в актогае -2
USD 375.90
EUR 426.65
RUB 5.82
Мобильная версия

Аудан әкімінің орынбасарлары

Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары 
Кошантаев Кайрат Жакыпбайулы

Кошантаев Кайрат Жакыпбайулы 09.10.1959 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Нүркен селолық округіне қарасты Бірлестік елді мекенінде дүниеге келген. 1982 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы инситутын бітіргеннен кейін, институт жолдамасымен оқытушы және өндірісті оқыту шебері болып еңбек жолын бастаған. Одан кейін 1983-1987ж.ж. Ақтоғай орта кәсіптік техникалық училищесі директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, 1989-1994ж.ж. «Ақтоғай аудандық агроөнеркәсіптік техника» мекемесінде төраға, 1994-2003ж.ж. «Сәуле» АҚ-ның президенті, 2003-2005ж.ж. «Валют-Транзит Микрокредит» ЖШС директоры қызметтерін атқарған. 2006-2007ж.ж. Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі лауазымында қызмет жасаған. 2007 жылдың 12 шілдесінде Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 
(ka.koshantaev@karaganda-region.gov.kz)

 

Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары
Нөкеш Қайрат Оразұлы

Нөкеш Қайрат Оразұлы 1966 жылы 29 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Целиноград ауылшаруашылығы институтын «Зооинженер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Қоңырат кеңшарында ветсанитар болып бастаған. 1990-1992ж.ж. Ақтоғай ауданы Қоңырат кеңшарында кіші комсомол хатшысы, 1992-1995ж.ж. аудан әкімі аппаратының әлеуметтік және өндірістік ифрақұрылым бөлімінің референті, 1995-1996ж.ж. аудан әкімі орынбасарының кеңесшісі, 1996-2001ж.ж. аудандық жастар ісі, туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі болып қызмет жасаған. 2001-2005ж.ж. аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, 2005-2012ж.ж. Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған. 2012 жылдың 2 қазанында Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.  (ka.nokesh@karaganda-region.gov.kz)

 

Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары
Аманжолов Абылай Базылұлы

Аманжолов Абылай Базылұлы 16.11.1984 жылы туған. 2005 жылы Қарағанды Экономикалық университетін, 2008 жылы "Фемида" заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. Жастармен жұмыс жасау орталығының директоры, Қарағанды облыстық олимпиядалық резерв даярлау  орталығының менеджері, Абай қаласы әкімі аппаратының бас маманы болып қызметтер атқарған. 2015 жылдың қаңтар айынан 2017 жылдың маусым айы аралығында Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2017 жылдың 6 маусымында Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
(ab.amanzholov@karaganda-region.gov.kz)

 

Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысы
Әмірғасым Берікбол Қуандықұлы

Әмірғасым Берікбол Қуандықұлы 1984 жылы 28 қыркүйекте Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген. 2001-2006ж.ж. Қарағанды мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2006 жылы Ақтоғай селосы әкімі аппаратында бас маман болып бастаған. 2007-2012ж.ж. Ақтоғай аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы болып қызмет жасаған. 2012 жылдың 24 ақпаны 29 қазаны аралығында Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. 2012-2014ж.ж. Ақтоғай ауданының әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық жұмыстар бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған. 2014 жылыдың 10 қыркүйегінде Ақтоғай ауданының әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. (be.amirgasym@karaganda-region.gov.kz)

 
E-GOV - Электронное правительство Республики КазахстанУзнать больше
Карта района