в актогае 0
USD 379.36
EUR 428.94
RUB 5.93
Мобильная версия

(21.02.2019) Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарландыруы

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-4 санатына: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

     Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

     Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

     E-G-4 санаты үшін: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. 

Мынандай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамшылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару және шешім қабылдау,көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару; 

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын сәйкес ( Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

 

Санат

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-R-4

73289

99106

E-G-4

62470

84061

«Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» ММ (100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, А.Бөкейхан көшесі, 4 үй; анықтама телефоны: 8(710-37) 2-12-65; факс: 2-12-33; электрондық пошта:Aktogay_kadr@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының босорындарына орналасуға конкурс жариялайды:

         1.«Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-інің бас маман-мемлекеттік жер инспекторы, (Е-R-4 санаты, № 1-3, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:Ауылшаруашылық мақсатындағы жерді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қолданысындағы жер учаскелерін пайдалануды ауылдық округтер бойынша талдау жүргізу үшін камералды құжаттарды зерделейді, жинақтайды және жинақталған материалдарға талдау жүргізіп, зерттейді. Жер учаскесін пайдаланушылармен шарттық міндеттемелерді орындау тұрғысынан келіссөздер жүргізеді, анықталған иесіз жер учаскелері бойынша шаралар қабылдайды, пайдаланылмайтын және ұтымсыз пайдаланылатын жерлер  бойынша материалдарды шара қабылдау үшін жолдайды.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің алдағы тексеру туралы хабарлама, тексерісті тағайындау және тіркеу, тексеріс жүргізу, тексеріс нәтижесі бойынша шаралар қабылдау жұмыстарын жүргізеді. Пайдаланылмайтын және тиімсіз пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мәжбүрлеп алып қою шараларын қолдану барысында бақылау тексеріс жүргізеді, тексерістің нәтижесі бойынша шара қолданады, арнайы жер қорына қабылдау жүргізеді.Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне, жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдануға,  жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындауға мiндеттi. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеруді жүзеге асырады Қажет болған жағдайда құжаттарды сотқа жолдайды. Сот отырыстарына қатысады. Сот отырыстарында мекеме өкілі болады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – Жоғары «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, кадастр), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия, топырақтану және агрохимия). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (жерге орналастыру, агрономия, топырақтану және агрохимия),  «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (кадастр), «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) білімдерге рұқсат етіледі;Қазақстан Республикасының«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Жер Кодексін, Заңын және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Қазақстан-2050» Стратегиясын білу.

2.“Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ-інің бас маман бас есепшісі, (E-R-4  санаты, № 3-1, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:Ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын ұйымдастырады. Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің құрылымы мен ерекшеліктеріне, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделе отырып есеп саясатын қалыптастырады. Ұйымның қызметі туралы оның мүліктік жағдайы кірістері мен шығыстары туралы толық және нақты бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және орындауды жүзеге асырады. Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуына, ұйым қызметкерлері жалақысының дұрыс есептелуіне, жалақы қорының жұмсалуына, негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатына түгендеу жүргізуге бақылауды, бухгалтерлік есеп және есептілік ұйымдарды тексеруді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі-Жоғары “Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, статистика). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “Қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша (экономика (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), статистика) білімге рұқсат етіледі.Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Қазақстан-2050» Стратегиясын білу.

3. «Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-інің жетекші маманы (E-G-4 санаты, № 4-1-2, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:Ауылдық округ әкімі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерді дайындап, рәсімдеу. Жоғарғы органдардан түскен номативтік-құқықтық актілердің орындалысын бақылау, оларға жіберілетін ақпар, мәліметтер дайындау. Қазақстан Республикасының заңдарын жүйелеуді жүргізу. Қолданыстағы заңдардағы өзгертулер мен толықтыруларды ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін жеткізу.Аудан әкімдігінен, аудандық мекемелер мен ұйымдардан келіп түскен өкім, шешім, хаттар,  нұсқаулардың мерзімінде орындалуын қадағалап, тиісті жауабын беруді бақылау, Ауылдық округ  әкімінің өкім, шешімдерін шығару, шығарған өкім, шешімдердің орындалысын бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасау. Ауылдық округтің ауылшаруашылығы саласы бойынша дамуына талдау жасап, ұсыныстар беру.Кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға байланысты бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауды ұйымдастыру.Ауылдық округтегі мектептермен, жастар ұйымы, қоғамдық ұйымдармен, білім ошақтары, жастар-жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету.Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру. Ауылдық округ әкімі аппаратының жедел кеңесін, жиналыстарын әзірлеу және хаттаманы жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі-Жоғары “Білім” мамандықтары бойынша немесе “Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “Құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “Білім” мамандықтары бойынша немесе “Қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша немесе “Құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) білімдерге рұқсат етіледі.Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Қазақстан-2050» Стратегиясын білу.

4. «Айыртас ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-інің жетекші маманы (E-G-4 санаты, № 5-1-2, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:Ауылдық округтегі мектептермен, жастар ұйымы, қоғамдық ұйымдармен, білім ошақтары, жастар-жасөспірімдермен жұмыстар жүргізу және байланысты қамтамасыз ету.Ауылдық округ әкімі өткізетін кеңес, жиналыс, кездесулерді және басқадай мәдени-спорттық т.б. шараларды ұйымдастыру.Іс номенклатуралары бойынша іс жүргізу жұмысын жүргізу, мұрағатқа тапсыруға әзірлеу, тапсыру.Қазақстан Республикасының  заңдарын жүйелеуді жүргізу.Қолданыстағы заңдардағы өзгертулермен толықтыруларды ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін жеткізу.Ауылдық округ әкімі аппаратының жедел кеңесін, жиналыстарын әзірлеу және хаттаманы жүргізу.Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс жұмысты жүргізу, мерзімді баспасөз беттеріне мақалалар жіберу.Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарын жүргізу және заң талаптарына сай болуын қадағалап отыру.Мемлекеттік тілдің іс жүргізу барысында дұрыс қолданысын қадағалап отыру, мемлекеттік тілді насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу.Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылғандар бойынша есеп беру жұмыстарын жүргізу.Өзіне қарасты салалар бойынша статистикалық есептілікті жүргізу, талдамалық қорытындылар жасау. Жоғарыда тұрған тиісті мекемелерге есептер беру.      Ауыл тұрғындарының  арасында ветеринария мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі-Жоғары “Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “Ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аграрлық техника және технология, зоотехния) немесе “Білім” мамандықтары бойынша немесе “Құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе “Ветеринария” мамандықтары бойынша (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария) немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “Қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша немесе “Ауылшаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ауыл шаруашылығын механикаландыру, зоотехния, ветеринария: ветеринарлық фельдшер, ветеринарлық техник, ветеринарлық фельдшер-инспекторы) немесе “Құқық” мамандықтары бойынша (құқықтану)білімдерге рұқсат етіледі.Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Қазақстан-2050» Стратегиясын білу.

5. «Қараменде би ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-інің жетекші маманы (E-G-4 санаты, № 8-1-3, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері:Аппараттың іс-қағаздарын жүргізу, қажетті ақпар, мәліметтерді дайындау, мұрағатқа тапсыруға әзірлеу, тапсыру. Өкім, шешімдерді рәсімдеу. Азаматтардың өтініш-хаттарымен жұмыс. Ауылдық округ әкімінің шаруашылық кітаптарын (Ауыл тұрғындарын және олардың малдарын шаруашылық кітабына есепке алу, шығару, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру, кешенді шаралар жүргізу)Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген топтарына атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысын, тұрғын-үй жәрдемақысын, біржолғы материалдық көмек алу үшін, құжаттарын қабылдап, уәкілетті органға ұсынып отыру. Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдар арқылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуге жәрдемдесу.Коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, автокөлік жолдарының салуынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуінжәне күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру..

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 

Білімі-Жоғары “Гуманитарлық ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе “Білім” мамандықтары бойынша немесе “Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша немесе “Ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аграрлық техника және технология, зоотехния) немесе “Техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “Гуманитарлық ғылымдар” мамандықтары бойынша немесе “Білім” мамандықтары бойынша немесе “Қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша немесе “Ауылшаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ауыл шаруашылығын механикаландыру, зоотехния) немесе “Техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша (салалары бойынша)білімдерге рұқсат етіледі.Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазым мамандығына сәйкес облыстағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты: «Қазақстан-2050» Стратегиясын білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» MM құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде  тапсырады.

Құжаттар электронды түрде «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» MMэлектрондық почтасы не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi  әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттың ішінде кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» MMөтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

_________________________________

 (мемлекеттік орган)

 

 

 

Өтініш

 

 

 

Мені______________________________________________________________

__________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны__________________________________________________________

__________________________________________________________________

 

___________                ________________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/

цветное,
3х4)

________________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

11.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

 

22.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

 

33.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

44.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

55.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

 

66.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

77.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

88.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

99.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

 

_______________

күні/дата

       

 

 

E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района