалды.

        Бүгінгі күнге жетіспейтін дәрігер мамандары: рентгенолог, 2 жалпы тәжірибедегі дәрігер, окулист, фтизиатр. 

  Халықтың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын іске асыру дене шынықтыруды және спортты дамытумен тығыз байланысты. Денсаулыққа қамқорлық ете отырып, халықтың салауатты өмір салтын ұстануына көбірек көңіл бөлінеді. 

      Тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуын қамтамасыз ету мақсатында ауданда дене шынықтыру сауықтыру кешені, жабдықталған аудандық стадион жұмыс жасайды. Сонымен қатар биылғы жылы Сарышаған кентіне хоккей корты, Қараменде би ауылдық округінің Қуаныш ауылына спорт алаңы, Шашубай кентіне спорт алаңы орнатылып, аудан бойынша кейінгі екі жылда барлығы 15 спорт алаңы және 3 хоккей кортына көбейді.

Жыл бойы аудан көлемінде өткізілетін аудандық спорттық іс-шараларға 890,0 мың теңге, облыстық жарыстарға аудан құрамасын дайындап қатыстыруға 6,498 мың теңге қаржы бөлінді.

            Халықтың спорттың бұқаралық түрлерімен жүйелі  шұғылданушылар  саны  5214 адам,  бұл  көрсеткіш  аудан   тұрғындарының 29 пайызын құрайды.

            2016 жылы дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен  бұқаралық спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық деңгейде әр түрлі спорт түрлері бойынша 60 аудандық жарыстар өткізілді. Сонымен қатар аудан құрамасының спортшылары облыстық, республикалық  жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Қазіргі уақытта тоғызқұмалақ ойынынан аудан құрамасы облыс деңгейінде көш бастап тұр.

            Желтоқсан айында Волейболдан Ә.Бөкейханның 150 жылдығына орай  8-ші  рет облыстық ашық турнир жоғарғы деңгейде өткізілді.

            Ақтоғай ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бүгінгі таңда Қазақ күресі, Тоғызқұмалақ, Волейбол, Футбол, Үстел теннисі, Дзю-до күресімен 570 жасөспірім шұғылданады. 

  Мәдениет саласына тоқталсақ, халқымыздың рухани және мәдени құндылықтарымен, этнографиялық тарихи танымдықтарға  деген адамдардың сұраныстарын қанағаттандыруда аудандық мәдениет бөлімі өткен жылы  бірқатар жұмыстар атқарды. Бір сөзбен айтқанда аудан бойынша былтырғы жылы 1831 мәдени-көпшілік, тарихи-танымдық шаралар өткізілді.

Өткен  жылы аудан бойынша облыстық, республикалық деңгейде бірқатар мәдени-көпшілік  шаралар  ұйымдастырылып  өткізілді.  Ә.Бөкейханның  туғанына  150  жыл  толуының   ЮНЭСКО     денгейінде өтуіне  орай Ақтоғай  ауданында  «Әлихандар» облыстық  жастардың  форумы өткізіліп,  аудандық  мұражайдың  ғылыми  қызметкері  үш  рет  «Ақтоғай  Алаш  қайраткерінің  атамекені» деген  тақырыпта   баяндама  жасады.

Жақып Ақбайдың 140 жылдығына орай Ж.Ақбай атындағы жалпы білім беретін мектеп алдында ескерткіш бюст қойылды.

2016 жылдың 23-24 қыркүйегінде Ә.Бөкейханның  туғанына  150  жыл  толуына арналған «Алаш» көсемінің ерен еңбегін өскелең ұрпаққа таныту, ел үшін жасаған істерін дәріптеу мақсатында «Жекежал» қыстағында мемориалдық белгітастың, Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің алдындағы ескерткіш бюсттің ашылу салтанаты және  «Әлемдік тұлға Әлихан Бөкейхан және Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

2016 жылы «Ақтоғай» халық театрының құрылғанына  45 жыл толып, аудан көлемінде аталып өтілді. Сонымен қатар ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 5 халықтық ұжым аттестациялаудан өтіп, халықтық атағын қорғап шықты.

Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіде 2016 жыл бойынша  кітап берілімі 240 782 болып, оқырмандар саны – 11073 адамды құрады. Жалпы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша 567 ауқымды іс-шара өткізіліп, 9930 қатысушы қамтылды.

Ақтоғай археологиялық – этнографилық  мұражайында да бірнеше іс – шаралар атқарылды.

2016 жылы мұражай қорына 302 жәдігер қабылданды. Оның 124 негізгі қорда, 178 қосымша қорда. Былтырғы жылы аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайында барлығы 34 іс-шара өткізіліп, 400 адам қамтылды.

  Аудан бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар 2016 жылы 92,5%, ағылшын тілін меңгерген тұрғындар үлесі 3%, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгерген тұрғындар үлесі 1,8% құрады.

2016 жылы «Қазтест» жүйесі бойынша 27 адам сертификаттық тестілеуден, 150 адам  диагностикалық тестілеуден өтті.

Алдағы уақытта  мәдени мекемелер алдында ақылы қызмет көрсету жұмыстарын жандандыру, бөлімге жас мамандарды тарту, балаларға арналған музыкалық шағын орталық құру, халықтық ұжымдардың гастрольдік сапарының аясын кеңейту,  әр ауылдық клуб үйінің жұмыстарын жандандыру, тұрақты жұмыс жасайтын өнер ұжымдарын құру, кітапханаларға келушілердің санын арттыру, кітапханаларда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып  тұрғындарға сапалы қызмет көрсету міндеттері  тұр.   

            Жергілікті билік органдары жұмысының негізгі бағытының бірі: тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымдарының тұрақты жұмыс істеуі болып табылады. Олар: автокөлік жолдарын қалыпты ұстау, дамыту, халықты сапалы жылумен, ауыз сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету.

Ағымдағы 2016-2017 жылдарға арналған жылу беру науқанына дайындық жұмыстарының сапалы өтуіне байланысты барлық нысандарда жылыту маусымы уақытында басталды.

Аудан төңірегінде 3 дана орталықтандырылған жылу қазандықтары бар, оның ішінде  Шашубай кентінде – 1, Сарышаған кентінде 2. Қазандықтар «Тоқырауын Су Жылу» ЖШС-нің теңгерімінде жұмыс атқарады. Бүгінгі таңда аталған серіктестікпен дайындық шаралары ұйымдасқан түрде жүргізілген.

Қажетті мерзімде барлық конкурстық шаралар  өткізіліп, мемлекеттік объектілерге 6,9 мың тонна бюджеттік көмір сатып алынды. Бүгінде жұмыс жасау үрдісі қадағалануда және қалыпты деңгейде, әзірге  проблемалық жағдайлар орын алған жоқ. 

Ал автомобиль жолдарына келетін болсақ  аудан төңірегіндегі жалпы жолдардың  ұзындығы  1052,0 км құрайды, оның  179 км республикалық маңыздағы автомобиль жолдары, 389 км облыстық маңыздағы автожолдар, 457 км  аудандық маңыздағы автожолдар және ауыл, кент ішіндегі көше жолдары.

         2016 жылы аталған бағытта жұмыс жүргізу мақсатында бюджет есебінен 213 млн. 816 мың теңге қаражат қарастырылып, келесі жөндеу жұмыстары жүргізілді:

- Просторный-Жарық-Ақсу-Аюлы-Ақтоғай-Балқаш жолының 1 шақырымын күрделі жөндеуге 149 млн 368 мың теңге;

         - Ақтоғай-Шабанбай би – Ақжарық жолын ағымдағы жөндеуге 9 млн 200 мың теңге.

         - Нарманбет-Айыртас жолын ағымдағы жөндеуге 10 млн теңге.

         Сонымен қатар Ақтоғай ауылының ауылішілік жолдары назардан тыс қалған жоқ, Абай, М.Ержанов, Ж.Ақбай және Жәнібеков көшелері жолдарына 45 млн 248 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыстық маңыздағы жолдарды күтіп ұстауға 69 млн 400 мың теңге 373  шақырымға бөлінді. Конкурс жеңімпаздары Берер ЖШС және Тастемір ЖШС.

         Ауданның 36 елді мекенінің  бүгінгі күні 12 елді мекенінде 78 шақырым орталықтандырылған су жүйелері бар.

         2016 жылы «Сумен жабдықтау» бағдарламасы арқылы Нүркен, Қараменде би ауылдық округтерінде 2 млн 586 мың теңгеге су құбырларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

            Жалпы санитарлық тазалық пен абаттандыруға байланысты аудан бюджетінен бөлінген 60 млн 096 мың теңге  қаржыларға 17 ауылдық округтер толығымен қамтылды. Аудан орталығы Ақтоғай ауылына сәулеттендіру жұмыстарына баса назар аударылды.

            Ақтоғай ауылын абаттандыру бойынша келесі жұмыстар атқарылды:

-        Сана би көшесіне декоративті темір-бетонды қоршау орнату 6095,0 мың теңге;

-        «Алаш алаңына» темір қоршау орнату және бояу жұмыстары 1072,0 теңге;

-        М.Шорин көшесіне темір қоршау орнатуға 1211,0 мың теңге;

-        Үйлердің реттік санын жаңарту және жарықтанған жарнама щитін орнатуға 838,9 мың теңге;

-        Ж.Ақбай көшесінің көше жарықтарын ағымдағы жөндеуге 1068,5 мың теңге;

-        Ә.Бөкейхан көшесі бойындағы су ағатын темір-бетон лотоктарын ағымдағы жөндеуге 128,3 мың теңге;

-        Қатты тұрмыстық қалдықтарды көметін аумақты тазалап тегістеуге 1527,3 мың теңге.

Сонымен қатар ағымдағы жылы демеушілер қаражаты есебінен                  8 млн теңгеге Ақтоғай селосы К.Байсейітова көшесінде орналасқан 2 қабатты үш тұрғын (№44, 43, 39) үйдің қасбетіне ағымдағы  жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеуден өткен көппәтерлі тұрғын үйлерді коммуналдық меншікке алып, қызметтік тұрғын үй нысанына ауыстыру жұмыстары қолға алынуда.

Ақтоғай ауылы әкімі аппаратының қолма-қол ақшаны басқару шотына (КСН) түскен қаражат есебінен Бөкейхан көшесіне 6 млн 393 мың теңгеге 1054 шаршы метр жерге брусчатка төселіп, электр бағаналары, гүлзарлар орнатылды.

  Жергілікті бюджеттен Нүркен, Тораңғалық ауылдық округі әкімі аппараттарының ғимараттарын ағымдағы жөндеуден өткізуге 12 млн 382 мың теңге, Тораңғалық ауылына декоративті қоршаулар орнатуға 5 млн теңге қаржы қаралып, жұмыстары толығымен аяқталды.   

Осы жұмыстың бәрі халық  үшін, оның игілігі үшін жасалуда. Осы жерде менің  аудан әкімі ретінде үлкен бір міндетім, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл салада аудандық ішкі істер бөлімінің, ЖПҚ тарапынан біраз  жұмыстар атқарылуда.

2016 жылы ауыр қылмыс түрлерінің тіркелуі-9, ашылуы 62,5  пайыз (2015ж.-8-71,4 пайыз), аса ауыр қылмыстар 2016 жылы 2, ашылуы 100,0 пайыз (2015ж.-2-100,0). Бұның бәрі тек қана құқық қорғау орындарының ғана құзырындағы мәселе емес, қоғам болып, отбасы болып бақылауда ұстап, қадағалап отыратын мәселе.

Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерімен 2016 жылы 902 құқық бұзушылық анықталып, өткен жылмен салыстырғанда (2015 жылы 947) төмендеген.

2016 жылы салынған айыппұл 8115194 теңге, оның ішінде өндірілгені 5156389 теңге,  яғни 63,5 пайыз құрайды (2015-59,9 пайыз).

Кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыстылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2016 жылы кәмелетке толмағандар істер жөніндегі  учаскелік полиция инспекторларымен  басқа да қызмет салаларымен бірлесе отырып жоспарлы түрде  «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Жазғы демалыс» «Кальян» атты жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді. Жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралар барысында 62 құқық бұзушылық фактісі анықталды,               

Жыл басынан барлығы 15 жасөспірім,  13 «жайсыз отбасы» және «міндетті білім алудан жалтарушы», қылмыс санатымен 2 жасөспірім аудандық ІІБ  есебіне қойылды.  Есептегілер тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Жоғарыда айтылған  ауқымды  жұмыстар  мен Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді халыққа жеткізіп, оны насихаттауды дұрыс ұйымдастыра білу, ауданда жұмыс жасайтын ақпараттық насихат топтарының  тұрғындармен тиімді пәрменді және жүйелі түрде қарым-қатынас орнатуы бүгінгі заман талабы. Бұл ішкі саясат бөлімінің басты міндеті.

Елбасы жолдауын аудан бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстары бойынша 187 кездесу өткізіліп, оған барлығы 10788  адам қатысты. Елімізде болып жатқан жаңалықтармен өзгерістер туралы халықты хабардар етуде баспасөздің басым орын алатыны анық. Жалпы баспасөзге жазылу науқаны аудан бойынша орындалғанымен, келешекте саны да, сапалық жағынан да жоғары ұйымшылдықпен өткізу үрдісін ауданымызда қалыптастыруымыз қажет, әрине ең бірінші аудандық "Тоқырауын тынысы" газеті өз жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, заман талабына сәйкес облыстық, республикалық БАҚ-мен тығыз байланыста болып, көш соңында қалмауы керек. Журналистер алдында тұрған міндеттер ауқымы үлкен.

         Әлемдік дағдарыс жағдайында Президентіміздің әрқашанда сенімді тірегі «НұрОтан» партиясы екенін бәріміз жақсы білеміз. «НұрОтан» партиясы шын мәнінде халықтың сеніміне ие болған саяси ұйым. Аудан бойынша өткен жылы партия құрамына 310 адам қабылданып, 3 семинар, 2 саяси кеңес, 4 саяси бюро отырыстары өткізілді.

"Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы аталған барлық жұмыстарға белсене ат салысып, партиялық жіті бақылау орнатып, билік пен халықтың арасындағы дәнекер болып, елдің ынтымақ бірлігін сақтауда көп жұмыс атқаруы керек.

Қоғамдағы қауіпсіздік ұлтаралық және діни ахуалмен тікелей байланысты. Аудан халқының ұлттар бойынша құрамы келісідей: қазақтар саны 18174 бұл жалпы тұрғындардың 98% құраса, орыс  ұлты 271 адам  1,5 % құрайды, басқа ұлт өкілдерінің саны 0,5 % құрайды.

Діни құрам бойынша мұсылмандар жалпы халықтың 98,2 % құраса, христиандар 1,8 % құрайды.

Аудан көлемінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 11 мешіт жұмыс жасайды. Бұл мешіттердің барлығы әділет басқармасына тіркелген. Сырттан  миссионерлік қызмет жасап жүрген азаматтар анықталған жоқ.

Радикалды ой-пікірлердің, діни экстремизмнің алдын алу және болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыстар ұйымдастырылуда.

2016 жылы арнайы аудандық бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде Қарағанды қаласының «Нұрлы Білім» қоғамдық ұйымымен келісім шартқа отырып, діни ағымның жетегінде жүрген азаматтармен адрестік жұмыстар, 4 семинар –тренинг өткізілді. 2016 жылы аудандық дін мәселесі бойынша ақпараттық – насихаттау тобы  17 кент, ауылдық округте «Дінаралық татулық ел тұрақтылығына жетелейді» тақырыбында мектеп оқушылары және жастар арасында 21 кездесу өткізді. Барлығы  1456 адам қамтылды. Аудан бойынша ұлтаралық және діни ахуал тұрақты.

Қоғамдық және Діни тұрақтылықтың сақталуында қоғамдық ұйымдардың оның ішінде Ардагерлер ұйымының өзіндік орыны және ықпалы барын айту керек. Өмір көрсетіп жүргендей салиқалы, сабырлы, көргені мол, айтар ақылы көп ардагер қариялар жүрген жер инабаттылықтың, имандылықтың  қалыптасуына  жақсы ықпал етері сөзсіз.

Аудандағы қоғамдық саяси ахуал өткен жылдың қорытындысымен оң бағалауға тұрады. Аудан бойынша әлеуметтік –саяси ахуалға зерттеу және талдау жүргізу мақсатында тұрғындардан сауалнама алынып отырады. Сауалнамаға өткен жылы 5000 адам қатысты. Қорытындысы бойынша еліміздің дамуына сенім білдіретіндігін және мемелекет тарапынан қолдауды уақытылы көретіндігін сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 92 пайызы көрсетті.  Бұл жақсы көрсеткіш.

Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды, ана мен бала денсаулығын, мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған гендерлік саясатты насихаттау мақсатында ауданның 16 елді мекенінде «Аналар әлемнің тұтқасы тақырыбында» дөңгелек үстелдер өткізіліп, түйіткілді мәселелер аудан орталығында «Әйелдер жаңа жаһандық әлемде» тақырыбында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Г.Бижанованың қатысуымен өткен облыстық конференцияда қорытындыланды.

Еліміздің болашағын ойлағанда ең алдымен жастар мәселесі, олардың жұмыспен қамтылуы басты назарда болуы тиіс. Жастар жай ғана қоғамдағы адамдар санатының белгілі бір тобы ғана емес, олар – жас қуаттың, еңбек көзінің, идеялар мен тың ұсыныстардың бастамашысы, қоғамдағы қозғаушы күш, халықтың ең белсенді тобы.

Ақтоғай ауданы бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны 3480 адам. Оның ішінде Мемлекеттік қызметтегі жастар саны-54, әскер қатарындағы жастар саны-56,  тұрақты жұмыс істейтіндер саны-912 қоғамдық жұмыстағы жастар саны-39, жұмыссыз жастар саны-70, оқушылар-948, студенттер-829, мүгедек жастар саны-40, кәсіпкер жастар саны-37, мұғалімдер саны-107, дәрігерлер саны-27.

 «Дипломмен ауылға»  бағдарламасы аясында өткен жылы 16 жас маманға 47831,5 мың теңге тұрғын үй несиесі, 6 маманға 890,8  мың теңге көтерме жәрдемақы берілді.  Оның ішінде: білім беру саласынан – 12 маман;  денсаулық сақтау саласынан – 2 маман; спорт саласынан - 1 маман; әлеуметтік қамсыздандыру саласынан 1 маман.

 Жастардың қатысуымен 81 спорттық, мәдени, дін тақырыбында іс шаралары өткізіліп, 2110 жас қамтылды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу күн тәртібінен түспейтін мәселе. Апат айтып келмейді. Оқиғалардың басым бөлігі  жылда қайталанатын дала өрттері, өткен 2016 жылдың өрт қауіпті маусымында орын алған дала өрттерінің саны 2015 жылымен салыстырғанда 26-дан 6-ға дейін, яғни – 76,9 пайызға азайып отыр.

Аудан аумағында 2016 жылдың есептік кезеңінде 3 ТЖ тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып отыр. Олар: судағы оқиға 1, көлік оқиғасы 1, эпизотиялық жағдай 1.

Барлық деңгейдегі әкімдер мен басшылардың елмен заңды жұмыс жасауының бір көрсеткіші, елдің арыз-шағым, өтініш-тілектеріне байланысты . 2016 жылы аудан әкімі аппаратына 641 өтініш қабылданды, оның ішінде жеке тұлғадан-556, заңды тұлғадан-85, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 20,5%-ға төмендегенін көрсетеді. Пайыздық мөлшердің төмендеуі тұрғындардың проблемалық сұрақтарының уақытылы шешіліп, атқарушы билік жұмысы сапасының жақсарғанын көрсетеді.

Өтініштердің басым көпшілігі жер мәселесі, тұрғын үй беру, жұмыс мәселелеріне байланысты түскен.

Өткен жылы аудан әкімінде-98 адам, орынбасарларда-26 адам, аппарат басшысында-4 адам қабылдауда болып, мәселелері шешіліп,  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Облыс әкімдігінен 282 хаттамалық тапсырма келіп, оның 243 орындалып, 39 бақылауда тұр.

    Өткен жылы аудан әкімі 277 тапсырма беріп, оның 246 орындалды, 31 орындалу мерзіміне сәйкес бақылауда.

Жоғарыда айтылған жұмыстардың бәрін атқаратын, жүзеге асыратын, реттейтін - кадрлар. Біздің басты мақсатымыз білімді де білікті жастарды қызметке кеңінен тарту. Ауданның келешегі үшін, білімді жастардан кадр резервін дайындау кезек күттірмейтін басты міндеттердің бірі.

Ақтоғай ауданы әкіміне қарасты 155 мемлекеттік қызмет штат бірлігінің 137 нақты жұмыс жасауда. Жыл баснынан өткізілген конкурстар негізінде 41 бос орын толықтырылды.

Кейінгі үш жылда 70-ке жуық жас маман жұмысқа алынып, 23 жас маман басшылық лауазымға тағайындалды.

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района