в актогае 20
USD 386.91
EUR 428.81
RUB 5.79
Мобильная версия

2018 жылдың атқарылған жұмыстар жөнінде мәлімет

Жолдар бойынша атқарылатын жұмыстар:

Аудан көлемінде облыстық маңызды 389 шақырым жол бар. Ол Ақтоғай-Нүркен-Астана-Алматы трассасына дейін – 99 шақырым, қалған 287 шақырым Просторный-Жарық-Ақсу-Аюлы-Ақтоғай-Балқаш жолы. Шашубай 0-3 шақырым. (асфальт бетонды-19 шақырым, қара щебенді 150 шақырым, ақ щебенді жол 220 шақырым). Аудандық маңызда-296 шақырым жол бар.

Бөлім арқылы «Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына» 2018 жылға жолдарды жөндеуден өткізуге құны 360 млн. теңге болатын бюджеттік өтінім тапсырылып, бекітілген. Бұл облыстық бюджет арқылы. Нақтылап айта кететін болсақ, аудандық маңыздағы ұз. 63 км. болатын Ақтоғай-Шылым-Ақжарық бағытындағы жолды орташа жөндеуден өткізу (құны 110 млн.), аудандық маңыздағы ұзындығы 145 км. болатын Нарманбет-Айыртас бағытындағы жолдын 30 шақырымын ағымдағы жөндеуден өткізу (құны 30 690,0 тг), аудандық маңыздағы Бектау-Ата елді-мекеніне баратын ұзындығы 12 км. жолды ағымдағы жөндеуден өткізу (құны 16 000,0 тг) және Ақтоғай ауылының көше-ішілік 3 жолын орташа жөндеуден өткізу, олар Еркін Ел құны (35 210,0 тг), К.Нуржанов (құны 39 645,0 тг) және Жидебай (құны 40 532,0 тг) көшелері. Сарышаған кентінінің Теміржол көшесінің жолын орташа жөндеуден өткізу (45 000,0тг) және Шашубай кентіндегі Ихамбаев Және Ақбергенов көшелерінің жолын ағымдағы жөндеуден өткізу (құны 19 883,0 тг) жоспарда.

Және аудандық бюджет арқылы Балқаш-Саяқ бағытындағы жолға құны 15 млн.теңге болатын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда.   

Бүгінгі күнге Ақтоғай ауылының көше-ішілік жолдарын Еркін Ел, К.Нуржанов және Жидебай бойынша конкурс жеңімпазы «ЖолдарГруппКз» ЖШС-і.

Аудандық маңыздағы Бектау-Ата елді-мекенінің, Нарманбет-Айыртас бағытындағы жолдар бойынша конкурс жеңімпазы «Нұрасыл и К» ЖШС-і.

Шашубай кентіндегі Ихамбаев Және Ақбергенов көшелері бойынша «Тастемір» ЖШС-мен келісім-шартқа отырды. Шашубай кентіндегі Ихамбаев Және Ақбергенов көшелері бойынша «Тастемір» ЖШС-мен келісім-шартқа отырды. Орташа жөндеу жұмыстары 20-шы сәуірінен 5-ші мамыры аралығында жүргізіліп, бүгінгі күні пайдалануға берілді.

Аудандық маңыздағы Ақтоғай-Шылым-Ақжарық бағытындағы және Сарышаған кентінінің Теміржол көшесінің жолын орташа жөндеуден өткізуге конкурс қайта жарияланған, қортындысы мамыр айының ортасында шығады.

Құрылыс бойынша                   

         -Аудандық бюджеттен Сарытерек ауылындағы мал қорымының құрылысына 7,6 млн тг, Шабанбай би ауылындағы мал қорымының құрылысына 8 млн тг бөлінді.

         -Кежек және Жалаңаш ауылындағы мал қорымының құрылысына жобалау сметалық құжаттама дайындауға 2,38 млн теңге қарастырылған.

         -Ж.Шайдаров атындағы саябағын қайта жаңарту үшін жобалау сметалық құжаттама дайындауға 7 млн теңге

         -Ақтоғай ауылының стадионын қайта жаңарту үшін жобалау сметалық құжаттама дайындауға 3,8 млн теңге бөлінді.

         Бүгінгі күнге Сарытерек ауылындағы мал моласының құрылысын 4,034 млн теңгеге жеке кәсіпкер Мырзабеков Ж.М. және Ж.Шайдаров атындағы саябағын қайта жаңарту үшін жобалау сметалық құжаттама дайындауға Ақтөбе қаласынан «DAB LTD» ЖШС жеңімпаз болып танылды.

         Кежек және Жалаңаш елі мекендеріндегі мал қорымына жобалау сметалық құжаттама әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алуға бірде бір өтінім түспеуіне байланысты өтпеді деп танылды.

         Ақтоғай ауылының стадионын қайта жаңарту үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлеуі бойынша бүгінгі күнде өтінімдер қаралуда (қатысушылар: «Қостанай стройпром-проект» және «Диана-Л» ЖШС-тері)

         Әлеуметтік нысандар құрылысы:

         -«Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы құрылыс құны 1 494 871,694 мың теңге болатын Сарышаған кентіндегі 464 орынға арналған мектеп құрылысы 2017-2018 жылдарға жоспарланған. 2017 жылға бөлінген қаржы 632 млн 526 мың теңге толықтай игерілді. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес орындалуда. Аяқталу уақыты ағымдағы жылдың маусым айы. 2018 жылға 868 млн теңге қарастырылған, бүгінде 335 млн теңгесі игерілді.

         Тұрғын үй құрылысы:

         Бүгінгі күнде тұрғын үй құрылысына 2 жоба бойынша облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім тапсырлған:

-Ақтоғай ауылы, Сана би көшесіне 3 қоспәтерлі бірқабатты тұрғын-үй құрылысы. Құрылыстың сметалық құны 70,129 млн теңге.

-Ақтоғай ауылы 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын-үй құрылысы. Құрылыстың сметалық құны 171,610 млн теңге.

         Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен

- 2 қоспәтерлі бірқабатты тұрғын үй құрылысына 51 млн теңге, мемелекеттік сатып алу рәсімдері бойынша өтінімдер қаралуда.

-Ақтоғай ауылы, Сана би көшесіндегі 2 қоспәтерлі тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 1,7 млн теңге қаралған. Жобалаушы «КарГорСельПроект» ЖШС.

- Ақтоғай ауылы, Сана би көшесіндегі 2 қоспәтерлі тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысына 11,3 млн теңге.

-солтүстік-батыс мөлтек ауданындағы 16 көппәтерлі және 30 бірпәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 16,3 млн теңге. Жобалаушы «ПроектЭнергоСтрой-НС» ЖШС.

-солтүстік-батыс мөлтек ауданындағы 16 көппәтерлі және 30 бірпәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымына (тоқ жүйесіне) жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 11,2 млн теңге қаралған. Жобалаушы «СтройБизнесКонсалтинг» ЖШС.

         Төмендегі дайындалған жобалау сметалық құжаттамалар бойынша мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп жеңімпаз анықталды.

-Ақтоғай ауылы, Оразалин көшесіне 3 қоспәтерлі бірқабатты тұрғын-үй құрылысы.

-Сарышаған кентіндегі 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын-үй құрылысы

және Ақтоғай ауылындағы жаңа солтүстік-батыс мөлтек ауданындағы

-4  16 пәтерлі 2 қабатты  тұрғын-үй мен 10 бірпәтерлі тұрғын-үй құрылысы.

Сумен жабдықтау бойынша:

Аудандық бюджеттен Ақтоғай ауылындағы кәріз жүйесінің құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 31,9 млн теңге және 4-кезекті су желісінің құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 11,2 млн теңге.

         Ақши ауылындағы су желісінің құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 6,95 млн теңге бөлінген.

Аталған жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталды.

-Кәріз жүйесін жобалаушы «Шебер» ЖШС

-Ақтоғай ауылының 4-кезекті су жүйесін жобалаушы «СтройГруппа Архитектор» ЖШС

-Ақши ауылының су жүйесін жобалаушы «СтройБизнесКонсалтиг» ЖШС.

         Аудан бойынша су жүйесінің қалыпты жұмыс жасауына аудандық бюджеттен 23,4 млн теңге қарастырылған.

Сонымен қатар ағымдағы жылы Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй коммуналық шаруашылығы басқармасына Қуаныш, Жалаңаш және Жетімшоқы елді мекендеріне ауыз су жүйесінің құрылысына жобалау сметалық құжаттама дайындауға жалпы құны 27 988,0 мың теңге болатын бюджеттік өтінім қолдау тапты. Жобалау жұмыстары үстіміздегі жылда іске асатын болады.

Тұрғын үй бойынша:

Жыл басынан бастап аудандық тұрғын үй комиссиясының шешімімен тұрғын үйге мұқтаж ретінде өтініш тапсырған 19 азамат кезекке қойылды. Оның ішінде: жетім балалар – 1, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататындар – 13, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері – 5. Жекешелендіру туралы 5 өтініш қаралып, жекешелендіруге рұқсат берілді. Шашубай кентінде тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 1 отбасына пәтер берілді.

Абаттандыру бойынша:

         Ауданның елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазарту, көгалдандыру бойынша 9 сәуір мен 1 маусым аралығында көктемгі екі айлық өткізіледі.

         Айда 14 мәрте сенбілік жүргізіледі, олар:

7 мәрте таза бейссенбі күні, 3 мәрте сенбілік, 2 мәрте жалпы аудандық сенбілік, 2 мәрте жалпы облыстық сенбілік.

       Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша барлық 17 ауылдық округте сенбілік өткізіліп, тал көшеттерін егу жұмыстары, мектеп, ойын алаңдары, мекеме маңдары, ауыл ішінің көшелері, жекелеген үйлердің маңайы, саябақтар және ауылдың сыртқы аймақтары ретке келтіріліп, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары, сонымен қатар үйлер мен мекеме қоршауларын сырлау жұмыстары жүргізілді.

         Жоспар бойынша абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары 2000 гектардан аса жерді қамту, рұқсат етілмеген 30 күл-қоқыс орындарын жою, мекеме-ұйымдардың және көше бойындағы 3000 ға жуық ағашты кесіп, әктеп, 2000 ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін екі айлық жоспар толық орындалды. Жалпы аудан бойынша 400 ге жуық мекеме-ұйымдар, 4000 нан астам адам және 40 тан астам техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы арқылы ағымдағы жылға санитарлық тазарту жұмыстарына 2 975,0 мың теңге бөлінді, яғни әрбір ауылдық округқа 175 мың теңгеден келеді.

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района